КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Аудан туралы

Жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер Аудан тарихынан: Бородулиха ауылы ХIХ ғасырдың екінші жартысында құрылды. 1917 жылға дейін Бородулиха кәдімгі үлкен ауыл болды, осындай ауылдардың көбі Оралдан шығысқа дейін көп болды. Сонымен қатар, бұнда басқа да ерекшеліктер болды, олар барлық совет кезеңіне үлкен үлес қосты.
Осы ерекшеліктерге жататындар: біріншіден, әкімшілік қатынастағы шекті жағдай; екіншіден, халықтың көп ұлтты құрамы; үшіншіден, шағын аудандағы географиялық орналасуды анықтайтын, жерді пайдалану сипаты.
Әкімшілік бөлу бойынша Бородулиха Змеиногорский уезінің Томск губерниясына жатты және болыстық орталық болған. Осылайша, егер Сібір Ресейдің шеті болса, ал Бородулиха шеттің шеті болды.
Ауылдық экономикалық қиындығы Змеиногорскіге емес, Томскіге де емес, Семейге жақын болды. Змеиногорск сол кезде кішігірім қалашық уезі болды, ол жерге шараулар бармайтын.
Бүкіл Сібірде сияқты Бородулиха ауылының шаруалары жерге деген жеке меншікті білмеген. Жер қоғамдық иеленуде болды, бірақ жеке меншік пайдалануында.

Жалпы мәлімет: Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылды. Әкімшілік орталық – Бородулиха ауылы. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы Өскемен қаласының орталығынан 200 шақырымға шалғай орналасқан, жақын арадағы темір жолға дейінгі ара-қашықтық – 25 шақырым. Жалпы алаңы – 698992 га, оның ішінде орман – 87773 га алып отыр, судың астында – 14301 га орналасқан.
Бородулиха ауданы солтүстіктен Ресей Федерациясы Алтай өңірімен, шығыстан – Шемонаиха ауданымен, батыстан Бесқарағай ауданымен, оңтүстіктен Семей қаласымен шекаралас.
Аудан аумағынан темір жол және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді.
Бородулиха ауданының қойнауында полиметалдық кендері бар. Концентрантта мыс және мырыштан басқа алтын, кадмий күміс бар, сонымен қатар сирек және шашыраңқы элементтер бар.
Ауданның аумағында шикізат қоры бар, олар құрылыс материалдарын өндіру үшін негіз болып табылады; балшық – кіріпіш және тас – қиыршықтас жасау үшін.
Бородулиха ауданының орманында жидектер, саңырауқұлақтар, емдік шөптер де аз емес. Жыл сайын ауданда 50 мың текше метр ағаш материалы жасалады.
Жабайы аңдардан орманда: сілеусін, қасқыр, қарсақ, түскі, тиын, борсық, сасықкүзен, ондатр, қоян; тұяқтылардан: бұғы, елік бар.
Күрт континентальдық климат. Қысы ызғарлы, жазы суық. Қаңтар айының орта жылдық температурасы – 17 градус, шілде айында +20 градус. Елді мекендер – 66. Ауданның әкімшілік құрамында 18 ауылдық округ және 1 кенттік округ бар.
2010 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша ауданда 39,2 мың адам тұрады, 30 астам ұлт бар. Халықтың жалпы санына қазақтар – 28,4 пайыз, орыстар – 55,6 пайыз, немістер-11,1 пайыз.


 Өнеркәсіп:
Бородулиха ауданында өнеркәсіп тау-кен кәсіпорнының «Корпорация Казахмыс» «Жезкент КБК» ЖШС филиалымен және өндіру шағын цехтары қатарынан ұсынылады. Бүгінгі таңда Жезкент тау-кен комбинаты Шығыс Қазақстан облысында, сонымен қатар Қазақстан Республикасында да түрлі-түсті металлургияның флагманы болып табылады. «Корпорация Казахмыс» «Жезкент КБК» ЖШС филиалы ҚР және Ресей Федерациясы Алтай өңірінің шиеленісуінде орналасқан. Кен қазу бойынша бірінші кезек 1977 жылы енгізілді. 1988 жылдың желтоқсанында мыс және мырыш концентранттарын тапсыру бойынша іске қосатын кешеннің бір бөлігі іске қосылды. Жезкент КБК 1994 жылдың 25 қаңтарында акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 1997 жылдың ақпанынан бастап комбинат «Самсунг Дойчланд ГмбХ» сыртқы басқармаға берілді және «Казахмыс» корпорациясының құрамына кіреді. (2001 жылдың сәуірінен бастап Жезкент КБК 90 пайыз акциясы «Самсунг Дойчланд ГмбХ» корпорациясымен сатып алынды).
1992 жылдан бастап комбинатпен бірге «Тампак» фирмасымен өзі жүретін таулы-шахталы жабдықтармен машина паркі жаңартылды.
Қазіргі кезде комбинат кен қазуды көтеру тәсілімен және мыс және мырыш концентранттарын шығарумен оны байытумен айналысады.
Комбинатпен барлық әлеуметтік және коммуналдық сала ұсталады, кәсіпорынның теңгерімінде екі балабақша, оған 500 астам бала қатысады, жасанды су қоймасы, металлург сарайы, кафе, емдеу-сауықтыру орны тұр, жазғы кезеңде балалар үшін жазғы лагерь жұмыс істейді.
1999 жылы Новошульба СЭС электр беру желісі салынды, ол Ресейдің электрмен жабдықтауынан тәуелсіз болуға мүмкіндік берді. Сол жылы байыту фабрикасының қоспаларды пайдаланумен бетон-құю кешені іске қосылды, ол да Ресей аумағынан құм қазу және сұрыпталған қалдықтан бас тартуға мүмкіндік берді.
Өңдеу саласын дамыту арқылы Бородулиха ауданынданан-тоқаш өнімдері, сүт өнімдері, шұжық және ет өнімдері, ұн, күнбағыс майы және жармалар өндіріледі. Халықтың азық-түлік өнімдерінде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ет, астық, жарма, сүт өндіру ұйымдастырылды, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша шағын цехтардың қатары ұйымдастырылды. Тауарды өндірушілерден тұтынушыларға дейін жеткізуде делдалдарды қысқарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер төмендетілген бағамен өздерінің жеке меншік сауда нүктелері арқылы өнімді жүзеге асырады.


 Ауданның шағын бизнесін 270 дүкен, іс-әрекет етіп тұрған «Ардагер» дүкенінің 88 әлеуметтік бөлімі және Жезкент кентінде «Ардагер» әлеуметтік дүкені, 19 дүңгіршек, 11 ЖҚС, 6 ТҚС, 19 дәріхана дүңгіршектері (оның ішінде Жезкент кентінде әлеуметтік дәріхана және Бородулиха ауылында әлеуметтік бөлімше), 14 шаштараз, 2 фотосалон, 3 компьютерлік клуб, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша 2 цех, жиһазды тарту бойынша 1 цех, аяқ-киім жөндеу бойынша 1 цех, 2 қонақ үй, 2 стоматология кабинеті, қоғамдық тамақтанудың 34 пункті (асханалар, кафелер, барлар), 2 бөлшек нарығы, 7 тігін ательесі.


Ауданның агроөнеркәсіп кешені 495 ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіреді, оның ішінен 482 шаруа қожалықтары,  негізгі бағыттары астық және май тұқымын, шілкелдеуікті өндіру, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылықты дамыту болып табылады.
Ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрғындардың азық-түлік тұтынушылықғын қанағаттандыру үшін қзмет етеді. 
2010 жылы егістік алқаптар 272000 га болды. Жаздық бидайларды егуге  астықтың барлық алқабынан 64 пайыздан астамы бөлінеді, жарма дақылдары – мал жемі 13 және 14 пайыз жерді қамтиды.
Күнбағыстың жинау алқабы 103560 га.
2011 жылдың 1 сәуіріне Бородулиха ауданы бойынша барлық санаттағы мал: ІҚМ – 42430, қой және ешкілер – 36688, шошқа – 14045, жылқы – 3848, құс – 73151. 
1499,8 тонна ет, 7972,6 тонна сүт, 1545,3 мың жұмыртқа өндірілді.


Атақты жерлестер:
Біздің аудан ерекше, адамдар да мұнда бірыңғай емес. Олардың ерекшеліктері – ынталы және жігерлі.
Еңбекте және екінші дүниежүзілік соғыс майданында өздерін көрсеткен ауылдастардың үлкен және атақты қоғамының арасында Социалистік Еңбек Ерлері В.В.Еременко, В.И.Панасевич, Н.И.Покатаева, М.К.Янушкин, П.В.Первак атты азаматтардың аттары аса құрметпен және махаббатпен аталады.
Біздің жеріміз ауданнан шыққан қандастарымыз Б.К.Сыбанов, Г.С.Косанов, М.Е.Ешекеев, Т.И.Аманов, С.К.Машаков, Г.В.Майер, М.С.Панин сынды азаматтарды үлгі тұтады. генерал-лейтенант М.К.Меркулова, М.А.Абеулова, С.Н.Борозенец, И.Т.Гулькина, Ю.Ф.Занудина, И.В.Косенкова, Ф.Я.Середина, жауынгерлік ақатың үш орденінің кавалері П.Борков Кеңес Әскерінің Ерлері туралы жерлестеріміз аса құрметпен айтады.


Мәдениет:
Ауданда 30 мәдениет нысандары жұмыс істейді. Бұл аудандық Мәдениет үйі, 6 ауылдық клубтар, 1 электрондық кітапхана, 22  кітапханалар, олардың 14 мектептермен қосылған. 2010 жылы Михайличенково ауылында ауылдық кітапхананың ашылуы есебінен кітапханалар жүйесінің кеңейтілуі болды, 2011 жылы Зубаир және Буркотово ауылдарында ауылдық кітапханалардың есіктері ашылды. 

Бүгінгі күні кітапхана жүесі – бұл қалыптасқан ақпараттық-әдістемелік орталық, 245 224 астам бірлік кітап қоры, оның ішінде 31728 мемлекеттік тілде.
АМҮ балаларға және ересектер үшін эстрадалық, хореографиялық, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Аудандық мәдениет үйінің жанында би ұжымдары, вокалды-аспапты ансамбль жұмыс істейді.  2004 жылы аудандық мәдениет үйінің екі ансамблі: «Гәкку» қазақ-этнографиялық, фольклорлық ансамблі және «Русские узоры» фольклорлық ансамблі Қазақстанның мәдениет Министрлігінен «Ұлттық ансамбль» атағын алды, 2010 жылы осы үлкен атақты дәлелдеді.

Білім: Бородулиха ауданының білім жүйесі 34 білім мекемесімен  ұсынылады, оның ішінде 25 орта, 4 негізгі, 5 бастауыш білім беретін мектеп, жалпы контингенті – 4746 оқушы.
Ауданда 718 баланы  қамтумен  2 мектептен тыс мекеме  қызмет етеді – КМҚК «Балалар музыка мектебі» КМҚК және  «Шығармашылық үйі» КМҚК.  Мектептен тыс ұйымдарға бөлінгенде ұстауға  38554,0 мың тенге бөлінді, оның ішінде Шығармашылық үйі бойынша  жалпы сомасы 21362,0 мың. тенге. бюджет қарастырылған болатын.
Ауданда мектепке деиінгі біліммен   3148 бала қамтылған.
Толық күн болуымен  жалпы 425 баланы қамтылған 13 кіші-орталықтарда
(2012 жылы 275 баланы  қамтылған 9 кіші – орталықта,   2013 жыл  - 375 баланы қамтыған 12 кіші-орталықтарда).  3 бала бақшада 701 бала (2012 жыл – 643 бала, 2013 жыл – 665 бала). Мектепке деиінгі біліммен қамтылу 100% құрады.


Спорт: Аудан аумағында 132 спорт ғимараты орналасқан, оның ішінде: 1 спорт кешені, 1 жүзу бассейні, 32 спорт залы, 1 шаңғы базасы, 5 ату тирі, 90 жазық құрылыстары, оынң ішінде 6 хоккей корты. 2009 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде ауданның тумасы, жеке кәсіпкер А.С.Сасыков 4 млн теңге сомасында жеке қаражатына Новошульба ауылында футбол алаңын салды және қоршады. Ағымдағы жылы Бородулиха ауылында футбол алаңын пайдалануға енгізу жүргізілуде, 2011 жылы осы жұмыстарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 77,006 млн. теңгені құрайды. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Михайличенко ауылында мәдени-сауықтыру орталығының ғимаратына жөндеу жүргізілді, 2010 жылы мұнда жаңа спорт залы ашылды. Сонымен қатар, 2010 жылы Бородулиха ауылында жаңа мектеп жанында типтік спорт залы ашылды. 2011 жылы жасанды жабындысымен шағын-футбол алаңын ашу жоспарлануда, құрылыс учаскесі анықталды, 2011 жылы 179 млн.теңге сомасында ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.  Сонымен қатар, 2011 жылы Алакөл өзеніндегі демалыс айағын құруға 1,050 млн. теңге қаражат салынды.

 

Аудандағы туризмді дамыту. Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған. Ресей Федерациясымен, Семей қаласымен, Шемонаиха, Ұлан, Бесқарағай аудандарымен шектеседі. Бұнда 15-тен астам ұлт өкілдері тұрады және қызмет етеді. Жалпы халық саны 40 мың 133 адам. Ауданның ауданы 6,9 мың шаршы шақырым. Экономикасының жетекші салалры – тау-кен өнеркәсібі,  өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы.
Ауданның негізгі бәсекеге қабілетті туристік өнімі:
- экологиялық туризм, 
- жағажайлық туризм,
- мәдени-танымдық туризм.
Белағаш, Аул ауылдарында теміржол станциялары бар, аэровокзалдар, өзен вокзалдары, аэропорттар жоқ.
Өңір аумағында 3 бақылау-өткізу кеден бекеті Семей-РФ шекарасы, Бородулиха-Жезкент, Новопокровка – Байтанат трассаларында орналасқан.
Өңірдегі ішкі туризмді дамыту мақсатында ауданда іс-шаралар жоспары әзірленген, жоспарға сәйкес жеке кәсіпкерлердің қаражаттары есебінен Шүлбі су қоймасының жағалауына жоспарлы түрде туризм және демалыс нысандарын салу жүргізілуде. Шүлбі су қоймасының жағалауында демалыс базалары орналасқан: «Шүлбі су қоймасы» ЖШС – «Нұрсұлтан»; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – «Ертіс»; «Семей» кеден бекеті.
Қазіргі уақытта Жерновка көлдерінің тамаша жағалауындағы Новошульба орман шаруашылығының демалыс базасы жұмыс істейді.
Балалар мен жасөспірімдер туризмі дамып келеді. Қоршаған ортамен, тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу, жергілікті жерде және карта бойынша бағдарлай білу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасында жыл сайын туған өлкеге 3 күндік туристік сапардың маршруттары әзірленеді.
Жыл сайын қыркүйек айында Уба-Форпост ауылында мектептен тыс балалар-жасөспірімдер туристік станциясы базасында жас туристердің слеті өткізіледі.
Ауданның үздік туристері туризм бойынша облыстық сайыстарға қатысады.

 

 

2015 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша Бородулиха ауданының кәсіпқой емес медиаторларының тізілімі

*.doc 49 kB  

 

Парақтар өзгертілді: 05-08-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018