Құрметті Бородулиха ауданының электронды әкімшілік порталына кірушілер!
Бородулиха ауданының сайтына қош келіпсіздер. Біздің аудан 1944 жылы құрылған. Аудан шығыста Шеманаиха ауданымен, батыста –Бесқарағай ауданымен, солтүстікте – Ресеймен (Алтай өлкесі), оңтүстікте Семей қаласымен шекараласқан.
Қазіргі шекара аумағы 1997 жылы Бородулиха және Новошульба аудандарының бірігу нәтижесінде, сол сияқты Жаңасемей ауданының бөлігінен құрылған.
Аудан өнеркәсіптік, сонымен қатар аграрлы экономикалық дамуда.
Өзіміздің сайтымызды құра отырып, біз барлық тілік білдірушілерге Бородулиха ауданы туралы көбірек білулеріңізге мүмкіндік жасаймыз. Мұнда сіздер атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, әртүрлі қызметтердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметтері туралы жедел және анық ақпарат ала аласыздар.
Біздің сайттан Сіздер ауданның экономикасы, әлеуметтік, мәдени өмірі туралы, қонақжайлылығы, тарихи орындары, ауылдың атақты адамдары туралы ақпараттар табасыздар.
Біз сіздерді аудандағы ресми сапарлар, жаңа тағайындаулар, басшылардың қатысуымен өткен ісшаралар, жұмыс сапарлары туралы хабардар ететін боламыз.
Ауданның атқарушы органдары ашық және айқын қағида бойынша жұмыс атқаруда. Сондықтан, біздің Бородулиха ауданының сайтына қош келдіңіздер.
Қасымов Талап Байғали ұлы
1957 жылы 10 қарашада Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында туған, ұлты – қазақ.
1980 жылы Жамбыл жеңіл және тағамдық өнеркәсіп технологиялық институтын аяқтап, инженер–механик мамандығын алды. Өзінің еңбек қызметін диплом алғанан кейін аға инженер болып Семей облыстық өндірістік нан өнімі басқармасында бастаған, 1985 жылы осы жерде өндірістік-техникалық бөлімін басқарған.
1987 жылы Бесқарағай ауданының Долон ауылындағы нан қабылдау кәсіпорынының директоры болды, 1988 жылы Бородулиха ауданының Белағаш ауылында ұқсас кәсіпорынды басқарды. 2001 жылы «Белағаш ұн комбинаты» ЖШС директоры, 2005 жылдың наурызында «СФ Песчанка» ЖШС бас директоры.
2008 жылдың 12 тамызында өңір басшысының өкімімен Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды.
Әкімдік мекен жайы: ШҚО Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
Қабылдау бөлмесі: дүйсенбі, сәрсенбі.
Қабылдау уақыты сағат 14-00-ден 17-00 дейін.
Телефон: 8(723-51)2-10-34, қабылдау бөлімі 8(723-51)2-13-31
|