Аудан әкімі

Құрметті Бородулиха ауданының электронды әкімшілік порталына кірушілер!

Бородулиха ауданының сайтына қош келіпсіздер. Біздің аудан 1944 жылы құрылған. Аудан шығыста Шемонаиха ауданымен, батыста –Бесқарағай ауданымен, солтүстікте – Ресей Федерациясымен (Алтай өлкесі), оңтүстікте Семей қаласымен шекараласқан.
Қазіргі шекара аумағы 1997 жылы Бородулиха және Новошульба аудандарының бірігу нәтижесінде, сол сияқты Жаңасемей ауданының бөлігінен құрылған.
Аудан өнеркәсіптік, сонымен қатар  аграрлы экономикалық дамуда.
Өзіміздің сайтымызды құра отырып, біз барлық тілік білдірушілерге Бородулиха ауданы туралы көбірек білулеріңізге мүмкіндік жасаймыз.  Мұнда сіздер атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, әртүрлі қызметтердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметтері туралы  жедел және анық ақпарат  ала аласыздар.
Біздің сайттан Сіздер ауданның экономикасы, әлеуметтік, мәдени  өмірі туралы, қонақжайлылығы, тарихи орындары, ауылдың атақты адамдары туралы ақпараттар табасыздар.
Біз сіздерді аудандағы ресми сапарлар, жаңа тағайындаулар, басшылардың қатысуымен өткен ісшаралар, жұмыс сапарлары туралы хабардар ететін боламыз. 
Ауданның атқарушы органдары ашық және айқын қағида бойынша жұмыс атқаруда. Сондықтан, біздің Бородулиха ауданының сайтына қош келдіңіздер.

Булавкина Ольга АлександровнаОльга Александровна Булавкина 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха ауылында дүниеге келді, ұлты – орыс, білімі – жоғары, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университетін «орыс тілі және әдебиеті», «қаржы және несие» мамандықтары бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1993 жылы бастады, мамандықтары бойынша түрлі салаларда жұмыс істеді, 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, ауылдық округтер бойынша жалпы бөлімнің бас маман-бухгалтері, қаржы-шаруашылығы бөлімінің бас маманы, «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылығы бөлімінің бастығы, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.
2019 жылдың 9 қаңтарынан бастап облыс әкімінің өкімімен Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды.

Әкінің блогы

 

Әкімдік мекен жайы: ШҚО Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  69.
Қабылдау бөлмесі: Әр сәрсенбі күні сағат 11:00 Нұр Отан партиясының ғимаратында, әр айдың 1 және 3 бейсенбі күні сағат 15:00 Жезкент кенті әкімдігінің ғимаратында.
Телефон: 8(723-51)2-10-34, қабылдау бөлімі 8(723-51)2-13-31

Бородулиха ауданы әкiмiнiң құзыретi

1. Аудан әкiмi заңнамаға сәйкес:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;
аудан бюджетінен (облыстық маңызы бар қала) қаржыландырылатын әкiм аппаратының басшысы мен оның қызметкерлерін, сонымен қатар, атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
7) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
8) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
9) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған сызбасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi; 
10) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту және құру үшін құқықтық, ұйымдастыру шарттарын құру бойынша, соның ішінде олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша төменгi тұрған әкiмдердің жұмысын үйлестіреді;
13) Төменгі тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудан әкіміне өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.

3. Аудан әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.

4. Аудан әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауапты.

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Парақтар өзгертілді: 04-07-2019