КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Әкім аппараты

Басшылар

Кинугул Қашкенұлы Бичуинов Кинугул Қашкенұлы Бичуинов – Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, 1963 жылы 15 маусымда Семей облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ, білімі жоғары. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
1984 жылы «дене тәрбиесі» мамандығы бойынша Н.К.Крупской атындағы Семей педагогикалық институтын бітірді. 2002 жылы «қаржы және несие» мамандығы бойынша жоғарғы білім базасында «Қазақстан-Американдық еркін университетін» ЖШС тәмамдады.
Өзінің еңбек жолын 1984 жылдың тамызында Семей облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылындағы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы ретінде бастады. 1986 жылдың маусымында Бородулиха аудандық атқарушылық комитетінің әкімшілік комиссиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды. 1988 жылдың қыркүйегі мен 1995 жылдың қаңтары аралығында Бородулиха ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1995 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың қыркүйегіне дейін Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. 2006 жылдың қыркүйегі мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды, 2008 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамырына дейін Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің әкімі болып қызмет етті.
Бородулиха ауданы әкімінің 2016 жылғы 3 мамырдағы №59 - ж/қ өкімімен ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық қызметтері:

Аудандық жер қатынастары; ауыл шаруашылығы; ветеринария; экономика және бюджетті жоспарлау; қаржы бөлімдерінің қызметтерін үйлестіреді. Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және игеру, ауыл шаруашылығын және ветеринарияны дамыту, қоршаған ортаны және экологияны қорғау мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіреді. Жерге орналастыру және жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы тауаларын өндіруді қаржылай қамтамасыз ету бойынша аудандық комиссияларға басшылықты жүзеге асырады. ҚР АШМ АӨК аудандық аумақтық инспекциясымен, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен, ШҚО Қазынашылық департаментінің аудандық филиалымен, аудандық статистика басқармасымен, «Семей орманы» МОТР РММ Бородулиха және Новошульба филиалдарымен өзара әрекетті қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін салалары: мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, аудан рейтингісіне және ауданның кенттік - ауылдық округ әкімдерінің рейтингісіне, облыстық та, аудандық та деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылау жасау.

Әкімдіктің мекенжайы: 070400, ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік к-сі, 69.
Телефон: 8(723-51)2-14-75.

Ерлан Жұмабайұлы Селиханов Ерлан Жұмабайұлы Селиханов - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары. 1976 жылы 10 шілдеде Ресей Федерациясы Алтай өңірінің Шипунов ауылында дүниеге келген.
Қазақ, білімі жоғары. 1998 жылы «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша «Семей» мемлекеттік университетін тәмамдады. 2001 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қазақ қаржы-экономикалық институтын аяқтады.
1998 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, бас салық инспекторы, сектор бастығы, бөлім бастығы, лауазымдарын атқарды. 2006 жылдың шілдесінен 2007 жылдың қазанына дейін Курчатов қаласының Салық комитеті төрағасының орынбасары-бөлім бастығы, төраға орынбасары болып қызмет етті. 2007 жылдың қазанынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы бойынша Салық басқармасы төрағасының орынбасары, бастықтың орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2010 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың наурызына дейін Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары болды.
2012 жылдың наурызынан 2016 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Күршім ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
Бородулиха ауданы әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі №47 ж/қ өкімімен Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық қызметтері:

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт; білім; ішкі саясат; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметтерін үйлестіреді. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жұмыспен қамту, еңбек, азаматтарды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғындардың көші-қоны және демография, мұрағаттық іс саласындағы міндеттерді жүзеге асыруды үйлестіреді, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, идеология, әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне жетекшілік етеді. Гендрлік саясат бойынша, діни бірлестіктермен байланыс бойынша аудандық кеңестерге, марапаттау бойынша, шақырту бойынша, кәмілеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша, тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселесі бойынша, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша аудандық комиссияларға   басшылықты жүзеге асырады. ШЖҚ «Бородулиха ОАА» КМК, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесімен, аудандық мемлекеттік мұрағатпен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, ұлттық-мәдени орталықтармен, аудандық «Аудан тынысы – Пульс района» газетімен, «Қазпочта» АҚ ШҚОФ аудандық пошта байланысы торабымен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін салалары: мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, аудан рейтингісіне және ауданның кенттік - ауылдық округ әкімдерінің рейтингісіне, облыстық та, аудандық та деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылау жасау.

 Әкімшіліктің мекенжайы: 070400, ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69.
 Телефон: 8(723-51)2-14-79.
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі.
Қабылдау уақыты: 10.00-ден 17.00-ге дейін.

 

Булат Құсайынұлы АргумбаевБулат Құсайынұлы Аргумбаев – Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында 1965 жылдың 11 қаңтар күні дүниеге келген.

Ұлты – қазақ, білімі жоғары.
1991 жылы «зооинженер» мамандығы бойынша Семей зооветеринарлық институтын, 1999 жылы «қаржыгер» мамандығы бойынша Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін, 2008 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетін аяқтады.
Еңбек жолын 1982 жылы Бородулиха автослесарлық кәсіпорнында автослесарь ретінде бастады. 1983-1988 жылдар арасында Бородулиха аудандық ветеринарлық станциясынның жүргізушісі болды. 1988 жылдан бастап 1996 жылға дейін – «Заветы Ильича» ұ/ш ӨТФ жұмысшысы болды. 1996-1997 жылдар арасында Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ТЖ бойынша бас маманы болып жұмыс істеді. 1997 жылы «Экономика және нарық қатынастары бөлімі» ММ бастығы лауазымына тағайындалып, сосын «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы болып 2005 жылға дейін  қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары арасында – экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары. 2007-2012 жылдар арасындаңы кезеңінде Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы.
2013 жылдың 30 қыркүйегінде №373 Бородулиха ауданы әкімінің өкімімен Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Үйленген, бір ұлын тәрбиелеуде.

Лауазымдық қызметтері:

Аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат бөлімдерінің жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының, кенттік-ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдердің облыс және аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, ҚР Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін орындаудағы қызметін үйлестіру. Аудан әкімінің облыстық әкімдікпен, аудандық мәслихатпен бірлесіп қызмет етуін қамтамасыз ету. Облыстық және аудандық сайлау комиссияларымен,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халыққа қызмет көрсетудің аудандық орталығымен, ауданның құқық қорғау органдарымен бірлесіп қызмет ету. Мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру және мониторинг жасау. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастыру және өткізу. Аудандық атқарушы органдар басшыларын, ауылдық және кенттік округ әкімдерін тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар дайындау. Аудан әкімі аппаратының техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалады жұмысқа тағайындау және босату.

 Әкімшіліктің мекенжайы: 070400, ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69.
 Телефон: 8(723-51)2-14-79.
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі.
Қабылдау уақыты: 10.00-ден 17.00-ге дейін.

 

Нұргүл Мажитқызы Жақсылықова Нұргүл Мажитқызы Жақсылықова 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таскескен ауылында дүниеге келген, ұлты-қазақ, «құқықтану» және «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша 2 жоғары білімі бар, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Өзінің еңбек жолын 2005 жылы бастады, Переменовка ауылдық округінің маманы, Бородулиха аудандық ХҚКО кеңесшісі және басшысы, «Нұр Отан» партиясының Бородулиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Әділет басқармасының бас маманы, Бородулиха ауданының статистика басқармасының бас маманы және басшысы лауазымындарында қызмет атқарды.
Бородулиха ауданының әкімі О.А.Булавкинаның 2019 жылғы 20 наурыздағы өкімімен Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

 

 

 

 

Владимир Григорьевич Драчёв«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ және Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі

 

Владимир Григорьевич Драчёв –  Бородулиха аудан  әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы.

Мекенжайы: 070400, ШҚО Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі ,69. Телефон: 8(723-51)2-15-53.
Қабылдау күндері: бейсенбі, жұма 

 

Парақтар өзгертілді: 26-03-2019
Оқиғалар күнтізбесі
Шілде 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019