КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Әкім аппараты

Кеңсе бөлімі

Шалгимбаева Зухра Мұхамеджанқызы - кеңсе бөлімінің басшысы - 1967 жылы 28 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданының Мостик ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей университетін бітірді. Еңбек жолын 1985 жылдың мамыр айында №64 Бородулиха өндірістік-монтаждық компаниясының бухгалтері ретінде бастады. 1985 жылдың тамыз айынан 1987 жылдың мамыр айы аралығында Семей қаржы- экономикалық техникумында оқыды. 1987 жылдың мамыр айынан 1987 жылдың маусым айы аралығында уақытша жұмыс істемеген. 1987 жылдың маусым айынан 1995 жылдың сәуір айы аралығында Бородулиха ауданының мемлекеттік сақтандыру инспекциясында экономист болып жұмыс істеген, кейін директордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарған. 1995 жылдың сәуір айынан 2003 жылдың шілде айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының салық инспекциясының салық салу бөлімінің инспекторы ретінде қызмет атқарған. 2003 жылдың шілде айынан 2006 жылдың маусым айы аралығында уақытша жұмыс істемеген. 2006 жылдың шілде айынан 2008 жылдың қаңтар айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының статистика бөлімінің маманы. 2008 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың наурыз айы аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы. 2010 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бастығы.

Функционалдық міндеттері: аудан әкімінің аппаратында, дербес бөлімдерде, кенттік және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына, сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес іс жүргізуді жүргізу және орындалуына бақылау жасау. Іс жүргізуді кезең кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жұмысын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру. «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аппаратта, бөлімдерде, кенттік және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмысты ұйымдастыру, осы жұмыстың орындалуын бақылау және үйлестіруді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық актілерінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары мен облыс, аудан әкімі аппараты басшысының шешімі мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Азаматтардың өтініштерін дер кезінде тіркеу, қарастыру мерзімдерінің қадағалануын бақылауды жүзеге асыру. Ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру, істер номенклатурасы бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің құжаттарын қалыптастыруды бақылау. Аудан әкімі хатшысының, аудан әкімі орынбасарларының хатшыларының жұмысын ұйымдастыру.

Әкімшіліктің мекенжайы: 070400, ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69.
Телефон: 8(723-51)2-15-54.
E-mail: z.shalgimbaeva@akimvko.gov.kz

 

Лауазым Т.А.Ж. Орындалатын міндеттер Байланыс мәліметтері
Бас маман Тайжұма
Айнұр Айқынқызы
Аудан бөлімдері, аудан әкімі, кенттік және ауылдық округ әкімдері аппараттарының құжаттарды дайындау кезінде  «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы заңының жүзеге асырылуын бақылау. Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару бойынша әдістемелік көмек көрсету. Аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мәтіңдерінің тең түпнұсқалығын тексеру. «АЖБЕ» АЖО (азаматтар жүгінімдерінің  бірыңғай есебі автоматтандырылған жұмыс орны) бағдарламасымен жұмыс, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасына № 1-ТО нысаны бойынша статистикалық есепті жинап, тапсыру. Тел.: 8/72351/2-10-31
E-mail: a.taizhuma@akimvko.gov.kz
Бас маман Жумагулова
Маржан Қадлетқызы
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық актілерінің, облыс, аудан әкімдік қаулыларының, облыс, аудан әкімінің, әкім орынбасарлары мен облыс, аудан әкімі аппараты басшысының шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау. Облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы бойынша аудан әкімі, кенттік және ауылдық округ әкімдерінің аппаратында, дербес бөлімдерде  атқарушылық тәртіптің барысы туралы ақпарат дайындау. Аудан әкімімен аппараттық кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалуын есепке алу және бақылау. «ҚБП» грифімен іс жүргізу. Тел.: 8/72351/2-15-37
Email: m.zhumagulova@akimvko.gov.kz
Бас маман Қасымжанова Эльмира Құрманғазықы Электрондық құжат айналымы жүйесінде іс жүргізу, аталған жұмысты дербес бөлімдерде, кенттік және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында ұйымдастыру. Бақылау құжаттарды орындау бойынша ескертулер жасау және электрондық құжат айналым жүйесінің  жағдайы туралы есеп құру. Қатаң есептілік бланкілерінің есебін жүргізу. Іссапарлық куәлік, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын толтыру және тіркеу. Тел.: 8/72351/2-10-31
E-mail: borodulikha@akimvko.gov.kz
Парақтар өзгертілді: 13-11-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Сәуір 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019