Әкім аппараты

Стратегиялық жоспары

 

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

 

 

2013 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша «2011-2015 жылдарға арналған Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы
ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1- тармағына сәйкес аудан әкімдігінің және әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi аудан әкiмінің аппараты жүзеге асырады.
Осы мақсатта «е-үкіметті» құрушының бірі «е-әкімдікті» құру бойынша өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру басталды.
Аудан әкімі аппаратының қызметіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тұрақты мониторингі енгізілген, бұл аудан әкімі аппаратының «жаңашыл», мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау мен мониторингінің жүйесін дамытуда көшбасшы болуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік басқару жүйесін енгізу мемлекеттік органдар қызметінің айқындылық деңгейін арттыруды талап етеді. Осы мақсатта аудан әкімінің сайты, аудан әкімінің сайтында виртуалды қабылдау жұмыс істейді, сонымен қатар, аудандық сайтта тұрғындардан әлеуметтік сауал тұрақты жүргізіліп тұрады.  
«Бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға қол жеткізу және сапасын арттыру құралдарының бірі болып Халыққа қызмет көрсету орталығы (Бұдан әрі - ХҚКО) табылады.
Аудан бойынша жалпы бір филиал және Жезкент кенті мен Новошульба ауылында орналасқан ХҚКО 2 өкілі бар.
Президенттің Жарлығымен бекітілген «электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында дайындау, тіркеу, құрылымдау, сақтау, мұрағаттау, іздеу, өңдеу, қол жетімділікті бақылау, құжаттарды шығару және таратудың технологиялық процесін автоматтандыру мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) құру жобасын жүзеге асыру жіберілді.
Аталған жобаның мақсаты мемлекеттік органдарда іс жүргізу процестерінің тиімділігі мен айқындылығы арттыру болып табылады. ЭҚАБЖ жобасын жүзеге асыру барысының негізгі жұмыстары электрондық құжат айналымының нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру, ЭҚАБЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ енгізу үшін техникалық жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ енгізу және басқару мен ЭҚАБЖ қолданушыларды оқыту жөнінде бес бағыт бойынша жүргізілді.
Қазіргі таңда электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі аудан әкімі аппараты мен барлық 12 дербес бөлімде қызмет етеді.
Бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтердің базалық санатын автоматтандыру аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды.
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің www.boroduliha.vko.gov.kz. Порталдың ақпаратты – интерактивті компоненті (таныстыру- іскерлік, анықтамалық – оперативті және интерактивті) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Электрондық қызмет орталығында (ЭҚО) www.e-vko.gov.kz Бородулиха ауданы әкімінің виртуалды қабылдауы арқылы жұмыс жүргізіледі.
Облыстың мемлекеттік мекемелерінің электрондық қызметтеріне аса кеңейтілген қол жеткізілімді қамтамасыз ету мақсатында 7 қоғамдық қатынау пункттері құрылды.
Құрылған ақпараттық жүйедегі деректердің тұтастығын қамтамасыз ету тапсырмаларын шешу үшін 2008 жылы ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппаратында серверлік комната құрылды, ол озық технологиялар негізінде және осы салада әлемдік тәржірибеге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 2013 жылы серверлік комната өрт сөндіру жүйесімен жабдықталды, ол ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған конфигурациямен электронды құжат айналымының деректер базасын апта сайын резервтік көшіру толық қамтамасыз етілген, бұл тораптың сенімді қызмет етуін және деректердің қалпына келтірілуін толық қамтамасыз етеді.
Серверлік комната аудандық әкімдіктің ғимаратында орналасқан.
Lotus Notes бағдарламасының көмегімен облыстық әкімдікпен байланыс орнатылған, 7 жұмыс орнында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі орнатылған, әкімдік және дебрес бөлімдердің қызметкерлері қосылған жергілікті желі тартылған. Құжаттарды алу және жіберу электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 842 қаулысымен электрондық құжат айналымының жүйесі жұмыста пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінде келесі ақпараттық жүйелер қызмет көрсетеді: «Жеке тұлғалардың есебі» АЖ, «Тапсырмалар есебі» АЖ, «Мектепке дейінгі мекемелердің кезектілігі» ДБ, «Атаулы әлеуметтік көмек» АЖ, «Әлеуметтік карта» АЖ, «Е-собес»АЖ, «Жұмыспен қамту» АЖ, «Мүгедектер деректерінің орталық базасы» МДОБ, «Балалар жәрдемақылары» АЖ, «Е-Әкімдік» АЖ, «ХҚКО ЫАЖ» АЖ, «Е-рұқсат беру» АЖ.
Сайлаушылар тізімін қалыптастыру мақсатында ауданда жеке тұлғалар есебінің деректер базасы өзекті қызмет етуде. 2013 жылғы 1 қарашадағы жайғадайына Бородулиха ауданының сайлаушылар деректер базасының нақтылығы 99,6 % құрады.
Мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру құралы болып норма шығармашылық қызмет табылады. Норма шығармашылық қызмет саласының негізгі міндеті болып өңделетін жобалардың сапасы табылады.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеге сәйкес аудан әкімі аппаратында құқықтық білім мектептерінің сабақтарында мемлекеттік қызметшілерді оқыту өткізіледі. Аудан әкімінің аппаратында 9 жұмыс орнында «Заң»-«Закон» электрондық заңнамалық база орнатылған.
Енгізілген 9001:2008 ISO сапа менеджментінің жүйесіне сәйкес іске асырылатын бағдарламалар мен басқару сапасының қажетті деңгейін ұстау үшін 2013 жылы Бородулиха ауданы әкімінің аппаратында сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін растау бойынша (аудит) инспекциялық бақылау өткізілді. Аудит қорытындысы бойынша 9001:2009 СМЖ ЕАҚ сәйкестігіне сертификат алынды.

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015