КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Әкім аппараты

Құрылымы

 

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бородулиха ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру бойынша әкімнің қызметін жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, шұғыл және жеке сипаттағы өкімдер қабылдайды.
8. Бородулиха ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті аудандық әкімдікпен қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070400, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 
11. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Аудан әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті
бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен осы органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  Егер «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ миссиясы – аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалы, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету.
15.Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындауда Бородулиха ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) Бородулиха ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
3) Мемлекет Басшы мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
4) Әкімнің жергілікті өкілдік және атқарушы органдармен, аудандық ұйымдар және мекемелермен, саяси партия және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет етуін ұйымдастыру;
5) Бородулиха ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) Бородулиха ауданы әкімі аппаратының кадрлық жұмысын ұйымдастыру;
7) Стратегиялық және индикативтік жоспарларды, әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламаларын, қолайлы инвестициялық ахуал құруды дайындап, жүзеге асырылуына бақылау жасауды ұйымдастыру;
8) Бородулиха ауданы әкімі аппаратының іс жүргізуін жүргізу, хат-хабарды өңдеу, құжат айналымына талдау жасау;
9) Қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру;
10) Аудан әкімінің және Бородулиха ауданы әкімі аппараты басшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;
11) Бородулиха ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, әкімнің олармен өзара әрекет етуін ұйымдастыру;
12) Бородулиха ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда аппараттың мүддесін ұсыну және қорғау, прокурорлық ықпал ету актілерін қарастыру;
13) Мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту, жұмыс тәсілі мен стилін жақсарту жағдайын қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңмен көшіру;
14) Бородулиха ауданының әкімі мен оның орынбасарына әкім аппаратының жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындау;
15) Барлық деңгейдегі атқарушы органдармен өзара әрекет етуді ұйымдастыру, олардан әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, тұжырымдамаларды, болжамдарды сапалы дайындау мақсатында уақтылы ақпарат алу, осы жобаларды әзірлеу және сараптауға қатысу;
16) Бородулиха ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және жиын, отырыс хаттамаларының уақтылы ресімделуін бақылау;
17) Бородулихи ауданы әкімі аппаратындағы ішкі саясат бойынша талдау және ұсыныс әзірлеу;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудан әкімінің аппаратына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

3. Қызметтері:
1) Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнің актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерi нормаларын орындауға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген нормативтер мен облыстық атқарушы органмен жеткізілген штат санының лимиті шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар құрады, атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;

3) Төмен тұрған әкімдердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды құру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай құру жұмыстарын үйлестіру;
4) Ауданның бюджеттік комиссиясын құрады, оның ережесін құрып, құрамын анықтайды.
5) Тиісті қаржы жылына аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы қаулы қабылдайды;
6) Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз етеді;
7) Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шара қабылдауды қамтамасыз етеді;
8) Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өңірлік бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырады;
9) Жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің өзара әрекетін қамтамасыз етеді;
10) Азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
11) Тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте электрондық қызметтер ұсынуды ұйымдастыру бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қалалар, астана) жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізеді;
12) Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
13) Өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы халықты және ұйымдарды ақпараттандырады;
14) Өз құзыреті шегінде өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған орта мен шаруашылық ету объектілеріне келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз етеді;
15) Дала өртін, сонымен қатар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
16) Аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық – талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
17) Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
18) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
19) кәсіпқой емес медиаторлар тізілімдерін жүргізу;

20) салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
21) шаруа және фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу;

4. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген шектерде атқарушы органдарынан қажетті құжаттарды сұрау;
2) белгіленген шектерде Бородулиха ауданы әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша кәсіпорындардан, мекемелерден және барлық меншік нысандарының ұйымдарынан жазбаша және ауызша түсініктемелерді, өзге де басқа материалдарды, қажетті ақпараттарды, құжаттарды сұрау;
3) Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, аудандық әкімдіктің қаулыларын орындау бойынша мониторингті жүзеге асыру және Бородулиха ауданының аумағындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы іс жүргізу талаптарын сақтау;
4) аппараттың лауазымды тұлғаларының қажетті құжаттарды, материалдарды, хабарларды, жазбаша түсініктемелерді ұсыну бойынша әкім аппаратының талаптары, егер орындауға басқа мерзімдер белгіленбесе, заңнамада белгіленген мерзімде орындалуға тиісті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

5. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ басшылықты аталған мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Бородулиха ауданының әкімімен жүзеге асырады.
19. Бородулиха ауданының әкімі Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.  
20. Бородулиха ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Бородулиха ауданы әкімінің өкілеттігі:
1) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңымен
бегіленген тәртіпте Бородулиха ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін, сондай-ақ аппарат қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Бородулиха ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
3) Бородулиха ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне қатысты заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік сипаттағы шара мен жаза қолданады;
4) Бородулиха ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне қатысты заңнамада бекітілген тәртіпте мадақтау шараларын қолданады;
5) нормативтік - құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады және қол қояды;
6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Бородулиха ауданы әкімі аппаратының өкілі болады;
7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады;
Бородулиха ауданының әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын оның орынбасары орындайды.
22. Әкім орынбасардың өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудан әкімі басқарады.

6. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ бекітілген мүлік
коммуналдық меншікке жатады.   
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

7. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Әкім аппаратының басшысы С.Лазурин

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламенті *.doc 267 KB

 

 

Ауданның атқарушы органдарының міндеттерін және функцияларын анықтайтын нормативтік актілер, заңдар тізбесі

 

2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы

«Агроґнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Кодексі

«Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 114 Заңы

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар үйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы»

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңы

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Заңы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық тізеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы

«Кәмелетке толмағандар арасындаєы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Заңы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 Заңы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018