КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 


 

 

 

 


Аудан тұрғындарының назарына

Құқық қорғау қызметіндегі процессуалды негіздерді жаңғырту туралы *. doc 30 KB
Құрметті шығысқазақстандықтар! 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап (ХҚКО) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ арқылы өтініштеріңізді кез-келген мемлекеттік органға жолдау мүмкіндіктеріңіз болады  
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 сұрақжәне жауап *. doc 296 KB
Aрналған жаднама *. doc 70 KB
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының негізгі ережелері бойынша АҚПАРАТТЫҚ КІТАПША *.pdf 438 KB

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындарының назарына!
«Нұр Отан» партиясының Бородулиха аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында 2017 жылғы 30 қазан мен 03 қараша аралығында аудан мекемелерінің басшылары және мамандарымен, дәлірек айтқанда, 2017 жылғы 30 қазан сағат 15:00-18:00 «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы А.С.Кубаевамен, 2017 жылғы 31 қазан сағат 15:00-18:00 «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ басшысы Ж.О.Жолдыбековпен, 2017 жылғы 01 қараша сағат 10:00-13:00 «ШҚО Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы М.Ш.Досмагамбетовамен, 2017 жылғы 01 қазан сағат 15:00-18:00 аудандық мәслихаттың депутаты В.А.Парасюковамен, 2017 жылғы 02 қараша сағат 15:00-18:00 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.нің Бородулиха аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы» РММ басшысы М.Б.Асаубаемен, 2017 жылғы 03 қараша сағат 15:00-18:00 «Нұр Отан» партиясының Бородулиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Т.Урашевамен азаматтарды қабылдау өткізіледі.
Қабылдауға 2-24-46 телефоны бойынша алдын-ала жазылуға болады.

 

Аудан тұрғындарының назарына

Аудан тұрғындарының назарына

Аудан тұрғындарының назарына

Аудан тұрғындарының назарына

Аудан тұрғындарының назарына

Аудан тұрғындарының назарына

К сведению жителей области!

К сведению жителей области!

К сведению жителей области!

К сведению жителей области!

К сведению жителей области!

Облыс тұрғындарының назарына!

Салық төлеушілер назарына

Белгіленбеген үлгідегі және/немесе қолдан жасалған маркалармен алкоголь өнімін өткізуін анықтау мақсатында, сондай-ақзаңсыз алкоголь өнімдерінсатуды азайту«Вайпойнг» ЖШС  алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек сатушыларға келесі модульдерден тұратын «Wipon Pro» жүйесі әзірленді:

  1. Есепке алу-бақылау маркасындағы (бұдан әрі - ЕБМ) штрих-кодты сканерлеу арқылы заңсыз алкоголь өнімдерін  анықтау бойынша «Wipon Pro» мобильдік қосымша. Қосымша Apple App Store және Google Play Marketжүктеу үшін қол жетімді;
  2. Android базасындағы лазерлік сканер кірістірілгенөндірістік мобильді компьютерлермен үйлесімді «Wipon Pro Scan» мобильді қосымша.
  3. Windows операциялық жүйесі бар компьютерлер мен ноутбуктер үшін «Wipon Pro» бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз ету жүктеу үшін 2017 жылғы тамызда www.wipon.pro ресми сайтында қол жетімді болады;

Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

К сведению жителей области!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Өңірлік жобаға қатысу үшін қосымша өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

2017 жылдың  маусым айының 9-нан 28-не дейін өңірдің тұрғындары Шығыс Қазақстан облысының өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында да баспаналы бола алады. Осы бағыт бойынша Өскеменнің іргесіндегі Қ. Қайсенов ауылында 80 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оларға қашан дауыс беруге болатынын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жақын күндері жариялайтын болады. Бір шаршы метрінің құны – 119 000 теңге, бұл нарықтағы бағадан 45 %-ға арзан.  
Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу керек, сонымен қатар, шотында тұрғын үй құнының 30 %-ы жатуы тиіс.   

Қ.Қайсенов а. ШҚО өңірлік бағдарламасы бойынша нысандар

1 шаршы метрінің құны, теңге Пәтер түрі Пәтер ауданы,ш.м. Пәтер бағасы,тенге Пәтер саны
119 000 1-бөлмелі 46,41 дейін 5 522 790 тг дейін 24
3-бөлмелі  85,64 дейін 10 191 160 тг дейін 17

Жылы, жайлы, меншікті пәтер. Бүгінгі таңда меншікті тұрғын үйге ие болу көпшілік үшін бірінші кезекте тұрған мселе. Әрине  барлығына өз шаршы метрін алу сенім ұялатады,ал жұмысынан туған шаңырағына оралу әр қазақстандықтық арманы. Сол себептен  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  арқылы баспана мәселесін шешуге асығыңыздар!

Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің  www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте»  беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің  иеленген баллдары мен  кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Толық ақпарат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінен алуға болады:
Өскемен қ., Головков көш., 25/1, (7232) 28 00 75,
Өскемен қ., Михаэлис көш., 2, (7232) 75 39 70,
ШҚО, Аягөз қ., Дуйсенов көш., 102/2.,(72237) 33334.

Құрметті шығыс қазақстандықтар!

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша телефон арқылы тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығының 8/7232/ 701-131 телефон нөміріне хабарласып, ақпарат алуға болады.
Call-орталықтың жұмыс уақыты (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) түскі үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін.

 

Облыс тұрғындарының назарына!

2017 жылдың 1 сәуірінен бастап проблемалық сұрақтарды жедел анықтау және шешу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Контакт орталығы өз жұмысын бастайды.
Біз Сізді толғандырған барлық сұрақтарға жауап және мамандардан кеңес алуға көмектесеміз.
Қоңыраулар Шығыс Қазақстан облысының кез келген елді мекенінен 1331 біріңғай нөмірі арқылы қабылданады.  Қоңырау шалу тегін.
Сонымен қатар, сұрақтар 1331.kz сайтының арнайы парақшасы және 8-771-202-20-02 нөміріне Whats,apр арқылыда қабылданады.
Контакт орталығының жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі күндері 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Облыс тұрғындарының назарына!


«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасымен ұсынылған Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабы 1 және 2 тармақтары редакцияларына түсініктеме

Бүкілхалықтық талқылауда мемлекет Басшысымен енгізілген заң жобасы Жобада Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Конституциясының 26-бабының 1 жә­не 2-тармақтарына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу ұсынылған:

1. «Әркім заңды түрде алған қандай да бол­сын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік құқығына қол сұғылмайды. Мен­шік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен ке­пілдік беріледі. Конституцияда өзгеше көз­дел­м­есе заңды түрде алған мүлікке меншік құқы­­ғын шектейтін немесе айыратын заңдар мен өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол бе­рілмейді».
Неге мұндай өзгерту ұсынылған?

Біріншіден. Еліміздің азаматтарымен бірге шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында болуға, тұруға құқығы бар және азаматтығы жоқ адамдар.
Бұл ретте заңнамамамен және халықаралық келісіммен Қазақстан аумағында шетелдіктердің тұрған жерінің жағдайы және азаматтығы жоқ адамдар тәртіп орнатылған (визалық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасы және т.б.)
Сөзсіз, елімізде тұратын азаматтар, меншікті жылжымалы (ақша, құнды қағаздар және т.б) және жылжымайтын (ғимарат, құрылыс, көпжылдық көшеттер және т.б.) мүлік алуға құқығы бар.    
Бұл мүлік кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін кез-келген заңға қайшы келмейтін мақсаттар- жеке мақсаттарға қолдануы мүмкін.
Осыған орай, кездейсоқ емес, Конституцияның 26 бабы 4 тармағындағы қолданыстағы редакциясында «Әркім кәсіпкерлік әрекет бостандығына құқығы бар, өз мүлкін еркін қолдану әркім үшін заңды кәсіпкерлік әрекет.  Бұл ереже әрбір кез-келген заңды сатып алынған мүліктің жеке меншігіндегі мүмкіндікті қарастырады.
Қазақстан, өркениетті, қазіргі заманғы кез-келген мемлекет сияқты оның аумағында тұратын өзінің азаматтарына, сонымен қатар өзге адамдардың құқығын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.  
Мұндай қорғау неден туындайды. Ол үшін Азаматтық кодекске жүгіну керек.Құқық қорғау көмегімен құқығын мойындау жүзеге асырылады; әрекетке жол бермеу; құқық және оның бұзылуының қаупі, жазалаудың залалы, моральдық залалдың компенсациясы, сонымен қатар, заңнама актілерінде қаралған басқа да жолдармен. 
Мысалы, егерде қазақстанның көрікті жерлеріне келген шетелдік саяхатшының ақшасын,  фотоаппаратын және т.б ұрлап кетсе, онда мемлекет ұрлық жасағандарға ұрланған затты қайтару және азаматтарды анықтау бойынша тиісті шаралар қолдану керек.

Сонымен қатар, мемлекет, құқық меншігін қорғау кепілдігін ұсына отырып, оның ішінде шетелдіктен оған тиесілі мүлік қоғам игілігіне қызмет істеу үшін меншік иесінен талап етуге құқығы бар. Бұл туралы  Конституцияның 6 бабы 2 тармағында айтылған.
Екіншіден. Конституцияның 26 бабы 1 тармағына ұсынылған өзгеріс жеке меншікте шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасындағы кез-келген мүлікті меншігіне алу құқығына ие дегенді білдірмейді. Ол бұлай емес. Конституциялық кепілдікдер заңды сатып алынған мүлікке ғана  таралады.
Мүлікті сатып алудың заңдылық критерийлері Конституциямен және заңнама актілерімен белгіленген. Егер мүлік заңсыз түрде сатып алынса, онда оны сатып алу бойынша тиісті келісім  жарамсыз болып саналады да, ал мүлік тәркіленуі керек.

Сонымен заңнамалық актілерімен шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ тұлғалардың меншігінде болуы мүмкін емес мүліктер бойынша бірқатар шектеулер белгіленген. Мұндай тыйымдар және шектеулер, атап айтқанда,  бұқаралық ақпарат құралдары мен  телекоммуникацийялар саласында белгіленген.
Мұндай тыйым салулар ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдеріне де қолданылады, себебі жер кодексінде шетелдіктермен және азаматтығы жоқ тұлғаларға ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді сату мүмкіндігіне біржақты тікелей тыйым салынған.

Сондықтан, мемлекет Қазақстан азаматтарына жатпайтын тұлғаларға жоғарыда көрсетілген мүліктерді иелену, пайдалану және басқару құқығына кепілдік бермейді және бірінші кезекте  ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдеріне. Сондай-ақ,  оларды заңсыз иеленуден алу бойынша шаралар қолданылатын болады.
Үшіншіден. Жер айналым мәселелері Конституцияда жеке 6 баппен реттеледі, ол Заң жобасымен өзгертілмейді. Сондықтан да  Конституцияның 26 бабы 1 тармағындағы «азаматтар» сөзі «әркім» сөзіне ауыстыру қолданыстағы жерге меншік құқығы құқықтық  режимін өзгертуге әкеліп соқпайды.
Конституцияның 6 бабы 3 тармағына сәйкес «Жер және оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде , шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Осы орайда, жерге жеке меншік шектері мен шарттары Жер кодексімен белгіленген.
Жер заңнамасы ережесін жеке қолдануға мораторий мемлекет Басшысымен енгізілген өзгерістер және әрекеттер өзгертілмейді. Бұл мораторий 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарғыға сәйкес 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істейді.

Осылайша, ұсынылған өзгерістер Конституцияның 26 бабына жеке меншік құқығына қол сұғылмаушылық кепілі күшейтіледі. Осыны қарастыра отырып, заңды қабылдау және басқа да құқықтық актілерге жол берілмейді, шектелген немесе мүлікке құқық меншігіне айырылған, заң жолымен анықталған, егерде ол Конституциямен қаралмаса.  

Құрметті Бородулиха аудынның  тұрғындары!

Бородулиха  аудандық майдан –офисі Ф.Середина №1 мекенжайы бойынша орналасқанын ескертеміз.Жұмыс уақыты сағат 9:00-ден сағат 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз,дұйсенбіден сенбіге дейін.Кеңесті келесі нөмерлер бойынша 8 72351 6  9996 алуға болатынын қосымша хабарлаймыз

 

Аудан тұрғындарының назарына

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Мусиннің жер кодексіндегі жаңартулар туралы сұхбаты *.doc 55 KB

 

Хабарландыру

Бородулиха ауданынң Статистика бақармасы статистикалық есептерді  статистика органдарына уақытында тапсыру қажеттілігін ескертеді. Алғашқы статистикалық деректерді мемелекеттік статистикасының органдарына белгіленген мерзімінде тапсырмаған кезінде айыппұл салынады.

 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 497 б. 2 т.

Жеке тұлғалар

10 АЕК

21 210 тг.

Шағын кәсіпкерлік субъектілер

14 АЕК

29 694 тг.

Орта  кәсіпкерлік субъектілер

20 АЕК

42 420 тг.

Ірі  кәсіпкерлік субъектілер

120 АЕК

254 520 тг

Бір жылдың ішінде кайталанса

Жеке тұлғалар

14 АЕК

29 694 тг.

Шағын кәсіпкерлік субъектілер

20 АЕК

42 420 тг.

Орта  кәсіпкерлік субъектілер

40 АЕК

84 840 тг.

Ірі  кәсіпкерлік субъектілер

150 АЕК

318 150 тг

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдер қабылдауды бастайды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 467 мыңнан аса шарт иелеріне, оның ішінде салымында 1 млн. теңгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейді. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. тенгені құрап отыр.
Бағамдық айырмашылық бюджет қаражаты есебінен және банктің меншікті қаражатынан төленеді.
ҚТҚЖБ баспасөз-қызметінің хабарлауы бойынша, салым сомасына ешқандай шектеулер қойылмаған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі салымдарға ғана өтемақы төленеді. Ал, мынандай жағдайларда ТҚЖ салымына өтемақы төленбейді:
1. Салым 2015 жылғы 18 тамызға дейін берілген тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары бойынша қамтамасыз етуде тұрған болса;
2. Ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған болса;
3. Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзім аясында қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою (бұдан әрі - келісім) 2016 жылдың 8-ші ақпанынан басталып, 1-ші маусымына дейін жалғасады (соңғы қабылдау күні - 2016 жылдың 31-ші мамыры).
Өтемақы алу үшін ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімге www.egov.kz (http://egov.kz/services/K10.09/#/declaration/0//) порталында немесе Банктің www.hcsbk.kz (http://compensation.hcsbk.kz/site/Login.aspx) ресми сайтында электронды–санды қолтаңба арқылы қол қою керек.
Еске сала кетейік, ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін  Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды табыстаған болатын. Өткен жылдың соңында «Бәйтерек» басқарушы Холдингі ҚР Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен әрі Ұлттық Банкпен біріге отырып, өтемақы төлеудің  оңтайлы тетігін әзірлеген еді.
Жалғыз акционер бекіткен жылдық қаржылық есептілік және қаржы бөлу туралы Үкімет Қаулысын қабылдаған сәттен бастап күшіне енетін барлық қажетті құжаттар Банктің www.hcsbk.kz (http://www.hcsbk.kz/%D0%9E%D0%B1%D1%89%D0%B8%D0%B5%20%D1%83%D1%81%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%8F.pdf) ресми сайтында орналастырылған және олармен танысуға болады.

 

Тұрғындардың назарына!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды ұсыну мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады.  Құжаттарды ұсыну үшін және жария етуді өткізуге қатысты барлық мәслелер бойынша Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, тел: 2-21-5 мекенжайы бойынша орналасқан Бородулиха ауданы әкімінің аппаратына хабарласуға болады. Қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Өзгертулер болған жағдайда қосымша ақпарат ұсыналатын болады.

Жария ету комиссиясының хатшылығы

Ақпараттық хабарлама

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі республикалық Call-Орталықтың жұмыс істейтіндігі туралы хабарлайды, Call-Орталық арқылы пәтер иелері мен кондоминиумды басқару органдары көппәтерлі тұрғын үйерге жөндеу жүргізуді ұйымдастыру және басқару бойынша сұрақтарға жауап және кеңес ала алады. Байланыс телефоны 8-8000-8000-12 (Қазақстан бойынша қоңырау соғу тегін). Call – Орталықтың жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін, жексенбі - демалыс.

 

Аудан тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңына байланысты мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Мүлікті жария етуге қатысты құжат тапсыру және қажетті ақпарат алу үшін Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, мекенжайы бойынша орналасқан: Бородулиха ауданы әкімінің аппаратына тел: 2-21-95 арқылы хабарласуға болады.

 

Мүлікті жария ету комиссиясының хатшылығы

PeopleZ.kz – баршаға арналған аумақ!

Виртуалды кеңістікте Шығыс Қазақстанның тағы бір туындысы - «PeopleZ.kz»  сайты пайда болды. Бұл желі «Виртуалды инновациялар – шынайы мүмкіндіктер» жобасы аясында (Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының қолдау көрсетуімен) жасалып отыр. Жоба авторы – «ЗУБР» Әлеуметтік корпоративтік қоры (Өскемен қаласы).

Екі айдың ішінде жүйеге 65 тұтынушы тіркеліп, 835 адам кірген, 117.676 рет қаралыпты. Жүйе галереясы қатысушылардың жазбаларымен толықтырылып, «Проблемалар картасы» жүйесі қазіргі кезде елді мекендерде орын алып отырған ең өзекті мәселелер туралы мақалалармен толықтырылуда. «Идеялар қазынасы» айдары өз уақытын күтуде. Онда тұтынушылардың өз қалаларында жүзеге асыруды қалайтын идеялары жазылады.

Интернет жүйесінде мұндай сипаттағы танымал сайттар барда, бұл шағын жүйенің ашылу мақсаты қандай? «PeopleZ.kz» шағын әлеуметтік желісі адамдардың өз қалалары мен ауылдарының өміріне белсене қатысуына мүмкіндік беретін алаң ретінде құрылып, жастар, билік және бизнестің өз күштерін белгілі мәселелердің шешімін табуда біріктіруге мүмкіндік береді. Басқалай айтқанда, әрбір адам мұнда кіріп, өзіне қажетті нәрсені таба алады: біреу өз ойын ортаға салуға мүмкіндік алса, тағы біреулер серіктес болуға ниет білдіріп, бастамашыл жастарға ойларын жүзеге асыруға көмектесе алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне жаңа дос табумен қатар, желі модераторы ретінде жұмыс істеп, өз елді мекені үшін пайдалы жобалардың бастамашысы бола алады.

Қазірдің өзінде желіде жастардың елді мекеннің қандай болуы керектігі жөніндегі пікірлері байқалады. Мысалы, Шүлбі кентінің жастары хоккей коробкасына арнайы жабын төсеуді ойлауда. Бұл денсаулыққа зиян келтірмей, қыста – хоккей, жазда – футбол ойнауға жағдай жасаушы еді. Опытное поле кентінің жастары электр желісінің проблемалары үшін, көшелердің жарықтандырылмай тұрғанына алаңдаулы. Тұрғындардың айтуына қарағанда, мұндай мақсаттағы арнайы желі жоқтың қасы. Кент жастары ересектердің көмегімен елді мекендерін абаттандыруға көп үлес қосуда, бірақ мұндай мәселені өз беттерімен шеше алмайды. Осындай, тұрғындардың өздері айтып отырған мәселелер «Әлеуметтік идеялар» және «Бизнес-идеялар» айдарларында ұсынылған.
Ал Сіз бұл ресурсты қандай мақсатта пайдалана аласыз?

Егер Сіз жастар категориясынан болсаңыз, келесілерді істей аласыз:

  • өзіңіз тұрып жатқан елді мекенді жақсартуға бағытталған немесе болашақта жүзеге асыратын жоба не идеяны ойлап таба аласыз;
  • оны саятқа жазасыз да серіктестер тауып аласыз;
  • өзге балаларға өз ойларын жүзеге асыруға көмектесесіз;
  • өз ойыңызбен бөлісіп, өзгелерге де осындай жаңалықтарды ойлап табуға көмектесесіз.

Егер Сіз билік өкілі болсаңыз, онда келесілерді атқара аласыз:

  • тұрғындардың ойлары мен қажеттіліктері туралы ақпаратқа тез арада қол жеткізе аласыз;
  • идеялар мен жобалардың бастамашыларына кеңес беріп, оны жүзеге асыруға қатыса аласыз;
  • қалаға қажетті жобаны жүзеге асыруға рсурс тарта аласыз: ғимарат табу, байланыс құру, «есік ашып беру».

Егер Сіз бизнесмен болсаңыз, онда келесілерді істей аласыз:

  • желіде ұсынылған идеялардың ішінен өзіңізге ұнағанын тауып, балаларға оны орындауға көмектесе аласыз;
  • жобаны жүзеге асыруға қажетті ресурстарды қалай табуға болатыны жөнінде кеңес бере аласыз;
  • демеуші болып, идеяны жылжыта аласыз;
  • осы дарында креативті жастардың арасынан өзіңіздің ұйымға қызметкер тауып ала аласыз.

Құрметті достар, қымбатты әріптестер!

Сіздерді peoplez.kz мекенжайында күтеміз. Сіздерде өз ойларыңызды жүзеге асырып, өзгелерге көмектесуге мүмкіндік бар!
Өз қалаларымыз бен ауылдарымызды жақсырақ етуге атсалысыңыздар!

 

«ParasatAnalitika» ЖШС

- Инвестиция іздеу және тарту, соның ішінде мемлекеттік қолдау құралдарын қолдана отырып;
- Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеу;
- Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне мониторинг жасау;
- бизнес-жоспарлар, ТЭН, ҚЭН, инвестициялық жобалар әзірлеу және оларды басқару;
- Инвестициялық жобаларға қатысу және оларды басқару;
- Бизнес-жоспарларға, ТЭН-ге, ҚЭН-ге тәуелсіз сараптама жасау;
- Маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
- Маркетингтік стратегиялар енгізу және оларды жүзеге асыру;
- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау.

«ParasatСonsulting» ЖШС

- Мемлекеттік ұйымдардың жұмысшылары үшін құқықтық тақырыптарда, кәсіпкерлік негіздерін үйрету бойынша семинарлар өткізу;
- Барлық деңгейдегі соттарда, үшінші соттарда, аралық соттарда мүдделерді қорғау;
- Кәсіпкерлік қызметті заңгерлік жағынан қолдау;
- Кәсіпорынның шарттық-құқықтық базасын әзірлеу және заңгерлік аудит жасау;
- Мемлекеттік лицензиялар, мемлекеттік органдардың рұқсатнамаларын және басқа келісімдері мен келісімдерін алу;
- Жерді қолдануға арналған құқықтар алу;
- Мемлекеттік сатып алулар, тендерлер саласында заңгерлік көмек көрсету;
- бизнесті сатып алу-сату мәмілелерін жасауға көмектесу.

Абай даңғылы, 101-кабинет
Тел: 8 (7222) 56-38-14

 

 

Балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерге,
немесе арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге мүлікті өтеусіз пайдалануға беру туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы» Қаулысының 4-бөлімінің 18-3 тармақшасына сәйкес «ШҚО Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» ММ балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерге, немесе арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге халықтық тұтыныстағы мүлікті, тауарларды өтеусіз береді:
Бородулиха ауданы сотының 2014 жылғы 11 ақпандағы шешімі негізінде Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне өткен 20 дана «Automatic hand dryer» қолға арналған кептіргіш құрал, 27 дана «Reebok» ерлердің жылы трикосы, 12 дана «Adidas» ерлердің жұқа трикосы, 73 жинақтама «На На» балалардың қысқы комбинезоны.
Мүлікті алуға ниеті бар жоғарыда аталған тұлғалар өтеусіз сатып алуға арналған өтінімдерді Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 154 мекен-жайы бойынша 2014 жылғы 23 маусымға дейін, 10.00 сағатқа дейін ұсынуды сұраймыз. Қосымша ақпараттар үшін Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 154 мекен-жайы, 8/72351/21336, 21450, 21448 телефондары бойынша «ШҚО Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» ММ-ге хабарласыңыздар.

 

 

Мурағат

Парақтар өзгертілді: 22-11-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2017