КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Кәсіпкерлікті дамыту

«Бизнестің жол картасы - 2020»

 

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы 778 Kb
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының өнімдері 1.35 Mb
«Даму» қорының бағдарламалары мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржылай емес қолдау 1.36 Mb
     

Аудан кәсіпкерлерінің назарына!

Ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм блімі 2017 жылғы тамыздың 7-18 аралығында жұмыс күндері сағат 9-18:30 дейін «Бизнестің жол картасы-2020» Біріңғай бағдарламасы шеңберінде гранттар ұсыну бойынша конкурсқа қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінім қабылдайды.
"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыңбірыңғай бағдарламасы шеңберінде Мемлекеттік гранттар ұсыну қағидасының 19 –тармағына сәйкес қалалық/аудандық кәсіпкерлік бөліміне жүгінген кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:
осы грантты беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;
бизнес-жоба;
бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы және/немесеНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлға үшін Жарғының көшірмесі ( болған жағдайда);
қызмет түріне берілген лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда );
кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес конкурс қатысушысы банктік деректеме ұсыну қажет.
Өтінімдерді қабылдау, конкурстың өтуі туралы хабарламада көрсетілген мерзімде аяқталады. Мерзімінде түскен әрбір өтінім, құжаттың берілген күні және уақыты көрсетіліп, нөмір берілумен өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі. Әрбір өтінімде күнін және уақытын көрсетіумен қабылдау туралы белгі қойылады.
Конкурстық іріктеуге қатысушысы Қағидаға сәйкес толық көлемде конкурстық іріктеудеге қатысқан кәсіпкер бола алады. Кәсіпкер тек бір ғана өтінім бере алады. (Қағиданың 17-тармағы).
Кәсіпкерден барлық құжаттарды алғаннан кейін Бағдарламаның Жергілікті координаторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның Өңірлік координаторына (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы) қарау үшін жобаларды жолдайды.
"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыңбірыңғай бағдарламасы шеңберінде Мемлекеттік гранттар ұсыну қағидасымен толығырақ тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық әкімдікте және Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде таныса аласыз.

 

Кәсіпкерлік бөлімі

 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын қаржы ұйымдарын несиелендіре бастады

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеу бойынша уәкілеттік ұйым ретінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамыту Біріңғай бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтініштерді қабылдай бастады.
Аталған бағдарлама аясында қаржылай қолдаудың бір шарасы болып - шағын кәсіпкерлікті шағын несиелеу бағыты бекітілген.
Бағдарламаның мақсаты – аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуі мен істеп жатқан және жаңа жұмыс орындарын ашуды  қамтамасыз ету.
Ол үшін 2016 жылы республикалық бюджеттен 2 млрд. 647 млн. теңге бөлінді. 2017-2018 жылдары да осы көлемде қаржыландыру жоспарланған.
Аталған несиелеу бағдарламасы Қазақстанның барлық облыстарында жүзеге асырылады. Бөлінген қаржы моноқалалар, шағын қалалар, ауылдық елдімекендердегі шағын қаржы ұйымдарын несиелеу арқылы шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеуге бағытталады.

  • Несиелеу бағдарламасының талаптараны сәйкес, қарыздар шағын несие ұйымдарына одан әрі өз жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге бағытталады, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев. - Түпкі қарыз алушыларға берілетін шағын несиелердің мақсатты бағыттауы – өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналымдағы капиталды салалық шектеусіз толықтыру.

Қарыз алушы - шағын қаржы ұйымына - берілетін қарыздың максималды сомасы – 350 млн. теңге, бір түпкі қарыз алушыға – 10 млн. теңгеден аспайды. ШҚҰ үшін бекітілген сыйақы үстемесі – жылдық 4%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 4,5% аспайды; түпкі қарыз алушылар үшін номиналды үстеме – жылдық 12% аспайды.
ШНҰ және түпкі қарыз алушылар үшін қарыз бен шағын несиенің мерзімі – 54 айдан аспайды. Айналымдағы капиталды толықтыруға бекітілген мерзім – 36 айдан ұзақ емес.
Несиелеу талаптарымен Қордың www.kazagro.kz/web/fond сайтында немесе 8-8000-80-35-05 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы танысуға болады.
Жалпы, 2006 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қолдауға 10 млрд. 226 млн. теңге бағыттады, бұл қаржыдан түпкі қарыз алушыларға 23 мыңға жуық шағын несие берілді. Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ШҚҰ қаржыландыру 305,6  млн. теңге сомасында жоспарланған.
Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады.
2007 жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ құрамына кіреді. Қордың миссиясы – ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтың хал-ауқатын арттыру.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі
Тел. 8 /7172/ 678 250,
e-mail: pressa@fagri.kz
http://www.kazagro.kz/web/fond

Борышты өсімпұлсыз қайтар!

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұданәрі - Қоғам) «Борышты өсімпұлсыз қайтар!» акциясын өткізеді. Акцияның мерзімі – 2016жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейін.
Мақсатты топ – қарызалушылар/ лизинг алушылар – Қоғамалдында 2016жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен берешегі бар жеке және заңды тұлғалар.
Акция шеңберіндегі өтеу қарызалушы/ лизинг алушы мен өтелетін қаржыны Қоғамның есептік шотына аудару жолымен өткізілу мүмкін.
Акция өткізудіңнегізгіталаптатары:
1.  Қарызалушылар/ лизинг алушылар – Қоғамалдында 2016жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен берешігі бар заңдытұлғалар, оныңішінде ЖК, ШҚ, ФШ үшін – мерзімі өткен негізгі борышты сомасы, мерзімі өткен сыйақының сомасы және мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.
2.  Қарызалушы/ лизинг алушы – Қоғамалдында 2016жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен міндеттемелері бар жеке тұлғалар үшін – мерзімі өткен негізгі борыш сомасы, мерзімі өткен сыйақы сомасы, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасы + жеке табыс салығы сомасының 100% өтеген жағдайда өсім пұлшығарып тасталады.
Акцияға қатысу үшін облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан филиалдарына шағымдану қажет.
Анықтамалықақпарат - 8-8000-80-35-05 телефоны бойынша (Қазақстанбойынша телефон шалу тегін).

«Бизнестің жол картасы-2020»

 

Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Алекс» шаруа қожалығы қаржыландырылды, 17,4 млн. теңге сомаға «АгроТехЦентр-Гарант» ЖШС 3 бірлік арнайы техника сатып алынды. 2014 жылғы 23 мамырда облыстық ӨҮК А.С. Хачатрян ДК «Нан-тоқаш өнімдерін өндіруді жаңғырту» жобасы мақұлданды. Жобаның сомасы – 12,5 млн.теңге.
Сонымен қатар ағымдағы жылғы қыркүйек айында тағы бір жоба мақұлданды - бұл Аштаева Б. ДК жүк тасымалы, жобаның сомасы 7,5 млн. теңге.
«БЖК-2020» бағдарламасы бойынша жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бөлімінде 2014 жылы «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының жобасы мақұлданды – «Жем-шөп дақылдарын суару». Жобаның құны - 63 млн.теңге - 3 шақырым су құбыры желісі мен 5 шақырым электр беру желілерін жүргізу.
Сондай-ақ бағдарламаның жұмыс істеу механизмдерін түсіндіру бойынша тұрақты түрде семинарлар, «Бизнес-кеңестер» өткізіледі. Осылай «Даму» қорымен 2014 жылғы 1 «Бизнес-кеңес» өткізілді, нәтижесінде 37 сертификат берілді.

Резервтер

Скаков А.К. – жұмыс істеп тұрған өндіріс үшін айналым қаражатын толықтыру, сомасы – 7 000,0 мың теңге. БЖК-2020 бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені кепілдендіру және субсидиялау бөлімінде Халық Банкінің оң шешімі бар.
Зенковка жарма зауыты (Д. Жумадилов) – тәулігіне 30 тонна қарақұмық жармасын өңдеу. Кәсіпорын қыркүйек айынан бастап жарма өңдеуді іске қосты.
БЖК-2020 қатысу үшін аталған жоба бойынша бизнес-жоспар әзірленіп жатыр.

«Даму Өндіріс» бағдарламасына Кудрявцев ДК (Кудрявцев Ю.П.) қатысуы бойынша жұмыстар жүргізілуде – шұжық өнімдерін өндіру, бизнес-жоспар әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ аталған бағдарламаға «Ремонтник» ЖШС қатысуы бойынша жұмыс жүргізілуде - қарақұмық және арпа жармаларын өңдейтін жабдық сатып алу, жобаның сомасы 10 млн. теңге.

Ағымдағы жылғы маусым мен шілде айлары аралағында ауданның барлық округтерінде бағдарламаларды түсіндіру және жаңа бизнес идеяларды, жобаларды іздестіру бойынша кәсіпкерлермен, сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділігі бар тұлғалармен кездесулер өткізілді.
Аталған кездесулердің нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға жобалар бойынша жоспар-тапсырмалар жіберілді.

Келесі жобалар пысықталды:

1) Баймухаметов А. – қонақ үй ашу, жобаның құны 10 млн. теңге, бизнес-жоспар әзірленуде.
2) Садықов Б. – пеинтбол алаңын ашу, сондай-ақ Гранттық қаржыландыру бойынша, бизнес-жоспар әзірленуде.
3) Баймухатетов Б. - жұмыс істеп тұрған өндіріс үшін айналым қаражатын толықтыру, сомасы – 15 000,0 мың теңге. Бизнес-жоспар әзірленуде.
4) Бекетов А.А. – ауыл шаруашылық техникасына, сондай-ақ басқа да автомобильдерге қызмет көрсететін станция ашу, жобаның құны – 30 000,0 мың теңге.

Парақтар өзгертілді: 15-08-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018