КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 


 

 

 

 


Земельная реформа

ШҚО Бородулиха ауданы бойынша жер мәселесі бойынша Call-center Кезекшілік кестесі *.doc 69 Kb

Өзекті сұрақтарға жауаптар

- Жердің тиімсіз пайдаланылуы деген не және ол қалай бақылауға алынады?

- Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдалану жердің оның топырағының құнарлылығының біршама төмендеуіне әкелетін тәсілдермен пайдаланылуын немесе жердің мүлдем пайдаланылмауын білдіреді. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді тиімді пайдалану ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелері арқылы реттеледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану деректері жерлерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жерді алып қоюға дейінгі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

- Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің тиімсіз пайдаланылуы анықталған жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан қандай әрекеттер жасалады?

- Егер бір жыл ішінде жерді пайдаланушы жер телімін тиімсіз пайдаланатын болса, онда оған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарым жіберіледі. Егер жыл өткен соң жағдай өзгермесе, онда жергілікті атқарушы органдар сотқа аталған жер телімін қайтарып алу туралы талапарыз жібереді.    

- Аукционға қатысуға кімдер құқылы? Сауда-саттыққа шетелдік инвесторлар қатыса ала ма?

- Аукционға ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен заңды тұлғалары қатысуға құқылы. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің сауда-саттығы бойынша аукциондарға қатыса алмайды. Шетелдік инвесторлар, сонымен қатар шетелдік азаматтар тек ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерін 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу құқығы ұсынылатын конкурстарға ғана қатыса алады. Шекара маңы аумағында шетелдіктерге қандай да бір жер телімін сатуға мүлдем тыйым салынған. 

- Неліктен шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімі 25 жылға дейінгі уақыт аралығы деп белгіленді?

- Себебі, ауыл шаруашылығы табиғи факторларға тәуелді көп салымды қажет ететін өндіріс болып табылады және оның өндірісі маусымдық сипатқа ие.  Өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы, жермен жұмыс істеу оған салынған қаржы салымдарының орнын аз толтырады және алғашқы 15 жыл оған жұмсалған шығындарды ақтауға кетеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерінің жалға берілу мерзімі 25 жылға дейін деп белгіленді.

- Әрбір нақты жер телімінің құны анықталды ма?

- Әрбір нақты жер телімінің құны жер телімдері үшін базалық төлем ставкаларына сәйкес анықталады. Базалық ставкаларға жер телімінің сапалық жай-күйіне, оның орналасуына, сумен қамтылуына, қызмет көрсетілетін орталықтардан қашықтығына және т.с.с. байланысты түзету коэффициенттері (оны төмендететін немесе жоғарылататын) қолданылады. Мәселен, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан неғұрлым қашық болған сайын, оның төмендететін коэффициент соғұрлым төмен болады.  Бұлайша есептеу әрбір жер телімі бойынша жеке жүргізіледі.
Аукцион арқылы сату кезінде жер телімінің құны бірінші кезекте жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын көтеруді қарастыратын аукцион арқылы анықталады. Мұндайда егер екі аукцион қорытындылары бойынша жер телімі сатылмаған жағдайда, ол жер телімінің бағасын кадастрлық құнынан белгіленген минимальді шекке дейін (кадастрлық құнынан 50 %  дейін) төмендетуді қарастыратын аукционға қойылады.

- Жер телімдерінің сатылуынан түскен қаражат қайда келіп түседі және олар қалай жұмсалады?

- Мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражат Ұлттық қор есебіне аударылады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында, яғни бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен пайдаланылады.  

- Адал тер төгіп жүрген жалға алушының жерін бай инвесторлар тартып алып жүрмей ме?

- Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер қазақстандықтарға 49 жылға жалға беріледі. Егер жалға алушы жалға алған жер телімін сатып алғысы келсе, онда ол бұл жерді сатып алуға ең бірінші кезекте құқылы болады. Мұндайда жерді сату аукционсыз – жеңілдікпен (50%-ға)  және оның құнын 10 жылға бөліп төлеумен жүргізіледі. Алайда бұған жерді жалға алушы оны өз мақсатында пайдаланса ғана жол беріледі.

- Сатуға нақты қандай жер телімдері қойылады?

- Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар жеке меншікке сауда-саттық арқылы бүкіл республика бойынша 1,7 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға шығаруды жоспарлауда. Тек Астана және Алматы қалаларында бұлай емес, себебі аталған қалалардың бас жоспарында ауыл шаруашылығын дамыту қарастырылмаған.
Қазіргі кезде барлық аймақтарда 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жер заңнамасына енгізілген жаңа түзетулер бойынша сатуға шығару үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

- Шетелдік азаматтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін жеке меншігіне алуға мүмкіндігі бар ма?

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін шетелдік азаматтардың жеке меншігіне иеленуіне жол берілмейді.  Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағына сәйкес шетелдіктер, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.

 

ҚР Жер кодексі бойынша өзекті мәселелер

Жер кодексіндегі жаңашылдықтар

Ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерінің шетелдік азаматтарға берілуі туралы
Жер кодексінің нормаларына сәйкес шетелдік азамат ауыл шаруашылығына арналған жер телімін тек жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалға алуға құқымен иелене алады.
Ауыл шаруашылығы жерлерін олардың жеке меншігіне берілуіне жол берілмейді.
Сатып алынған жер телімі сол құқық түрімен оған тиесілі бола алмайтын жағдайларда, үш ай ішінде бұл құқық түрі меншігінен шығарылуы немесе қайта ресімделуі тиіс.
Сонымен қатар шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғалараға және шетелдік заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының шекара маңы аймағында және шекара жолағында орналасқан жер телімдерінің берілуіне жол берілмейді.

Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы

ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес егер құрылысқа арналған жер телімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл бойы (егер жобалық-сметалық құжаттамада одан ұзағырақ мерзім қарастырылмаған болса) мақсатына сай пайдаланылмайтын болса, онда мұндай жер телімі Кодекстің 94-бабында қарастырылған тәртіппен мәжбүрлі түрде алынып қойылуы тиіс.   
Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншігіндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдеріне бұл норма қатысты емес.
Мұндайда Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы талапарыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінде қарастырылған жазалау шараларын қолданғаннан кейін ұсынылатын болады. Сонымен қатар мәжбүрлі түрде алу туралы талапарыз берілген жазбаша ұйғарым мерзімі өткен соң ұсынылады.
Жер телімін мақсаты бойынша пайдалану шараларын қабылдау үшін берілетін мерзім жер телімінің мақсатына сай пайдаланылмауы туралы факті анықталған сәттен бастап бір жылға белгіленеді.
Жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес, жер телімінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмау мерзімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап есептеледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (ары қарай – Кодекс) 97-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы).
Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. 
Осылайша, жер пайдаланушы жер учаскесін коммерциялық қызметке пайдалану үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуі қажет. Ол Кодекстің 49-1-бабымен реттеледі. 49-1-бабтың 2-бөлігіне сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды (Кодекстің 49-1-бабы 7-бөлігі).
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі өтінішті қабылдамау туралы жергілікті органның шешімі сәйкес ұсыныстың комиссияға келіп түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту уәжді болуға тиіс (Кодекстің 49-1-бабы 12-бөлігі).

Жер учаскесін кепілге салу

Кепiл берушiге жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесi кепiл мәнi болуы мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiнiң және жер пайдалану құқығының кепiлiне жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы ережелер қолданылады. (ЖК 76-бап) Жеке меншiк құқығында немесе уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар кепiлге берушi бола алады (ЖК 79-бап 1-б.).
Жер учаскесінің кепілі немесе жер пайдалану құқығы – бұл кепілдің келісіміне, я болмаса, Қазақстан Республикасы заңдарына негізделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі. Шаруаның жер учаскесін кепілге салу бойынша құқығы өз еркімен жүзеге асады, оны ешкім еркінен тыс кепілге салу туралы келісімге қол қойдыра алмайды. 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолдану тиімділігін бақылау жөнінде

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолдану тиімділігі Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген (2015 жылғы 27 наурыз №268) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану Ережелерімен реттеледі.
Ережелер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, соның ішінде, егістік өнімділігінің құлдырауына, топырақ құнарлығының жойылуына, арам шөптердің және т.б. өсімдіктердің басып кетуі салдарынан жер учаскесінің ауыл шаруашылығы мақсатынан шығып қалуына жол бермеуге бағытталған.
Жерлерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік бақылауы бойынша жұмыстар жүргізуде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері өзекті болып отыр.
Жергілікті атқарушы органдардың жерлерді пайдалану мен қорғауды бақылау бойынша басқармалары жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған жағдайда оларға әкімшілік әрекет ету шараларын қабылдайды, тіпті, жерді тәркілеуге дейін бара алады.

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Бірлікке ұйыған елге береке ұялайды

Бірлікке ұйыған елге береке ұялайдыАдамзат баласы қауымдасып, бір мекенге топтасып өмір сүруге бейім жаратылған. Топтасып өмір сүрудің де өзіндік хикметі бар. Егер қайсыбір қауымның өмір тіршілігінде бірлік, ынтымақ, имандылық, өзара келісім, ортақ түсінік, т.б. құндылықтар басты орынға қойылса, сол халықтың берекесі артып, ғибратты ғұмыр кешеді.
Тұрақтылық бар жерде татулық орнайды. Татулық бар жерге Алла береке нәсіп етеді. Ынтымағы ыдыраған елден ырыс та кетеді. Біз мұндай жағдайды алыстағы елден емес, жақындағы көршілерімізден-ақ көріп отырмыз.
Еліміздегі мешіттер мен медреселердің, діни оқу орындарының жұмысын қадағалап, бақылап-басқарып отыру міндеті маған жүктелгеннен кейін жамағатты діни саладағы кейбір нәзік мәселелерге әрдайым байыппен, сабырлықпен қарауға шақырамын.

Дін тек бірлік пен бейбітшілік орнаған елде қанат жаяды. Мұны әсте ұмытпауымыз қажет. Бүлік бар жерде береке кетеді. Ондай ортада дінді ұстану былай тұрсын, адамның күнделікті өміріне қауіп төнбей ме?
ХХІ ғасыр осындай күйге душар болған миллиондаған халықтың бүгінгі мазасыз өмір тіршілігіне куә. Алла Елшісінің: «Көпшілікпен бірге болыңдар, бөлінуден сақтаныңдар», – деп бұйыруында үлкен ғибрат бар. Мұндайда халқымыз: «Бөлінгенді бөрі жейді», – демей ме?!
Дін – адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, ізгілікке бастайтын ұлы жол. Имандылық –адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетелеп, жақсылыққа үндейді, адамның бүкіл өмірін, амалын ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттайды.
Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байытып, жер бетіндегі адамзат қауымының игілікте өмір сүруіне ықпал ететін қуатты күш.
Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымаққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Ал өзара келісім мен жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз.
Алла Тағала Қасиетті Құранда «Маида» сүресінің 2-аятында адамзат баласына: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар...» деп бұйырған.
Біз халықтарды бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа шақыруда діни тұлғалардың айрықша рөлін ескеріп, имамдардың әлеуетін, қабілеті мен тәжірибесін арттыруға баса назар аударып келеміз.
Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында халқымыздың рухани өміріне, мәселен отбасы құндылығын арттыру, жат ағымнан алыс болу, бірлікті сақтау, қайырымдылық жасау, мейірімді болып, кешірім жолын ұстану секілді сауапты амалдарға да мән береді.

Президентіміз жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, сонымен қатар жаңа тарихи жағдайларда ұлтымыздың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі «100 нақты қадам» жоспарын жариялады. Бұл бағдарлама күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын болады. Осы құжатта әлеуметтік көмек, сапалы білім беру, сапалы медициналық көмек сынды халыққа қажетті мемлекеттік қолдаулар айтылды. Сапалы білім алған, дені сау адам елдің игілігі мен өркендеуіне көбірек үлес қосатыны даусыз.
Осы тұрғыда, Елбасымыздың бастамасын қолдау мақсатында мүфтият тарапынан имамдардың діни және зайырлылық сауаттылығын арттыруға баса мән берілуде. Қазіргі таңда көптеген имамдарымыз діни білімдерімен қоса зайырлылық білім алуға көптеп талпыныс білдіруде. Халқымызға сапалы қызмет көрсету - имамдарымыздың басты міндеті.
Мемлекет басшылығы ешқашан жеті рет өлшеп, бір рет кеспей шешім қабылдамайды. Басшыға бағыну – кәміл мұсылманның бір парызы, ал басшылық қашанда халықтың игілігіне жарайтын шешімдер қабылдайды. Сондықтан қазіргі таңдағы қоғам ішінде туындап жатқан түрлі мәселелерге кең түсіністікпен қарап, ел ішінде тыныштықты, ауызбірлікті сақтап ұйымшылдыққа ұйытқы болуға үлес қосу, әрбір мұсылманның міндеті болып табылады.
Қазіргі күні біздің қоғамымызда жер мәселесіне қатысты жұртшылық тарапынан туындаған алаңдаушылықтарға байланысты Жер кодексінің жекелеген баптарына Елбасымыз мораторий жариялағындығы дүйім жұртқа мәлім. Сондықтан жер мәселесін Елбасымыз айтқандай ақылға салып, қоғамдық талқыдан өткізіп оңтайлы шешім жолын ұсынуымыз қажет.
Әрбір адамның жаны, өмірі – өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта, дұрыс бағытта ұстап тұру да – баршаға аманат екендігін ұмытпайық. Қазақ елінің ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігін, тыныштығын сақтауда құлдай еңбек етіп, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз – азаматтық парызымыз һәм мұсылмандық міндетіміз.
Біздің негізгі бағытымыз – діни, рухани сала болғандықтан, еліміздің рухани дамуы жолында еңбек етіп келеміз. Өйткені, халықтың иманы мен руханияты артса, еліміз де өркендейді.
Бейбіт заманды басты байлығы санаған халқымыз қашан да татулықты тұғырына айналдырған.

Тарихтан белгілі, халықтың болашағын ойлаған дін қайраткерлері де татулық пен бірлікті басты бағдар еткен. Халықтар бірлігі – бәрінен қымбат қазына деп санаған.
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандықтың іргетасын бірлікпен бекіткен. Алла Елшісінің тайпалар мен руларды бір мақсатқа біріктіруі – кез келген басшыға басқару ісінде үлкен бағдар болары хақ.   
Халқымызда: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», – деген қанатты сөз бар. Алла Тағала барша адамға Құран кәрімде Хужурат сүресінің 10-аятында: «Шын мәнінде, мүмкінде ағайындар. Сондықтан да ағайын арасын түзетіңдер...» – деп бұйырған.

Әрбір парасатты пенде әлемдегі қаржылық дағдарыс пен адамдар арасындағы әділетсіздік, отбасылық күйреу, әлеуметтік келеңсіздіктер секілді мәселеден құтылудың бір ғана жолын түсінді. Ол – рухани құндылықтарды бірінші орынға шығару.
Бүгінде қоғам діннің адамгершілік құндылықтарына мұқтаж. Ал осындай рухани күйзеліс сәттерінде дін, зиялы қауым өкілдерінің белсенді жұмыстарына үміт артылады. Қамыққанға қамқор болу – ол да парасатты адамның асыл парызы емес пе? Ендеше, ізгі істерде бір-бірімізге көмекші болайық, бауырлар!
Алла Елшісінің: «Берген қол алған қолдан жоғары» деген өсиетін негізге ала отырып, әрдайым мемлекетімізден қол жайып сұрай бермей, біз мемлекетімізге не бере алдық, Отан үшін не істедік деген сұрақтар әрбір мұсылманды мазалауы қажет.
Еліміздегі әрбір кәсіп немесе мамандық иесі өз саласы бойынша ең сапалы түрде қызмет етер болса Елбасымыз меже етіп көрсеткен дамыған отыз елдің қатарына енуіміздің ауылы алыс емес екендігі баршамызға белгілі жайт.
Алла Тағала халқымызға бақ-береке бергей. Жер бетінде тыныштық орнап, қашан да тату ғұмыр кешуді нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мұсылмандық мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай! Әмин!

 

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

Президент Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына, 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға:
1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;
3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруа-
шылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер енгізуді қамтамасыз етсін;
2) жер реформасы жөнінде Комиссия құрсын;
3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр

Жер кодексі:
өзекті сауалдарға нақты жауаптар

Жаңартылған Жер кодексінің қолданысқа енгізілуіне орай ауыл шаруашылығына жарамды жер телімдерін ұқыпты пайдалану, сәйкесінше аграрлық секторды дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтудың қосымша
мүмкіндіктері, инвестиция тарту, инновациялар енгізудің заңнамалық негіздері қаланады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының үнемді және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жерлерді нарықтық айналымға енгізудің төмендегідей шаралары ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне мынадай өзгерістер енгізілді.
Бірінші. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына аукцион арқылы сатылып, жеке меншік құқығымен ұсынылатын болады (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2015 жылғы
2 қарашадағы редакциясындағы 24 және 48-1 баптарына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий қойылды).
Түсініктемелер:
Қазіргі уақытта облыстың жер қоры 28,3 млн. гектарды құрайды.
Аукционға запастағы жерлер ғана шығарылады: оның 1,3% (144,3 мың гектар) ғана егістік алқаптарды құрайды. Бұл негізінен деградацияға ұшыраған, қайтарым деңгейі төмен пайланылмай жатқан жерлер.
Запастағы жердің 98% (8,3 млн. гектар) жайылымдық алқаптар құрайды.
Аукцион – бұл қатысушылар арасында ашық бәсекелестікті қамтамасыз ете
отырып, жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін сатуға немесе жалға алу құқығын беруге бағытталған сауда өткізудің тәсілі.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сату аукционына қатысу құқығы тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана беріледі. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар
мұндай аукциондарға қатыса алмайды. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер телімдерін сату немесе жер телімдерін жалға алу құқығы жөніндегі сауданы (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу
ережелері»).
Жер телімі аукционға құнын арттыру тәсілі бойынша екі рет шығарылады.
Егер бастапқы екі аукцион қорытындылары нәтижесінде жер телімі сатылмаса, онда ол оның кадастрлық құны белгіленген минималды шекке дейін (кадастрлық құнынан 50%-ға дейін) төмендетуді қарастыратын аукционға қойылады. Жер телімдерінің кадастрлық құны оның сапалық күйіне, орналасу орнына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты анық-
талады. Мысалы, облыс бойынша егістікке жарамды 1 гектар жердің орташа құны 46 мың теңгені (21 мыңнан 63 мыңға дейін), ал 1 гектар жайылымдық жердің құны шамамен 8 мың теңгені құрайды.
Екінші. Жалға берілген жер телімдерін сатып алу кезінде жеңілдетілген шарттар ұсыну (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49 және 171 баптарына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий қойылды).
Түсініктемелер:
Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығына арналған 10,3 млн. гектар жердің (соның ішінде 1,4 млн. гектар егістіктің) 10,2 млн. гектары облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне жалға берілген. 78,3 мың гектар ауылшаруашылық алқаптары жеке меншіктің қолында (0,8%), оның ішінде 70,8 мың гектар немесе 90,4%
жайылымдық.
Жалға берілген және пайдалану ережесіне сай жұмыстар жүргізіліп
отырған жерлерге ешкім қол сұға алмайды.
Түсініктемелер:
Қазақстан азаматтарына жерді 49 жылға жалға беру туралы
норма 2003 жылы қабылданған. Жер кодексіне енгізілген. Ал бұл ереже бойынша олардың өздері жалға алып отырған жерлерін әлі ондаған жылдар бойы пайдалана алатындығын білдіреді.
Сондай-ақ, жерді пайдаланушы өзі жалға алып отырған жерін ешқандай
саудасыз жарты бағасына, немесе кадастрлық құнының 50% ғана және
10 жылға дейінгі мерзім ішінде бөліп төлеу шартымен сатып алуына болады. (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2015 жылғы
2 қарашадағы редакциясындағы 171 және 48-1 баптарына 2016жылдың 31 желтоқсанына дейінмораторий қойылды). Немесе өзүлесін құрылатын серіктестіктер менкооперативтердің жарғылық капиталына бере алады.
Үшінші. Жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2015 жылғы 2 қарашадағы редакциясындағы 37 және 79 баптарына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий қойылды).
Түсініктемелер:
Ұсынылған норма жерді пайдаланушыларға жалға беру құқығымен құқықтық мәмілелер жасауға, жалға беру мерзімі ішінде банкке кепілдікке қоюға, иеліктен шығаруға мүмкіндік береді. Яғни, жер оны пайдаланушы үшін қаржылық құралға айналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жер телімін кепілдікке қою шаруаның өзінің қалауында екендігі көрсетілген. Ешкім оны жерін кепілдікке беруге мәжбүрлей алмайды.
Бұл жалпы жерді пайдалану құқығының бағалылығын арттыруға, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдаудағы пәрменді тетікке айналуына ықпал етеді. Шаруа және фермерлік шаруашылықтар құру және ауылшаруашылық тауарларын өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері берілген Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік емес мекемелер (АҚ, ЖШС, кооперативтер,
фермерлер және т.б.) жерді сатып алмай-ақ, өз істерін жалғастыра алады. Бұл жерде олардың өздері пайдаланып жалға алып отырған жерді басқа біреулерге жалға бере алмайтындығы айтылған.
«Жерді шетел азаматтарының меншігіне сату туралы ешқандай әңгіме
БОЛҒАН ЖОҚ және БОЛМАЙДЫ ДА».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 2016 жылғы 5 мамырда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөніндегі кеңесте
сөйлеген сөзінен «Егер талқылаудан кейін Парламент ортақ шешімге келетін болса, мораторий алып тасталады, ал егер олай болмаса, күшінде қалады...».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 2016 жылғы 5 мамырда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөніндегі кеңесте
сөйлеген сөзінен

Төртінші. Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдету (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2015 жылғы2 қарашадағы редакциясындағы 97 бабына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторийқойылды).
Түсініктемелер:
Әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығындарды азайту арқылы аграрлық салада қолайлы жағдайлар жасау үшін Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлеріне шаруашылықпен байланысты нысандар салу кезінде және шаруашылық жүргізу формасы өзгерген кезде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау нормасы енгізілді. Мысалы, егер бұрын көкөніс өсірумен айналысқан шаруашылық сүт өндірісіне өз-
герген кезде, жердің нысаналы мақсатын өзгерту қажеттігі туындайтын еді, ендігі уақытта бұл талап етілмейді. Бастысы– ауылшаруашылық бағытын
сақтау.
Ауыл шаруашылығына қатысы жоқ құрылыстар, соның ішінде тұрғын үйлер (оның ішінде жеке меншік үй) салуға жол берілмейді.
Кодекстің 49-1-бабының 2-тармағына сәйкес, жер телімінің нысаналы мақ-
сатын коммерциялық қызметке ауыстыру үшін жерді пайдаланушы жер телімі орналасқан жердегі әкімдікке өтініш беруі қажет.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде, жерді өтініште көрсетілген нысаналы мақсатқа өзгертудің мүмкінді-
гіне қатысты ұсыныс дайындайды (Кодекстің 49-1-бабының 7-тармағы).
Жергілікті атқарушы органның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе өзгертуден бас тарту туралы шешімі комис-
сияның тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Түсініктемелер:
Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мақсаты – жерді күтіп, пайдалану жұмыстарының сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз ету. Ең басты қажеттілік те осы.
Қазір бізде құнарлылығы төмен, тозған, пайдаланылмай жатқан алқаптардың үлесі көп. Жерді тұтынушылық немесе басқа мақсаттарға пайдаланудың да орын алып отырғаны шындық. Біз өзіміздің жер қорымыздың зор әлеуетін пайдалана алмай отырмыз. Мысалы, Қазақстанның 147 млн. гектар жайылымдық жері бар және ол ірі қара етін тұтынушылар қатарындағы екі елмен шектеседі. Бұл – Ресей мен
Қытай мемлекеттері. Олар 2014 жылы 4 млрд. АҚШ долларынан
астам қаржыға сиыр етін сатып алды. Осындай ірі тұтынушылармен қатар
отырып, біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.
Негізгі себеп – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі шығындардың жоғарылылығына, қайтарым мерзімдерінің ұзақтығына, ауылды жерлерде инфрақұрылымдардың, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
және сақтау нысандарының жоқтығына, кадрлардың көптеп кетіп
қалуына байланысты ауыл шаруашылығына құйылатын инвестицияның аздығы. 2015 жылы елдің ауыл шаруашылығына 167 млрд. теңгенің
инвестициясы тартылды. Бұл өнеркәсіпке құйылған инвестициядан
23 есе аз.
Тәсілдерді өзгертудің уақыты жетті. Қолда жер бола тұрып, оның мүмкіндіктерін игермеу, тұтынушылық қатынаспен қарап, топырақты бүлдіру – қылмыспен тең салақтық. 2012-2014 жылдары облыс бойынша жүргізілген жер түгендеу шараларының нәтижесінде 984,3 мың гектар ауылшаруашылық жердің игерілмей жатқаны анықталды. Оның 500 мың гектардан астамы мемлекетке қайтарылды.
Елімізде «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіұтымды пайдалану Ережесінің» жаңадан қабылданғаны тегін емес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген).
Түсініктемелер:
Жерді пайдаланушы алқапты игеру кезінде барлық ғылыми- негіздемелік нормаларды сақтап, жайылымдардың тозбауын, топырақтың құнарсызданбауын қадағалауы қажет. Осы ережелерде топырақ пен адам денсаулығына зиянды гендік модификацияланған ағзаларды, кез келген химиялық тыңайтқыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынған. Жерді жалға алушылар жаңа технологиялар мен инновацияларды қолданып, жайылымдарда ауысымдылықты сақтауға тиісті.
Бүгінде облыстың 412 агроқұрылымында бір млн. гектарды қамтитын 320 ішкі шаруашылық жерге орналасу жобалары бар. Оның үштен бірі егістік жерлерге тиесілі. Егер жер телімі ауыл шаруашылығы мақсатына сай пайдаланылмаса (дәнді дақылдар егілетін егістіктің жер телімдері мен
шабындықтарда өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, жайылымдықтарда
2 жыл мал болмаса), жерді ұтымсыз пайдаланған жағдайда Қазақстан
Республикасы Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес сот тәртібімен жерді мәжбүрлі түрде тартып алу қарастырылған.
Топырақты қасақана бүлдіру, жер реформасын жүзеге асыру барысында жемқорлыққа бару, көші-қон заңнамасын бұзу сынды әрекеттерге жаңа заңда қатаң жазалар қарастырылған (Жер кодексінің 92,93,99 баптары мен ӘҚК-нің 137, 338 баптары, «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану Ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығы).
Жерді пайдалануға мемлекет тарапынан жүргізілген бақылау аясында облыста 1,5 жылдың ішінде 139 мың гектардан астам алқаптың
пайдаланылмағаны немесе заңнаманы бұзып қолданылғаны анық- талды. Бұл алқаптар түгелдей мемлекетке қайтарылады.
Шетелдіктер мен шетелдік компанияларға Қазақстан жерін меншік
ретінде иемденуге тыйым салынған (Жер кодексінің 2015 жылғы 2 қарашадағы редакциясындағы 24 бабына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий қойылды).
Шетелдіктерге, сондай-ақ, шетелдік инвесторлардың жарғылық
капиталдағы үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға жер тек қосалқы қорлардан конкурстық негізде жалға беріледі. Бұған қоса, азаматтығынан айырылған қазақстандықтардың иелігіндегі

жерлер меншігінен алынып, қайта ресімделеді.
« ...Бұл ретте мораторий сақталған жағдайда ауыл шаруашылығының жағдайы нашарлауы мүмкін».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 2016 жылғы 5 мамырда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөніндегі кеңесте
сөйлеген сөзінен
Қазақстан Республикасының азаматы өз меншігіндегі жерге иелігінен айырылған жағдайда шетелдіктер, аталған тұлғалар (шетелдіктер)
жер телімін уақытша пайдалану құқығын үш айдың ішінде
қайта рәсімдетуі тиіс (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
66-бабы). Бұл талап орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жер телімін оның орналасқан жері бойынша қайтару туралы талап- арыз береді.
Түсініктемелер:
2003 жылдан бері ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер шетелдік кампанияларға 10 жыл мерзіммен жалға беріліп келген. Бүгінде облыста шетелдік инвесторларға Ұлан, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай және Зы-
рян аудандарынан 324 гектар ғана жер берілген (бұл барлық
ауылшаруашылық жерлердің 0,003 пайызын құрайды).
Жерді жалға беру мерзімі ауыл шаруашылығы бизнесінің ауқымды
капиталды қажет ететіндіктен, 25 жылға ұзартылып отыр. Мамандардың есебінше, аграрлық жобалардың өзін-өзі ақтауы 13-15 жылға тең. Сондықтан инвестор өзі салған қаржыны ақтап, табыс табуы үшін жалға алу мерзіміне
10 жыл қосылды. Үкімет Қаулысымен (№1071 22.10.2003) қала немесе аудан
аумағындағы шетелдік инвестордың тауарлы ауылшаруашылық өндіріс жүргізуіне уақытша жалға берілуі мүмкін ауылшаруашылық
жер телімдерінің максималды өлшемі бекітілді.
Ауылшаруашылық жерлерді жалға беру кезінде инвесторға телімді ұтымды пайдалану, инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу сияқты талаптар қойылады. Ереже бұзылған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Шетелдіктің меншігіне өндірістік және өндірістік емес ғимараттардың құрылысына қажет жерлер ғана беріледі. Алайда, шекаралық аймақтарда бұған да рұқсат жоқ (Кодекстің 23 бабының 4 тармағы).
Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты квота бір адамға бір жылға ғана берілетінін айта кеткен жөн (2016 жылдың 6 сәуіріндегі ҚР «Жұмыспен қамту туралы» Заңы).
Білікті мамандарға ғана берілетін бұл квотаны 12 айға екі рет қана ұзартуға болады. Жұмысшы мамандықтар мен маусымдық жұмысшылардың квота мерзімі ұзартылмайды.
Шетелдік жұмысшылардың Қазақстанда жұмыс істеуі арнайы квотамен, яғни, Үкіметтің шешімімен реттеледі және табыс табуға келетін адамдардың максималды саны жыл сайын бекітіліп отырады.
Қазақстанда бұл квотаның үлесі жергілікті халықтың арасындағы жұмысқа жарамдыларының 0,7 пайызынан аспауы керек. Мысалы, 2016 жылы квота мөлшері 63 мың адам деп белгіленді.
2015 жылы 32 мың адамға рұқсат берілген. Квотада негізінен жоғары білікті мамандарды тарту көзделген.
Өткен жылы елімізге келген шетелдік жұмыс күшінің 0,6 пайызы, яғни, 2054-і ғана ауылшаруашылық жұмыстарына тартылған. Соңғы бес жылда Қазақстанға келуші шетелдіктердің саны көбеймеген де, азаймаған да.
Осылайша, жер заңнамасына енгізілетін жаңа нормалар ауылдағы ең-
бек өнімділігінің артуына, азаматтарымыздың экономикалық активтерінің өсуіне салмақты үлес қосады.
Ауылшаруашылық жерлерді жеке меншікке алу мүмкіндігі саланың дамуына қуатты серпін бермек.
Жерге тек Қазақстан халқының ғана иелік жүргізе алатыны принципті
түрде маңызды. Бұл – біздің мемлекетіміздің мызғымас ұстанымы.

 

Парақтар өзгертілді: 09-06-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2017