КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 

 


Кұрылыс

Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша салынып жатқан объектілердің және әзірленетін жобалау-сметалық құжаттамалардың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «ШҚО Бородулиха ауданы Камышенка ауылының сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау» нысаны бойынша жұмыстар басталып, жргізілуде. Барлығы 335,71 млн.теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде 33,57 млн.теңге облыстық бюджеттен және 302,14 млн.теңге республикалық бюджеттен.ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасымен өткізілген конкурс нәтижесі бойынша аталған объект бойынша мердігер болып «TOMAX GROUP» өндірістік кооперативі анықталды, басшысы Мирошниченко Валентина Владимировна, бас инженер - Кишко  Александр Иванович.
2017 жылдың 1 шілдесіне жағдайы бойынша ұзындығы 43 км жер өңделіп, құбыр желісі төселді.
2017 жылға тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандар салу және енгізу бюджеттік қаражат есебінен қарастылыған жоқ.
«Бородулиха ауылы Казахстанская көшесі бойынша инженерлік инфрақұрылымдар (сумен жабдықтау, кәріз жүйесі) құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар сараптамадан өту кезеңінде және «Бородулиха ауылы Казахстанская көшесі бойынша инженерлік инфрақұрылымдар (электрмен жабдықтау) құрылысы», «Бородулиха ауылы Казахстанская көшесі бойынша инженерлік инфрақұрылымдар (автожолдар) құрылысы» аяқталу кезеңінде тұр.
Қазіргі уақытта инженерлік желілерімен Новопокровка ауылында 16 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша ЖСҚ түзету бойынша инвестициялық ұсынымдар экономикалық қорытынды алу кезеңінде тұр. 
«ШҚО Бородулиха ауданы Зенковка ауылының су құбыры желілерін реконструкциялау» сумен жабдықтау нысаны бойынша үш жылдық мерзімнің өтуіне байланысты, ЖСҚ толық қайта есептеу және түзету жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы - «СемТехПроект» ЖШС. 
Тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар жеке тұрғын үй құрылысы есебінен орындалуда. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында тұрғын үйді енгізу 1313 м2құрады, немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101% өсті. 

Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс бөлімінің басшысы Б.Маймаков

Бородулиха ауданы ауылдарының бас жоспарлармен қамтамасыз ету бойынша ақпарат

Бородулиха ауданында 4 әзірденіп, бекітілген бас жоспар бар: Бородулиха ауылының бас жоспары 2011 жылы «НПЦ Грид» ЖШС әзірленіп, Бородулиха аудандық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы №43-5-IV шешімімен бекітілді; Новопокровка ауылының бас жоспары 2012 жылы «Өскемен мұрағат қоры» ШӨБ ҚЖС әзірленіп, Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №11-7-V шешімімен бекітілді, Новая Шульба ауылы 2013 жылы «Өскемен мұрағат қоры» ШӨБ ҚЖС әзірленіп, Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 қарашадағы №18-4-IV шешімімен бекітілді, Михайличенково ауылында 2012 жылы «Өскемен мұрағат қоры» ШӨБ ҚЖС әзірленіп, Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №541 қаулысымен бекітілді.
Сонымен қатар, қазіргі Бородулиха ауданының бұрынғы совхоздар мен колхоздардың орталық қонысы мен қонысы бөлімшелерінің жоспарлау және құрылыс салу жобалары бар: Андроновка ауылы, Переменовка ауылы, Коростели ауылы, Тарск ауылы, Беккарьер ауылы, Камышенка ауылы, Шелехово ауылы, Орловка ауылы, Зенковка ауылы, Ивановка ауылы, Песчанка ауылы, Дмитриевка ауылы, Ремки ауылы, Аул ауылы, Жерновка ауылы, Березовка қос/шар, Кондратьевка ауылы, Пролетарка ауылы, Ново- Васильевка ауылы, 2-ая Пятилетка ауылы, Боровое ауылы, Уба-Форпост ауылы, Сахновка ауылы, Белағаш ауылы, Красный Яр ауылы.

«ШҚО Бородулиха ауданының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

 

Бородулиха ауданында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

Тұрғын үй құрылысы жоспарланатын елді мекендер тізімін анықтау.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 2012 жылы әзірленіп, қорғалды. 2019 жылға дейінгі кезеңге дейін құрылысы жоспарланған пәтерлер саны 250 құрайды. Бұл пәтерлер саны 2012 жылғы 1 қаңтарға бар кезектілікті есепке алып есептелді, балалар үйінің түлектерін баспанамен қамтамасыз ету қарастырылды. Бородулиха ауданында бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғын үй құрылысы және ұзақ уақыт қолданылмайтын көп пәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жоспарланған негізгі елді мекендер ретінде Бородулиха и Новопокровка ауылдары анықталды. Бородулиха ауылында 5 қабатты тұрғын үйді (60 пәтер) қалпына келтіру, Новопокровка ауылында 16 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланған. Бұл үшін 2012 жылы аудан бюджеті есебінен Бородулиха ауылы, Ф.Середин көшесі 40 мекенжайы бойынша ұзақ уақыт қолданылмайтын 5 қабатты тұрғын үйдің жеке меншік иелерінен 54 пәтер сатып алынды.Төлемақы сомасы 25,8 млн тенге құрады. Дәл сондай, аудандық бюджет қаражаты есебінен Новопокровка ауылы Советская көшесі 11 мекенжайы бойынша 5,4 млн тенге сомасында 16 пәтерлі үй сатып алынды.
Болашақта, Бородулиха ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде, бекітілген бас жоспарға сәйкес құрылыстан бос жер телімдері анықталып, жаңа тұрғын үй құрылысы жоспарланды, атап айтқанда: жеті екіпәтерлі және төрт қырық пәтерлі үйлер.

2. Бас жоспардың, ТЖЖ бары.
Заң талаптарына сәйкес әзірленіп, бекітілген бас жоспарлар немесе құрылыс салу схемасы жоқ елді мекендерде құрылысқа тыйым салынады. Осы талаптапға сәйкес, «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының орындалмауына жол бермеу үшін 2011 жылы Бородулиха ауылы бойынша бас жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, 2012 жылы Новопокровка ауылы бойынша бас жоспар әзірленіп, бекітілді. 2012 жылы Михайличенково тірек ауылы бойынша бас жоспар әзірленді, ал 2013 жылғы қарашада Новошульба ауылының бас жоспарын әзірлеу аяқталды. «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде жоспарланған тұрғын үй құрылысы үшін бар бас жоспарларға түзету енгізу қажет емес.

 

3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамсыздандырылғандық.
Қалпына келтіру жоспарланған көп пәтерлі үйлер үшін, атап айтқанда: Бородулиха ауылында 5 қабатты тұрғын үй (60 пәтер), Новопокровка ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй, алаңішілік инженерлік желілер жобалау және салу қажет, ал жеті екіпәтерлі және төрт қырық пәтерлі үйлер үшін, бар желілерге қосылумен, 700-800 м инженерлік желілерді жобалау және салу қажет болады (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз жүйесі және электрмен жабдықтау).

   
4.   2015 жылғы 15 маусымына жағдайы

Бородулиха ауылындағы 5 қабатты тұрғын үй бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай 2013 жылы ЖСҚ әзірленді және мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба «Семстройпроект» ЖШС жасалды.
Үйді қалпына келтірудің жасалған келісімшарт бойынша құны - 220,662 млн. теңге, ал инженерлік желілерді реконструкциялау құны – 69,355 млн. теңге. 2014 жылы, реконструкциялауды бастаудың бірінші жылы облыстық бюджеттен 84 млн теңге игерілді, оның ішінде 54 млн. теңге – тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге және 30 млн. теңге – инженерлік желілер құрылысына бөлінді, аудандық бюджеттен 1468,0 мың теңге игерілді. 2015 жылы нысанды аяқтауүшін облыстық бюджеттен 204549,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөліндіоның ішінде үйге – 165194,0 мың теңге және желілерге 39355,0 мың теңге.
Үй бойынша келесі жұмыстар орындалды: аумақтарды дайындау, терезелерді орнату, балконның есіктерін орнату. Шатыр, сырттағы бөлшектер бойынша жұмыстары аяқталды.
2015 жылдың 15 маусымына үй бойынша орындалған жұмыстар көлемі құрайды: аралықты қалау -100 %млн теңге, еден астын дайындау – 100 % , электрмонтаждау жұмыстары - 90%, кәріз жүйесін гидрооқшаулау -100 %, тас және бетон қабырғалардың бетін сылақтау - 99%, жылу беру, ішкі жұмыстар - 75%, игерілді. 142,47 млн. теңгеқаражат игерілді.
59 пәтерлі үйге инженерлік желілерді реконструкциялау бойынша келесі жұмыстар орындалды: Транформаторлық подстанция сатып алынды және жинастырылды, қазандықтың құрылысы аяқталды, электрмен жабдықтау кабелі төселді. Кәріз жүйесінің алаңішілік желілері 100 % орындалды. Жылумен қамтамасыз ету - 40 % , 40,9 млн. теңге игерілді.
Жұмыс барысында электрмен жабдықтау жүйесінің ЖСҚ түзету енгізу қажет болды, яғни жылу беру жүйесі электрден қатты отынға ауысты, №7 қазандықта екі қазан ауысып, тағы бір қазан қойылды. Қазіргі уақытта түзетілген жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Нысанды тапсыру 2015 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.

И.Лаукарт, сәулет, қала құрылысы жәнеқұрылыс бөлімінің басшысы 

Бородулиха ауданындағы құрылыс барысы туралы ақпарат

 

Бородулиха ауылында 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Семейпластком» ЖШС. Үйді қалпына келтіру бойынша жалпы сметалық құны - 228,99 млн. теңге және инженерлік желілер құрылысының құны – 73,43 млн. теңге. Құрылыс 2014 жылдың наурыз айында басталды. Облыстық бюджеттен 100 млн. теңге, оның ішінен 70 млн. теңге – тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге және 30 млн. теңге – инженерлік желілер құрылысына бөлінді.
Үй бойынша келесі жұмыстар орындалды: аумақтарды дайындау, терезелерді орнату, балконның есіктерін орнату, қоршауды бұзу, жабынды плитасын бұзу, жылытқышты бұзу, желдету шахтасын қалпына келтіру, шатыр, қоршауды қалау бойынша, сыртқы өңдеу жұмыстары аяқталды. 59-пәтерлі үйдің инженерлік желілер құрылысы бойынша барлық жоспарланған 30 млн. теңге игерілді. Транформаторлық подстанция сатып алынды және құрылды, екі электрлі қазанға қазандық құрылысы аяқталуда, электрмен жабдықтау кабелі төселді. Объекті тапсыру 2015 жылға жоспарланды. Дмитриевка ауылының су құбыры бойынша және Бородулиха ауылының су құбырын реконструкциялаудың екінші кезегі бойынша жұмыстар аяқталуда. Аталған объектілерді іске қосу қазан айының аяғына, қараша айының басына жоспарланады.

 

И.Лаукарт, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

 

Михайличенково ауылында жаңа үйлердің кілттері тапсырылды

Михайличенково ауылында жаңа үйлердің кілттері тапсырылды2015 жылдың 26 маусымында Андреевка ауылдық округінің Михайличенково ауылында жаңадан салынып тұрған Болашақ көшесінде «Новая Заря» ш/қ» ЖШС мамандары мен жұмысшыларына жаңа үйлердің кілттерін тапсыруға арналған іс-шара өткізілді.
Екі механизатор Р.О.Сакетаев пен В.П.Девятияров және есепші О.А.Лаптева жаңа үйлердің бақытты иелері болып аталды.
«Новая Заря» ш/қ» ЖШС директрыА.Х.Матаев пен Андреевка ауылдық округінің әкімі Б.Т.Кулаков құттықтау сөз сөйледі.
Екі екіпәтерлі үйлерді салу «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылғы күзде басталды, бір жыл да өтпей, «Новая Заря» ш/қ» ЖШС шамасымен аяқталды. 2015 жылы тағы үш екіпәтерлі үйді салу жоспарлануда.

 

«Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Парақтар өзгертілді: 02-03-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019