КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы

№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

1- сұрақ. Алдын – ала сату кассасында поезға билеттер сатып алдық. Денсаулығымның жағдайына байланысты, жүруге дейін 10 күн қалғанда билеттерді тапсыруға тура келді. Қолданылмаған билеттер үшін ақшаны ала – алмай жүрміз. Осындай жағдайларда қалай істеуге болады?

Жауап: Жолаушылар мен тасымалдаушылардың құқықтық өзара іс-әрекеттері көлік саласындағы заңнамамен реттеледі. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, жолаушы көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының 254-бабына сәйкес, жолаушы қажет болған жағдайда жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтарады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлем ақысын алады.

Заңның 22-бабына сәйкес, Тұтынушы тауарды өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы өздігінен немесе өкіл арқылы (адвокаттық контора, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) сотқа жүгінуге құқылы.

2-сұрақ. Интенет – дүкенде сатып алынған тауар сапасыз болып шықты. Көрсетілген телефон бойынша қоңырау соғып едім, мәселені шешеміз деп уәде берді. Бір апта өтті, телефон қоңырауларына жауап бермейді. Мен сапасыз тауарды қайтара аламын ба?

Жауап: заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.

3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.

Заңның 22-бабына сәйкес, Тұтынушы тауарды өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы өздігінен немесе өкіл арқылы (адвокаттық контора, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) сотқа жүгінуге құқылы.

Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:

 - құқығын бұзушы сатушыға (орындаушыға) сотқа дейінгі жазбаша наразылықпен,

- тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне,

 - сотқа жүгінуге құқылы. 

Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса  тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

Егер сатып алған тауарыңыз бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Парақтар өзгертілді: 16-02-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019