КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


БҰҰ-мен ынтымақтастық

ҮЕҰ қызметі сапасының стандарттары: олар қандай болуы керек?
   

 

Қазақстандағы МДМ жүзеге асыруды жеделдету мақсатында аймақтық айырмашылықтарды еңсеру

 

2007 жылғы МДМ туралы Ұлттық есепте  соңғы уақыттағы маңызды  прогресске қарамастан, аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылық  әлі күнге дейін  елеулі, әсіресе  Қазақстанның қалалық және ауылдық аймақтары арасында, оның ішінде мемлекеттік қызметтер мен олардың сапасы, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізу. 

Шығыс Қазақстанда 2008 жылы  адамдардың кедейшілік индексі Астана қаласының индексінен 9,8% төмен болған, ал Шығыс Қазақстан  аумағындағы екі үлкен қаламен ауылдық аймақтардағы өмір сүру деңгейлерінің де едәуір айырмашылығы бар. Осы уақытта қолданылып жүрген орталықтандырылған жоспарлау және үкіметаралық фискалды тетік өңірлік теңдікті кеңейту проблемасын шеше алмайды, және де ол мүмкін фрагментарлық қатынастын, қатаңдықтын және белгілі жердің ерекше сұраныстарын өтей алмағанның әсерінен олардын күшеюіне қолғабыс етті. Бірақ жақында өткізілген екі реформа, қарапайым болса да өзгеріске мүмкіндік берді. 

Жергілікті өзін-өзі басқару заңы жергілікті жиындардың,  алғаш жергілікті бюджеттік жоспар құруға және олардың орындалуын қадағалауға қатысуын қарастырады, ал Бюджет Кодексі ауданды өзіндік шығын функциясы бар бюджет субъектісі ретінде қабылдайды. Жобаның мақсаты жергілікті даму, осы рәсімдерде кең қоғамдық қатысу, оған қоса заңнамадағы таяудағы өзгерістерді тиімді пайдалану арқылы жоспарлау, бюджеттендіру саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруда және қаржылық менеджмент жүйесінде инновацияларды ынталандыру жолымен қолдау болып табылады. Жобаның пилоттық аймағына 2010-2011 жылдарға Бескарагай, Бородулиха аудандары және Семей қаласының маңындағы ауылдық аймақтар кіреді.

Нәтижелер:

  • жергілікті жоспарлау жүйесі мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
  • жоспарлау, бюджеттендіру, мониторинг және бағалау сұрақтары бойынша кеңес беру қызметтерін өткізу үшін дайындық іс-шаралар жүргізілді;
  • 30 астам бастамашыл топтар әлеуметтік жобаларды әзірлеу бойынша кеңес алды;
  • Бесқарағай ауданының 24000 жуық халқы пайда алды;

Серіктестер:

  • ШҚО  әкімдігі
  • Мәслихаттар
  • Қаржы және экономика Басқармалары
  • Азаматтық қоғам ұйымдары

Жобаның жүзеге асырылуы туралы ақпарат


БҰҰ ДБ жобасы жергілікті даму, осы рәсімдерде кең қоғамдық қатысу, оған қоса заңнамадағы таяудағы өзгерістерді тиімді пайдалану арқылы жоспарлау, бюджеттендіру саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруда және қаржылық менеджмент  жүйелерін жақсарту жолымен қолдау болып табылады.


Біздің аудандағы осы жоба – Бородулиха ауданының аумақтарының интеграцияланған және ғылыми негізделген жергілікті жоспарлау және мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асырудың жетілдірілген тетіктерімен кешенді дамыту бағдарламасының бірінші қадамы.
Жобаның білімдік бөлімінде, «ИРИС» РҚБ ауданның өкілдік және атқарушы билігінің қатысуымен БҰҰ ДБ жобасының тұжырымдамасын түсіндіру, Жергілікті өзін-өзі басқару туралы ҚР заңы, қауымдастықтардың қажеттіліктерін бірлесіп бағалау, бастамашыл топтармен жобаларды әзірлеу, мониторинг және бағалау туралы бірқатар семинарлар жүргізеді.


Ауылдық әкімдіктер БҰҰ ДБ жобасының жүзеге асырылуы туралы халықты хабардар ету, жобалық өтініштерді әзірлеу, басымдық мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты беру, жобаны жүзеге асыруға қаржылық, материалдық қолдау беру бойынша белсенді жұмыс.

 

 

БҰҰ бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігі мен мәслихаты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум
   

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018