КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Бородулиха ауылдық округі

 

Мұрат Құсайынұлы Аргумбаев Бородулиха ауылдық округінің әкімі

Мұрат Құсайынұлы Аргумбаев – 1965 жылдың 11 қаңтарында Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі –жоғары.
1998 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін бітірді, 2003 жылы «әлемдік экономика» мамандығы бойынша «Қайнар» университетін, 2013 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң унивеситетін тәмамдады.
Өзінің еңбек жолын 1982 жылдың маусымда кірпіш зауытында жұмысшы ретінде бастады, онда 1983 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істеді. 1983 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақыртылды. 1985-1996 жылдары Бородулиха ауданының тұтынушылар бірлестігінің, Бородулиха дезстанциясының жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1996 жылы Бородулиха ауданы бойынша Салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу жұмысы жөніндегі  салық инспекторы болып тағайындалды, онда 2008 жылға дейін өндіру бөлімінің бас салық инспекторы, салық төлеушілермен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, салық төлеушілермен жұмыс бойынша бөлім бастығы, Салық комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап 2011 жылдың желтоқсанына дейін Бородулиха ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының, Бородулиха ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. 2013 жылдың ақпанынан бастап  2013 жылдың наурызына дейін Павлодар облысы Қашыр ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті. 2013 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың  маусым айына дейін «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысы лауазымын атқарды.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, ауданы әкімінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 89-ж/қ өкімімен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

 

 

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
1 жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы  
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 70 жылдығын мерекелеу арналған Бородулиха ауылдық округі бойынша аумақты абаттандыру және тазарту бойынша ісшара жоспары шеңберінде «ТАЗА АУЫЛ!» байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ *. doc 27 kb

 

 

Әкімдіктің мекен  жайы: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Достық көшесі 15
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі.
Қабылдау сағаттары: 14.00-ден 17.00–ге дейін.
Байланыс телефондары:  8(723-51) 2-12-67,  8(723-51)2-13-54.

 

Бородулихинский сельский округБородулиха ауылдық округі 6057 тұрғын санымен облыс орталығы Өскемен қаласынан 200 км және Семей қаласынан 67 км орналасқан.
Бородулиха ауылдық округінің және Бородулиха ауданының орталығы Бородулиха ауылы болып табылады.

Бородулиха ауылының 50 км айналасында 16 ауылдық елдімекен орналасқан, онда 30 000 жуық адам тұрады. Бородулиха ауылы арқылы Өскемен қаласына шығатын облыстық маңызы бар жол өтеді. Аудан орталығынан 8 км жерде республикалық маңызы бар жол Семей қаласы–Ресей Федерациясы шекарасы өтеді. Бородулиха ауылының географиялық орналасқан жері ауыл шаруашылық өндірісі үшін, сондай-ақ кәсіпкерлікті және сауда дамыту үшін қолайлы.

Бородулиха ауылы даму потенциалымен жоғары деп саналады.
Бородулиха ауылдық округінің құрамына келесі елдімекендер енеді: Бородулиха, Знаменка, Успенка, Барышовка және Поднебесное.
Округтің табиғаты сұлу, ауыл дәл қалың орманның жанында орналасып оған ерекше бейне және таза ауа береді.
Орманда негізінде бұғылар, тиындар, кеміргіштер, түлкілер, қасқырлар, желістер және басқа хайуандар болады.

Ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 31892 га, оның ішінде елді мекен аумақтары -1721 га, ауыл шаруашылық жерлері -26856 га, жеке тұрғын үй салуға арналған жерлер -11,75 га құрайды.
Бородулиха ауылының негізгі қызметі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оны қайта өндеу сондай-ақ қызмет көрсету саласы болып табылады.
Ауылдық округтік шағын және орта бизнестерінде 36 сауда объектісі, 27 тұрмыстық қызмет көрсету, 7 қоғамдық тамақтану бекеттері, 3 ЖҚС, сондай-ақ «Мадина» базары тіркелген. Барлығы шағын кәсіпкерлікте 378 жұмысшы жұмыс істейді. Соңғы 3 жыл ішінде аудан орталығында 50 жоғары кәсіпкерлік және қызмет көрсету объектілері ашылды.

Қайта өндеу өнеркәсібін және өндірісін «Е.Зайтенов» шаруа қожалығы (шұжық цехы, ірімшік цехы, диірмен, наубайхана), «БОПОСИ» нан-тоқаш өнімдерін цехы, жиһаз өндірісін (ЖК Бихожаев), пима басу (ЖК Костенко), сплинтерлі кірпіш өндірісі (ЖК Бодриев), балапан шығару (ЖК Сүлейменов), бал өндіру және бөлшектеп орап қою, киім тігу, қалпына келтіру және төсек-орын тігу (ЖК Вагайцева), ағаштан бұйымдар жасау және жиһаздарды қайта қалпына келтіру (ЖК Ремнев), ағаштан құрылыс материалдар жасау (О.Ю.Петров), пластик терезелер және есіктер жасау (ЖК Туровский) ұсынды. Аталған объектілердің жалпы өндіру көлемі есептік кезеңде 350 млн. тенге, өткен жылдың деңгейінен 107% құрады.  
Барлығы Бородулиха ауылында 1725 аула бар, соның ішінде 118 пәтерлерімен 5 қабатты екі үй, 3 қабатты екі үй, 2 қабатты тоғыз үй.  

Бородулихинский сельский округАзаматтардың уақыттарын өткізу және ең сүйікті демалыс орындары Демалыс саябағы, Жеңіс саябағы, Абдулка тоғаны, «Сарқырама», жасанды төссеммен мини-футбол алаңы, спорт кешені болып саналады.
Даму бюджетінің арқасында соңғы 3 жыл ішінде округтің елді мекендері 80% жарықтандырылды.

«Ағаш отырғыз!» акциясы шеңберінде, сондай-ақ «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыру мақсатында округте 3500 астам ағаштар мен көшеттер отырғызылды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап телефон байланыс жүйесін жаңғырту жүргізілді, жаңғырту нәтижесінде Лесхоз тұрғындары цифрлық байланысқа көшті. Цифрлық байланысқа көшу тұрғындар үшін сапалы телефон қызметтерін, сондай-ақ жоғары шапшаң «Мегалайн» Интернетпен пайдалануға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік саладағы объектерден ауылда 3 мектеп, балабақша, аудандық медициналық бірлестік, бастапқы әлеуметтік-медициналық көмек көрсету орталығы, ЖБСМ спорт кешені, стадион, жалпы түрдегі мүгедектер мен қарттарға арналған әлеуметтік – медициналық мекеме, орталық кітапхана.

Кітапханада онлайн-орталығы ашылды, барлық азаматтар өзеріне қажетті ақпарат ала алады, компьютерлік дағдыға, билік органға және бейне байланыс режимінде билік органдарға шағымдануға.
Округте 1 жастан 6 жасқа дейінгі 225 бала бала бақшада тәрбиеленеді. Мәдени мекеме жұмыстары тарихи және мәдени мұраны сақтауға, сондай-ақ азаматтарды қоғамадық-мәдени өмірге тарту мақсатында түрлы мәдени-бұқаралық іс шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сол үшін округте Мәдениет үйі, Шығармашылық үйі, Достық үйі жұмыс істейді.

Ауылдық округі аумағында стадион, 4 спорт зал, оның ішінде 3-і жалпы білім беретін мектептерде және 1 жасөспірім балалар спорт мектебінде, ол мектепте 7 спорт түрінен 15 топ жұмыс істейді. Оқушылар контингенті 188 адам құрайды. Сондай-ақ Бородулиха ауылында Абай атындағы толық емес орта мектебінің аумағында  шаңғы базасы бар, олардың тәрбиеленушілері Риддер қаласында олимпиада резервінің мектебінде оқиды.
Жалпы Бородулиха ауылдық округі – әдемі және керемет табиғатымен кемелденген ауыл!

 

29.03.2016

Бородулиха ауылдық округінің
жергілікті қауымдастық өкілдерінің назарына

2016 жылдың 8 сәуірінде сағат 10.00-де Бородулиха ауылы Достық көшесі,152 мекенжайында орналасқан Бородулиха ауылдық окркугі әкімі аппаратының ғимаратында Бородулиха ауылдық округінің жергілікті қауымдастық өкілдерінің жиналысы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Ауылдық округі әкімінің 2016 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару қызметін іске асыруға бағытталған  ақшалай қаражаттың кірістері мен шығыстардың өзгеру жоспарына келісім жасау.
  2. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерімен 2016 жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігіне өзгерістер енгізу.
  3. Әртүрлі

 

Бородулиха ауылдық округінің әкімі К.Бичуинов

 

Парақтар өзгертілді: 17-06-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019