Ауданның округтері

Новопокровка ауылдық округі

Көшелердің атауын өзгерту туралы *.doc 29 KB


Бельская Индира Юрьевна Новопокровка ауылдық округінің әкімі

Индира Юрьевна Бельская - 1987 жылы 28 ақпанда Семей облысы Аягөз ауданы Аягөз ауылында дүниеге келді. Ұлты орыс. Тұрмыс құрмаған. Білімі – жоғары. 2007 жылы «салықтық іс» мамандығы бойынша Семей құқық және бизнес колледжін аяқтады. 2011 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін аяқтады.
Еңбек жолын 2007 жылғы қыркүйекте «ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік тіл редакторы болып бастады. 2009 жылғы қазаннан бастап 2013 жылғы қазан аралығында «ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазанынан 2017 жылғы наурыз аралығында «ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман болып жұмыс істеді.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі, аудан әкімінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 44 – ж/қ өкімі негізінде Бородулиха ауданының Новопокровка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.



Негізгі міндеттері


1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2.салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылы, Советская көшесі, 72. 
Қабылдау күндері: дүйсенбі.
Қабылдау сағаттары: сағат 09.00 сағат 18.30 дейін.
Байланыс телефондары: 8(7222)57-93-85, 8(7222)57-91-10.


Новопокровка ауылдық округіне 3 жергілікті мекен кіреді: Новопокровка, Сарноғай, Қарағайлы ауылдары. Округ орталығы Новопокровка ауылы болып табылады. Новопокровка жергілікті мекенінің облыс орталығына дейінгі қашықтығы 250 км, аудан орталығына дейін 50 км, Семей қаласына дейін 35 км. Ауылдық округтің аумағы 21 426 га құрайды.
Ауылдық округ тұрғындарының саны 2015 жылдың 1 шілдесіне 2802 адамды құрайды, оның ішінде Новопокровка ауылында 2605 адам тұрады, Сарноғай ауылы – 127 адам, Қарағайлы ауылы – 70 адам. Округте 15 ұлт өкілдері тұрады. Тұрғындардың жалпы санынан әлеуметтік-демографиялық құрамы келесідей үлгіде көрінеді: 720 зейнеткерлер, 81 студенттер, 426 оқушылар, 212 мектепке дейінгі жастағы балалар, 586 өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, 628 жұмыс істейтіндер азаматтар.
Ауылдық округ аймағында, Новопокровка ауылында 2 орта мектеп бар: «Новопокровка орта мектебі» және мемлекеттік тілде оқытатын «М. Әуезов атындағы орта мектебі». М. Әуезов атындағы орта мектебінде «Айгөлек» шағын орталығы қызмет етеді. Округте 2 ауылдық және 2 мектеп кітапханалары бар. Ауылда екі топ мемлекеттік тілді оқытуын жалғастыруда. Татар тілін оқыту үйірмесі де жұмысын жалғастырып келеді. 2014 жылдың ҚР Тәуелсіздік күні округте мемлекеттік тілді оқытуға арналған, ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан кабинеттің салтанатты ашылуы өткізілді, сондай-ақ мұнда ауылдық кітапхананың оқу залы да орналасады. 
Новопокровка ауылында дәрігерлік амбулатория және Сарноғай ауылында фелдшерлік акушерлік бөлім қызмет етеді. Новопокровка ауылының дәрігерлік амбулаториясында күндiзгi стационардың 2 кереуеттерi бар. Дәрігерлік амбулатория үшін жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.
Амбулатория диспансерлік есепте тұрған тұрғындарға тегін жеңілдетілген препараттарды  береді. Жыл сайын біздің округке Бородулиха АОА қозғалмалы флюроограф келді. 2014 жылы дәрігерлік амбулатория үшін жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды. Одан басқа, дәрігерлік амбулаторияға психологтың штаттық бірлігі берілді.
Округте ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, қайта өңдеу және сатумен айналысатын 13 шаруа қожалықтары, 2 ЖШС, 5 жай серіктестік қызмет етеді. «Исток-2» шаруа қожалығы бұршақ және біздің аумағымыздағы жаңа дақыл – рапсты егеді. Рапс өнімділігі 2014 жылы гектарына 10 центнерді құрады. «Лина» мен «Исток-2» шаруа қожалықтары 2014 жылы 15 млн. теңгеден екі итальяндық дән кептіргіштер сатып алды, ол астық өңдеу процессін тездетті. «Лина» шаруа қожалығында 2014 жылы әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы және жалпы сомасы 53,6 млн. теңгеге астық сақтауға арналған екінші ангардың құрылысы аяқталды. «Исток-2» ш/қ 34 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылық өнімдерді сақтауға арналған екі ангардың және 1 млн. теңге сомасына өндірістік ғимараттарға су құбыры желілерінің құрылыстарын аяқтады. «Лада» шаруа қожалығында 80 млн. теңге сомасына қоражайды жөндеу жұмыстарын, тракторларға арналған жылы авто тұрақты және мал сою алаңын қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Мал шаруашылығымен үш шаруа қожалықтары айналысады, олардың арасындағы ең ірісі «Лада» шаруа қожалығы болып табылады. «Лада» шаруа қожалығындағы мал саны 2015 жылдың 1 шілдесіне келесідей сандарды құрайды: 227 бас ірі қара, соның ішінде 118 сиыр, шошқалар – 72 бас, қойлар – 177 бас және жылқылар – 23 бас. Сондай-ақ мал шаруашылығымен «Алмаз» пен «Тогис» шаруашылықтары айналысады.
Мал шаруашылығы саласының табысты дамуында үй-жайдағы малдар да маңызды рөл атқарады. Округтегі 846 ауланың жартысы - 466 аула қосалқы мал шаруашылықпен айналысады. Мал саны 2015 жылдың 1 шілдесіне келесідей құралды: ірі қара – 1921 бас, қойлар мен ешкілер – 4493 бас,  жылқылар – 176 бас және шошқалар – 447 бас. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Новопокровка және Қарағайлы ауылдарының екі тұрғынына мал шаруашылығын дамыту үшін 3,3 миллион теңге сомасында несие құралдары берілді. 6 жылқы мен 5 бас ірі қара сатып алынды. Үй-жай малдары санының ұлғаюына байланысты 2 жұмыс орындары құралды.
Ауылдық округтегі ірі кәсіпорындардың бірі «Семейгидрогеология» ЖШС болып табылады. Кәсіпорынның жұмысы ШҚО Семей өңірінің аумағында   Республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша гидрогеологиялық зерттеулерді орындауға бағытталған. Жұмысшылар саны 138 адамды құрайды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шегінде «Семейгидрогеология» ЖШС 2014 жылы «Гидрогеолог» клубындағы жөндеу жұмыстарды толық аяқтады.

Кіші бизнес тұрғындарға тауарлардың көп түрлері берілетін 13 дүкенмен ұсынылған. «Лина» мен «На Садовой» дүкендерінде аз қамтылған азаматтарға азық-түліктерді сату үшін «Ардагер» әлеуметтік бөлімдері қызмет етеді. Хачатрян және Ибатуллин жеке кәсіпкерлерінің екі наубайханасы қызмет етеді, олар нан және нан-тоқаш өнімдерімен тек округ ауылдарын ғана емес, сондай-ақ округке іргелес орналасқан жергілікті мекендерді де қамтамасыз етеді. Сонымен қоса округте 2 дәріхана, шаштараз, киім, көрпе-жастықты тігу мен қайта өңдеу бойынша цехтар қызмет етеді. 2 кәсіпкер мектептерде ыстық тамақтануды ұйымдастырады. 2014 жылы кәсіпкерлік саласында 3 жаңа жоба іске асырылды: Хорун және Аникеев жеке кәсіпкерлерімен қақпалар, қоршаулар мен басқа да қақталған бұйымдарды өндіру бойынша цех ашылды. Ауыл үшін маңызды оқиға 200 орынға «Батима» кафесінің ашылуы болды. Тауганбай Е. «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысып, Қарағайлы ауылының маңайында қымызхана ашты. 2015 жылдың маусымынан бастап округте халуа өндіру бойынша цех - «AgroPromGrоup» ЖШС қызмет етеді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шегінде Бобоевтар отбасының жобасы жүзеге асып, көкөніс өнімдерін өсіру мен сату үшін арналған жылыжай қызметін бастады. Барлығы округте 28 жеке кәсіпкерлер бар.    

 

Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылдық округі
   
Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылдық округі
   
Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылдық округі
   
Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылдық округі
   
Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылдық округі

 

Парақтар өзгертілді: 18-10-2017