КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Петропавловка ауылдық округі

Марат Ахатұлы Жүнісов 1974 жылы 26 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, «заңгер» мамандығы бойынша «Қайнар» университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Казахстанская правда» ЖШС агроном болып бастаған. 1999-2003 жылдары «Берік» шаруа қожалығында есепші болып істеген. 2003-2005 жылдары Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің жетекші маманы болып жұмыс атқарды. 2007-2008 жылдары «Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің статистика комитеті Шығыс Қазақстан облыстық статистика Департаменті» РММ Бородулиха ауданының статистика басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.
2018 жылдың 16 қазанынан бастап Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып қабылданды.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы


Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Петропавловка ауылы,  Агиманова 1, көшесі.
Қабылдау күні: Дүйсенбі, жұма.
Қабылдау сағаттары: 14.30 -нан 18.00 дейін.
Байланыс телефондары: 8(7222)57-22-40

 

Ауылдық округі келесі елді - мекендерден құралады: Петропавловка ауылы,  Мещанка ауылы, Изатулла ауылы,  Воскресеновка ауылы
Ара қашықтық  Петропавловка елді мекеннен облыс орталығына дейін 260 шқ, аудан орталығына 60 шқ. Мещанка елді мекеннен облыс орталығына дейін 280 шқ., аудан орталығына 80 шқ., ауылдық округ орталығына 20 шқ. Изатулла елді мекеннен облыс орталығына дейін 272 шқ, аудан орталығына 72 шқ, ауылдық округ орталығына 12 шқ.
Воскресеновка елді мекеннен облыс орталығына дейін 252 шқ., аудан орталығына 65 шқ., ауылдық округ орталығына 18 шқ.
Ауылдық округ халық саны -1336 адам. Ауылдық округ аумағының жалпы алаңы -30359,65 га, оның ішінде елді –мекен аумағы -224,15 га, ауышаруашылық жерлер -30135,5 га.
Ауылдық округ аумағы Петропавловка ауылыңда Т. Аманов атындағы орта мектеп бар, жаңында шағын орталық жұмыс жасайды, қазіргі уақытта 25 бала барады және Мещанка ауылыңда бір бастауыш мектеп.
Әкімдік ғимаратыңда кітапхана орналасқан, кітап қоры - 16319 дана, оның ішінде 2849 мемлекеттік тілде. Осы кітапханада кітап көрмелері, сұхбаттасу, дөңгелек үстелдер өтеді. Осында Казпошта бөлімшесі де орналасқан.  
Білікті дәрігерлік қөмек көрсететін дәрігерлік амбулатория қызмет етеді, онда 1 дәрігер және 5 медперсонал жұмыс істейді.
Округте 55 шаруашылық құрылымы тіркелген, оның ішінде 1 ЖШС,
12 -  ЖЖ, шаруа қожалықтар - 42.
Біздің округте  кәзір 7 жеке кәсіпкер жұмыс істейді, олардың ішінде  5 дүкен және 2 кәсіпорын өндіруші.
Округте   «Мегалайн» интернет және 50 абонент сымсыз телефон жұмыс істеп тұр, «Актив», «Билайн» мобильдік байланыс қызмет жасайды. 2014 жылдан «Теле-2» мобильдік байланыс пайданалымға кіргізілді.
Ауылда үнемі жеке тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.
2014 жылы- жоспарланған 218 ш.м орнына 709  ш.м еңгізілді, 2015 жылы жылдың аяғына дейін екі тұрғын үй еңгізу жоспарлануда.

 

Петропавловский сельский округ Петропавловский сельский округ
   
Петропавловский сельский округ Петропавловский сельский округ
   
Петропавловский сельский округ
   

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-11-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018