КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері


Зубаир ауылдық округі

 

Есенжолов Ойрат СырлыбаевичЗубаир ауылдық округінің әкімі - Ойрат Сырлыбайұлы Есенжолов,

1971 жылы дүниеге келген. Білімі-жоғары, 1997 жылы «Семей» мемлекеттік университетінің «педагогика және бастауыш әдістемесі» мамандығы бойынша білім алды.
1989-1991 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтті. 1995 жылдың 27 шілдесі мен 2014 жылдың 1 наурызы аралығында Бородулиха ауданының Зубаир  орта мектебінде мұғалім, ал 2009 жылдың 20 мамыры мен 2013 жылдың 2 шілдесі аралығында осы аталған мектептің директоры болып жұмыс істеді.
Аудан әкімінің 2014 жылғы № 68-л/с өкімімен Ойрат Сырлыбайұлы Есенжолов Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Зубаир ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2.салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

     

    Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Зубаир ауылы, Октябрьге 70 жыл көшесі, 3.
    Қабылдау күндері: дүйсенбі,бейсенбі.
    Қабылдау сағаттары: 10.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға деиін.
    Байланыс телефондары: 8(7222)45-20-19.

    Ауылдық округ 3 елді-мекеннен тұрады: Зубаир, Байтанат,  Жаңаауыл. Округ орталығы Зубаир ауылы облыс орталығынан 265 шақырым қашықтықта, ал аудан орталығынан 65 шақырым. Зубаир ауылдық округінің жалпы жер көлемі 18482 га, ал  егіс алқабы 13887 га құрайды, Округте  49  шаруа қожалығы бар. Оның ішінде ірілері болып «Сұлтан» ш\қ (Г. Мендекеев),  «Ердос» ш\қ (Е. Керебаев.),  «Даут» ш\қ (Ж.К. Ягуфаров.), «Кузембай» ш\қ (Р.К. Мендекеев.),  «Тулеубек» ш\қ (Б.С.Шаймарданов.), «Архат» ш\қ (М.Б. Айтуганов.),Округ халқының саны  506 адамды құрайды, оның ішінде белсенділері 358 адам. Бұл округте 139 тұрғын үй бар, ал соның  131-і жекеменшік мал шаруашылығымен айналысады. Округ аумағында екі мектеп орналасқан, олар: «Зубаир орта мектебі» КММ (мектеп директоры Сазанбаев Қ.Қ.) оқушылар саны 64, мұғалімдер саны 21  және «Байтанат бастауыш  мектебі» КММ (мектеп директоры Жусупова Р.М.) 12 оқушы 1-4 сыныптар,  2 мұғалім, сонымен қоса  2 медициналық пункт бар,олар: Зубаир ауылында (мед бике А.Б.Төлеуғали) және Байтанат ауылында (фельдшер А.ТАубакирова.). Округте  мектеп және ауылдық кітапханалар бар  (кітапханашы А.АЖүкенова.), барлық кітап қоры 7977 баспа кітап, оның қызметтерін округ тұрғындары  пайдаланады. Қызмет түрінің аралас түрімен 3 дүкен қызмет етеді: «Медеу» -  Б.С.Ерубаева, «Жанарбек» - Ж.М.Дайрабаев, ЖК «Сүйіндіков» - З.Сүйіндіков. Округтың шаруа қожалықтары бидай, сұлы, арпа, қарақамұқ, күнбағыс сияқты дәнді дақылдар өсіреді және де шөп дайындайды.
    2014 жылы Байтанат ауылында бағасы 315000000 соммаға ауыз-су тазарту қондырғысын орнатып, қазіргі таңда ауыл халқы таза ауыз-суын пайдалануда. Сонымен қатар  РФ шекарасы-Байтанат ауылы-Зубаир ауылы-Петропавл ауылы- Воскресеновка ауылы қатынысындағы күре жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Округтің шаруа қожалықтары округтің әлеуметтік ұйымдарына іс-шаралар өткізуге,қажетті тауарлар сатып алуға үнемі демеушілік көмек көрсетіп тұрады. Осы іс-шараларды өткізуге, ауыл  жұмыстарын атқаруда округтегі қоғамдық  ұйымдар: ақсақалдар кеңесі (төрағасыҚ.Қ.Құсманов.) мен Әйелдер Кеңесі (төрайымы Р.С. Донкина.) белсене ат салысады. Округтің кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары   округтің санитарлық тазалығына,  абаттандыруға атсалысып тұрады.

     

    Зубаир ауылдық округі Зубаир ауылдық округі
       
    Зубаир ауылдық округі Зубаир ауылдық округі

     

    Парақтар өзгертілді: 25-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018