КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Андреевка ауылдық округі

Андреевка ауылдық округінің әкімі- Бербол Төкенұлы Кулаков 1967 жылдың 3 мамырында Семей облысы Новошульба ауданы “Заря” колхозының бөлімшесінде дүниеге келген. Казақ. Білімі - жоғоры. 1973 жылдан бастап 1983 жылға дейін  Семей облысының Семей қаласының №2 Семей орта мектеп-интернатында оқыды. 1983 жылы шілдесінен айынан бастап Семей облысы, Новошульба ауданы, «Заря» колхозында жұмысшы болып жұмыс істеген. 1983 жылы қыркүйектен бастап 1986 жылдың наурызы аралығында Новопокровка совхоз-техникумында ветеринар факультетінің студенті. 1986 жылдың мамырынан бастап 1986 жылдың мамыры аралығында Семей облысы, Новошульба ауданы “Заря” колхозында жұмысшы болып жұмыс істеген. 1986 жылдың мамырынан бастап 1988 жылдың мамыры аралығында Кеңес Әскері қатарында қызметін өтеді. 1988 жылдың мамырынан бастап 1988 жылдың шілдесі аралығында Семей облысы Новошульба ауданы “Заря” колхозында жұмысшы. 1988 жылдың тамызынан бастап 1990 жылдың қазаны аралығында Семей зоотехникалық-ветеринария институтының ветеринария факультетінің студенті. 1990 жылдың қазанынан бастап 1992 жылдың қарашасы аралығында Семей облысы Новошульба ауданы “Заря”колхозында ветеринар. 1992 жылдың қарашасынан бастап 1996 жылдың шілдесі аралығында Семей облысы Новошульба ауданы  “Заря” колхозында бас ветеринары қызметін атқарған. 1996 жылдың шілдесінен бастап 1997 жылдың қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новошульба ветеринарлық станциясында ветеринар инспекторы болып қызмет атқарды. 1997 жылдың қаңтарынан бастап 2002 жылдың желтоқсаны аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі бойынша ветеринар инспекторы болып қызмет атқарды. 2003 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың қыркүйекі аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы  Михайличенково ауылының “Бірлік” шаруа қожалығын басқарды. 2008 жылдың 24 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округінің әкімі.
Үйленген, екі бала тәрбиелейді.

Негізгі міндеттері

1. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2.салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
23. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
24. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Михайличенково ауылы Школьная көшесі, 1.
Қабылдау күндері: сейсенбі 09.00-ден 13.00–ге дейін, бейсенбі 13.00 ден 18.00-ге дейін.
Байланыс телефондары:  8(723-53)2-72-3

 

«Көшелердің атауын өзгерту туралы» ШҚО Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округі әкімі шешімінің жобасы *.doc 24 KB

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Михайличенково ауылы Абай Құнанбаев көшесі, 32.
Қабылдау күндері: сейсенбі 09.00-ден 13.00–ге дейін, бейсенбі 15.00 ден 18.00-ге дейін.
Байланыс телефондары:  8(723-53)2-72-32

Андреевка ауылдық округі қарамағына  2 ауыл кіреді: Михайличенково мен Петроградское, округ орталығы Михайличенково ауылы, облыс орталығынан  182 шақырым жерде, аудан орталығынан 18 шақырым жерде орналасқан. Округ тұрғындары саны 728 адам құрайды,  оның ішіндегі белсенді тұрғындар 518 адам, мектеп  оқушылары 106 адам. Ауылдық округ аумағы 16588 га, оның ішінде егістік жер 11830,4 га, шабындық -91 га, жайылым -3930,1 га құрайды.  Округ аумағында: 1 мектеп- «Михайличенково жалпы білім беретін орта мектебі» КҚМ (директор С.А.Горлач), 1 ФАП- (фельдшер Н.В.Мецкер), ауылдық клуб (меңгеруші С.М.Купишева), ауылдық кітапхана (кітапханашы  Т.А.Куприянович), 1 АБС «Қазақтелеком» 230 абонент (телефон мастері Г.Зиновьев),  сонымен қоса 4  дүкен орналасқан: «Ассорти» (И.Шевченко), «Мурлет» (Г.Кулакова), «У Игорька» (А.Боровиков), «Удача» (О.Дятлова).  Ауылдық округте 2 шаруа қожалығы  және 1 фермерлік қожалық , 1 ЖШС, 1 ЖС тіркелген: ЖШС «Новая Заря» ш/қ» (А.Х.Матаев), «Ассорти» ш/қ (В.Шевченко),  ЖС «Ассорти» ш/қ (И.Шевченко), «Бірлік» ш/қ (С.Кулаков), «Қанат» ф/қ (Н.Смаилов).
Ең ірі шаруа қожалықтарын ЖШС «Новая Заря» ш/қ» мен «Ассорти» ш/қ құрайды. ЖШС «Новая Заря» ш/қ өсімдік пен мал шаруашылығымен шұғылданады, шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсіру мәртебесіне ие және  ет бағытындағы  (қазақтың ақ бас сиыры), сүт бағытындағы (симменталь) ірі қара малын өсірумен шұғылданады. ЖШС «Новая Заря» ш/қ аумағында жеке меншік малдарды сою  орыны ұйымдастылған. Андреевка ауылдық округі аумағына бидай, арпа, қара бидай,  қарақұмық, күнбағыс, сүрлем дақылдары егіледі.
2015 жылдың бірінші жарты жылдығында ЖШС «Новая Заря» ш/қ» 6 млн. 870 мың теңгег жаңа техника сатып алды. Жаңа техниканың қолдануы арқылы уақтылы өнім  жинау, уақытты үнемдеуге  қол жетіп отыр.
Округ аумағында 218 аула бар, оның 165 жеке  меншік мал өсіруде. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары  ет, сүт, тауық жұмыртқасын, бал  өнімдерін өндіріп сатуда. Барлық  мемлекеттік мерекелер мен қоғамдық іс-шаралар ауылдық клуб ғимаратында өткізіледі. Ауылдық клуб ғимаратында  ауылдық кітапхана  орналасқан - 8100 кітап қорымен, оның ішінде 1000 кітап  аулдық тұрғындардың қатысуымен «Кітап сыйла» акциясы кезінде жиналған, спорттық залында  аптасына 5 рет волейболдан  секция өтеді, ауыл тұрғындарына спорттық қондырғылар үстел теннисі қолданысқа берілген. Ауылдық әкімшілік ғимаратында участкелік полиция инспекторынының жұмыс орыны берілген.

 

Андреевка ауылдық округі

Округ аумағындағы шаруа қожалықтары әр түрлі мерекелік іс-шаралар мен әлеуметтік мекемелерге қолдауға демеушілік көрсетуде. Ауылдық округтің аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке тұрғындар ат салысуда.
2012-2013 жылдары  Михайличенково ауылы Бородулиха ауданының тірек ауылдар қатарында болды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында ЖШС «Новая Заря» ш/қ» 12 млн. теңгеге бала бақша ғимаратына жөңдеу жұмыстарын жүргізді, «Ассорти» ш/қ басшысы В.Н.Шевченко ауылдық ФАП ғимаратын сатып алып, 2,5 млн.теңгеге жөндеу жұмыстарын өткізді.
2013 жылы ЖШС «Новая Заря» ш/қ сүт тауарлық фермасының құрылыс жұмыстарын аяқтап, 2015 жылы асыл тұқымды мал сатып алу жоспарланып отыр.
2012 жылы Михайличенково ауылында ауыл ішілік ауыз су құбырларына жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, 89 абонент қосылған.
2012 жылы мемлекет қаражатынан 9 млн. 232 мың теңге бөлініп, Абай Құнанбай көшесіне асфальт төселген.
2015 жылы ЖШС «Новая Заря» ш/қ екі пәтерлі екі үй салу жұмыстары аяқталды.  Жаңа үйлерге ЖШС «Новая Заря» ш/қ жұмысшылары қоныстанды (2 механизатор, 1 есепші, 1 малшы).

   
Андреевка ауылдық округі Андреевка ауылдық округі
   
   
   

 

Парақтар өзгертілді: 18-11-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018