КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Красный Яр ауылдық округі

 

Ләзат Мұхамеджанқызы Жұбанова -  Красный Яр ауылдық округінің әкімі, 1976 жылдың 23 желтоқсанында Семей облысы Новошульба ауданының Новая Шульба ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.  2004 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандағы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша «Қайнар» университетінің Семей филиалын бітірді. Еңбек жолын 1996 жылдың наурыз айында «Красный Яр» шаруа қожалығында бухгалтер болып бастады, мұнда 2011 жылдың наурызына дейін қызмет атқарды. 2011 жылдың наурызынан бастап мамырына дейін Красный Яр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2011 жылдың 24 мамырында Бородулиха ауданы әкімінің өкімімен Красный Яр ауылдық округінің әкімі лауазымында тағайындалды. 

 

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

 

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 51.
Қабылдау күндері: сейсенбі, жұма.
Қабылдау сағаттары: 9.00-ден 18.30–ге дейін,үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін
Байланыс телефондары: 8(723-53) 2-05-66

 

Әлем картасында  Форпост «Красноярский» казактар қонысының пайда болғанына  265 жылдан асты, кейіннен Красный Яр деп өзгертілді.
Қазіргі уақытта Красный Яр ауылдық округі 753 тұрғыны бар төрт елді мекеннен тұрады: Красный Яр, Речное, Девятка, Уба-Форпост ауылы. Округ табиғаты әдемі жерде, Уба өзенінің бойында орналасқан. 
Ауылдық округ аумағында 2003 жылы салынған «Красный Яр орта мектебі» КММ онда 89 бала оқиды, сонымен қатар Бородулиха ауданы маслихатының депутаты Сергей Николаевич Быков 2003 жылы жалпы сомасы 12 миллион тенгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіп өтеусіз өткізіп берген «Ер Төстік» шағын орталығы 25 балаға жұмыс істейді, «Уба-Форпост орта мектебі» КММ  17 оқушы (диретор Е.Ю.Джура), онда Уба-Форпост ауылында 2014 жылдан бастап «Солнечный»  сауықтандыру балалар  лагері жұмыс істейді. Медициналық пункт (фельдшер Ж.Ж.Базилов), орналасқан. Округте ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және іске асыратын 4 жай серіктестік, 9 шаруа қожалығы және 1 ЖШС жұмыс жасайды. Соның ішінде «Красный Яр ш/қ» ЖС тұрақты жұмыс істейді, егін шарушылығымен қоса мал шаруашылығымен айналысады. 
Ауылдық округ аумағында 4 дүкен жұмыс жасайды:  «Аида» (Р.О.Рахимбаева), «Оксана» дүкені (О.С.Быкова), «Околица» дүкені (Л.А.Слюсарь), «Аида» дүкені  (А.Ж.Жайлаубаева) тұрмысқа қажетті  азық-түлік тауарларының түр-түрімен, тұрмысқа қажетті тауарлар сатады. Округ әлеуметтік сала бойынша жоғары деңгейде, мысалы: округ бойынша балаларға мемлекеттік жәрдемақы  және атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушылар жоқ.  Еңбекке жарамды тұрғындардың басым бөлігі ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейді, кейбіреулері қосалқы шаруашылықпен айналысады, 2  жұмыссыз адам қоғамдық жұмыста жұмыс істейді.  
Округ  жұмыстарына   қоғамдық  ұйымдар:  Ардагерлер Кеңесі (төрайымы К.М.Вахитова),  Әйелдер  Кеңесі (төрайымы Н.Н.Скоробогатова), Жастар Кеңесі (төрайымы А.О.Сержанова), Қоғамдық Кеңесі (төрағасы С.Н.Быков) белсене  ат  салысады.
«Туған жерге тағзым»  акциясы шеңберінде  Красный Яр ауылындағы православие зираты (2011ж), Речное ауылындағы православие зираты (2014ж), Красный Яр ауылындағы мұсылман зираты (2015ж) қоршалды, ауыл клубы үшін 200 мың тенге сомасына концерттік киімдер сатып алынды (2014ж), үш ауылдық округтің тұрғындарына қызмет ететін   (Ленин, Таврия, Красный Яр) «Жедел жәрдем» автокөлігі сатып алынды (2011ж), ҰОС қаза тапқан жауынгерлерге арналған Монумент, сондай-ақ әкімдік аумағы, шаруашылық офисі, шағын-орталық, «Қазақтелеком» АҚ тиесілі ғимарат темір қоршаумен қоршалды (2011ж). Округтегі әрбір жаңа туған бала әке-шешесінің жұмыс орнына қарамастан  сыйға 150 мың тенге алады, аудандық маслихаттың депутаты, «Красный Яр ш/қ» ЖС басшысы С.Н.Быков бұданда басқа көптеген жұмыстар атқарады. 6 жыл ішінде осы акция өз өлкесінің тағдырына қатыстылығына, кіші отанымызға деген махаббат пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
Біздің Президентіміздің салиқалы саясатының, оның Жолдаудағы және 2050 Статегиясындағы алға қойған мақсаттарының арқасында ауылдық округ  өркендеуде.  

 

  • Красный Яр ауылдық округі
  • Красный Яр ауылдық округі
  • Красный Яр ауылдық округі
  • Красный Яр ауылдық округі

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018