КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Жерновка а/о

Деревянко Елена Яковлена  Елена Яковлена Деревянко - Жерновка ауылдық округінің әкімі.

Елена Яковлена  Деревянко 1965 жылы 9 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха ауылында дүниеге келген, ұлты  - орыс, білімі – жоғары. 2006 жылы «экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Семей қаласының Бухгалтерлік колледжін бітірді, 2009 жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбек жолын 1983 жылы шілдеде Семей облысы Новошульба ауданы Жерновка ауылындағы Ленин атындағы бухгалтерлік колхозда бухгалтер болып бастады. 1995 жылдың тамызынан бастап Бородулиха ауданының Жерновка ауылында дербес кәсіпкер. 2005 жылдың қаңтарынан бастап «ШҚО Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ келісім бойынша маман болып жұмыс істеді. 2005 жылдың мамырынан 2017 жылдың ақпаны аралығында «ШҚО Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маман, жетекші маман, бас маман лауазымдарында жұмыс істеді.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі, аудан әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 33 – ж/қ өкімі негізінде Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.


Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
Жерновский сельский округ6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Жерновский сельский округҚазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы


Әкімдіктің мекен жайы: ШҚО Бородулиха ауданы Жерновка ауылы Киров көшесі, 3.
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі.
Қабылдау сағаттары: 9.00-ден 13.00-ге дейін
Байланыс телефондары: 8(723-53) 2-43-22.

 

Қарағайлы орман белдеуінің жиегінде орналасқан Жерновка ауылдық округінің аумағы 24 000 га. құрайды. Әсем табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай, көптеген өзендер бар. Жерновка ауылдық округінде 3 елді мекен орналасқан: Жерновка, Пол-Лог, Боровлянка ауылдары.  2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны -1074 адам. Округте 10-нан астам ұлт өкілдерінен құралған тұрғындар бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді.
«Жерновка ауылдық округі әкімінің апараты» ММ, Жерновка ауылы, Киров көшесі, 3 мекенжайында орналасқан. Округте мал шаруашылығымен және өсімдік шаруашылығымен айналысатын 3 ірі шаруа қожалығы, 2 ЖШС бар. Олар бидай, күнбағыс, қарақұмық және өзге де ауылшаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысады. Жыл сайын жаңа техникалар сатып алынып, жер танабын тыңайту үшін жаңа инновациялық технологиялар пайдаланылады. Кеңес заманында да осы  Жерновка ауылдық округінің жері құнарлы болып саналған.

Округте орналасқан Ново-Шүлбінің  филиалы «Семей орманы» МТОР РММ, «Жерновка орман шаруашылығы»  орман күзетімен айналысады. Осы ұйымда 200-дей жұмысшы жұмыс істейді. Жыл сайын заңсыз аң аулаудан, балық аулаудан, орманды өрттен, заңсыз ағаш қиюдан сақтау үшін үлкен жұмыстар атқарылады.
Округте 2 білім ордасы «Жерновка орта мектебі» КММ, «Боровлянка негізгі орта мектебі» КММ жұмыс істейді. Осы мекемелерде 200 –дей бала білім алып, 100 шақты адам жұмыс істейді. «Жерновка орта мектебі» КММ-нің ғимаратының құрылысы жуықта  2013 жылы салынған. Мектептің ашылу салтанатына ШҚО әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Бородулиха ауданының әкім Акулов Григорий Иосифович қатысты.
Округ халқының денсаулығын көтеру үшін Жерновка ауылында дәрігерлік амбулатория орналасқан. Аурухана «Жедел жәрдем» көлігімен қамтылған. Ақ халатты абзал жандар қиын кездерде тұрғындарға қол үшін беріп, әрқашан өздерінің тәжірибелі маман екендерін дәлелдейді.

Жерновский сельский округОкругтегі «Қазпошта» бөлімі толығымен жабдықталған. Бөлімде төлемдер қабылданып, өзге де қызметтер көрсетіледі.
Округте кәсіпкерлік жақсы дамыған. 10 сауда орны, 1 дәріхана, 1 наубайхана жұмыс істейді. Жыл сайын әр саланың  ғимараттары жөнделіп, құрал-жабдықтар, техникалар  жаңартылады. Жыл сайын кәсіпкерлер мен әкімдік арасында меморандумға қол қойылады.

Шүлбі су қоймасының солтүстік жағалауында барлық стандарттарға сәйкес жабдықталған «Нұрсұлтан» демалыс базасы орналасқан. Онда демалыс үйлері, құтқару қайығы, құтқарушылар, ескерту белгілері бар.
2015 жылы округте көптеген іс-шаралар жоспарланып, бірқатары жүзеге асырылды. Ең алдымен зираттар қоршалып, «Жеңіс саябағы», балалар алаңы абаттандырылды, көшелер тегістелді.

 

  • Жерновка а/о
  • Жерновка а/о

 

Парақтар өзгертілді: 31-03-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Тамыз 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018