Ауданның округтері

Құнарлы ауылдық округі

Григорий Петрович Лазарев Құнарлы ауылдық округінің әкімі

Григорий Петрович Лазарев 1969 жылғы 16 тамызда Семей облысы Новошульба ауданының Песчанка ауылында дүниеге келген.
1988 жылы кеңес әскері қатарына шақырылды. 1944 жылы ауыл шаруашылығының механизациясы мамандығын алып, Алтай мемлекеттік аграрлық университетін бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1986 жылы Ленин атындағы совхозда механизатор болып бастады. 1994 жылдың қазанынан «Татьяна» шағын дербес кәсіпкерлікте қоймашы болып жұмыс істеді, 1995 жылдың маусымынан «Ленинское» АҚ автопарк механигі, одан кейін автогараж меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2000 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың наурызына дейін Ленин ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2010 жылдың  наурызынан бастап 2016 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, ауданы әкімінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 181 - ж/қ өкімімен Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
2017 жылғы 1 наурыздағы ШҚО Бородулиха ауданы әкімдігінің №33 қаулысы негізінде «ШҚО Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» атауы «ШҚО Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» өзгертілді.
ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің өкімі негізінде Григорий Петрович Лазарев 2017 жылғы 13 наурыздан бастап ШҚО Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің әкімі.
Үйленген. Екі баласы  бар.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы


Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Песчанка ауылы, Октябрьская көшесі 25.
Қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Қабылдау уақыты: 14.30-дан 15.00-ға дейін.
Байланыс телефондары:  8 (723-53) 2-33-10

 

Ауылдық округтің жалпы  жер  көлемі -  26413 гектарды  құрайды: ауылшаруашылыққа қолданылатын 19691,7 га. Округте  5 ауыл  орналасқан: Песчанка (261 тұрғын үй), Мурзово (2 тұрғын үй), Екінші Пятилетка (54 тұрғын үй), Алексеевка (13 тұрғын үй), Ново-Васильевка (10 тұрғын үй). Барлығы 361 тұрғын үй, оның 229 тұрғын  үйде мал  басы  бар. 2015 жылдың  1 шілдесінде тұрғындар саны округ  бойынша - 985 адамды  құрады.

Ауылдық округі экономикасының аграрлық секторында 27 ауылшаруашылық құрылыстар тіркелген, соның ішінде 22 шаруа қожалығы, ЖШС- 2, ЖС -3. Ағымдағы  жылы жалпы егістік  жер 13408 га құрады, оның  ішінде дәнді  дақылдар 8322  га, күнбағыс 4712 га, бұл егістік  жердің 35%  құрады. 
Тұрғындардың қосалқы шаруашылығында  ІҚМ - 1027 бас, оның  ішінде 430 сиыр  басы, «СФ Песчанка» ЖШС  454 бас ІҚМ. Округте басқа малдар саны:  ҰТМ - 1656 бас,  шошқа - 696 бас, жылқы -101 бас, қоян – 310 бас, құс -7219 бас, бал  ара  ұясы – 576.

Округ  бойынша 8 дүкен, 1 ЖҚС  және 1 дәріханалық  киоск, барлығы 23 адам жұмыс  істейді.  1-ші жартыжылдықта 1 кәсіпкерлік объект  ашылды.
Округте 2 орта  мектеп бар, онда 134 оқушыға 36 ұстаз еңбек  етеді. Округ бойынша ҰБТ орташа балл 76 балды құрады. «Песчанка орта мектебі» КММ-сінің базасында 25 орынға арналған шағын-орталық жұмыс істеп жатыр.

Округте 1 дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік пункт бар, онда 2 дәрігер, 6 медбике  және 1 фельдшер жұмыс  істейді.
Округте 1 ауылдық  кітапхана 7267 дана кітап  қорымен жұмыс  істейді, оның 1405 кітабі  мемлекеттік  тілде. Орыс мәдениет  бірлестігі «Родник» пен «С песней по жизни» тобы округтің барлық  мәдени  іс-шараларына қатысады. АТС - 245 номер, 67 сымсыз байланыс номерлері  қызмет  көрсетіп жатыр. Ұялы байланыс бар.

Округ жұмыстарына қоғамдық  ұйымдар: Ардагерлер Кеңесі (төрайымы Л.С.Лашина) мен Әйелдер Кеңесі (төрайымы Н.В.Кучерук) белсене ат салысады, ақсақалдар Кеңесі (төрағасы Н. Агамписов).


Ленин ауылдық округі Ленин ауылдық округі

 

Көшенің атауын өзгерту туралы *.doc 28 KB
2015.12.10. «Көшені қайта атау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №1 шешімі. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №4254 тіркелген. *.doc 28 Кб 
2015.10.11. «Көшені қайта атау туралы» Ленин ауылдық округі әкімі Шешімінің жобасы *.doc 25 Кб 

 

Парақтар өзгертілді: 06-04-2017