КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Таврия ауылдық округі

Таврия ауылдық округінің әкімі – Сеилхан Тукенұлы Майжанов, 1958 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі  - жоғары. Үйленген, 2 баласы бар.
Еңбек жолын 1978 жылы «Красный Казахстан» совхозында бастады. 1978 – 1981 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында қызметтен өтті. 1981 – 1982 жылдар аралығында «Красный Казахстан» совхозында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1982 – 1988 жылдар аралығында Семей зоотехникалық – ветеринарлы институнда «зоотехник» мамандығы бойынша білім алды. Оқуды тәмамдағаннан кейін, 1988 жылы «Заря коммунизма» колхозына «зоотехник» болып орналасты, ол жерде 1990 жылға дейін жұмыс істеді. 1990-1994 жылдар аралығында «Красный Казахстан» совхозында зоотехник. 1994-1999 жылдар аралығында – зоотехник, зоотехник – селекционер, одан кейін «Буркотово» ҚК коммерция бойынша директордың орынбасары және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып жұмыс істеді. 1999-2002 жылдар аралығында Буркотово ауылының № 3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2016 жылғы желтоқсан аралығында – «Тукен» ШҚ басшысы.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, аудан әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 222 – л/с өкімімен Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Үйленген. Екі баласы  бар.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Буркотово ауылы Советская көшесі,1.
Қабылдау күндері: дүйсенбі.
Қабылдау сағаттары: 9.00-ден-18.00–ге дейін.
Байланыс телефондары: 8(723-53)2-07-69

 

Таврия ауылдық округіне 3 ауыл кіреді: Буркотово, Богомолово және Сахновка. Округ орталығы Буркотово ауылы болып табылады, облыс орталығынан қашықтығы 176 шақырым, аудан орталығынан 76 шақырым.
Округ халқының саны 800 адам, оның ішінде экономикалық белсенділері 463 адам, мектеп оқушылары - 124.
Округ аумағында: 1 «Буркотов ауылының № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ (директоры А.К.Каирбекова), 1 «Сахновка ауылының №12 толық емес орта мектебі» КММ (директоры Ж.Б.Гузенко), 1 дәрігерлік амбулатория (бас дәрігер Н.Н. Криволапова), Сахновка ауылында 1 ФАП (фельдшер Т.Т.Хомутова), ауылдық клуб (клубтың меңгерушісі О.А.Сурма), ауылдық кітапхана (кітапханашы О.В.Эбель). 
Ауылдық округте 8 дүкен және 1 киоск бар: «Александра» (О.А.Горбунова), «Венера» (Е.А.Сатова), атсыз (З.Т.Шахаева), «Инна» (И.И.Горин), «Лика» (В.Н.Новак), «Митус» (Л.И.Митус) «Холодок» (Л.В.Холодова), «Удача» (Т.Я.Линк), 1 азық-түлік дүңгіршегі (Д.Ш.Тележанова), 20 ауыл шаруашылық құрылымы- «Буркотовское» ЖШС (Е.Б.Бимурзин),«Сахновское» ЖШС (П.И. Панасенко), «Олюшка» ш/қ ЖС (О.В.Дерябина), «Амалия» ш/қ (В.В.Беннер), «Асет» ш/қ (Т.Б.Жанмурзинов), «Вершина» ш/қ (В.В.Бурнашов),  «Восток» ш/қ (С.Я.Лысов), «Григорий» ш/қ (В.В.Куликов), «Золотарь» ш/қ (Л.А.Беткер), «Линк» ш/қ (Л.И.Линк),  «Луговое» ш/қ (Г.И.Юрченко), «Луна» ш/қ (Б.М.Уразаев), «Мадина» ш/қ (Е.Б.Бимурзин), «Максим» ш/қ (Б.П.Бондаренко), «Надежда» ш/қ (П.И.Старожилов), «Наталья» ш/қ (А.Л.Артемьев), «Смирнов» ш/қ (А.А.Смирнов),   «Тукен» ш/қ (С.Т.Майжанов), «Удача»  ш/қ (И.А.Новак), «Юлдуз» ш/қ (Ю.И.Покатаев). Округ тұрғындарымен шаруашылықтары ет, сүт, жұмыртқа, бал сияқты азық-түліктік өнімдер өндіріп, дәнді және майлы дақылдар: бидай, арпа, қарабидай, қарақұмық, күнбағыс өсіреді. 
Шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер округте өткізілетін іс-шараларға демеушілік көмек көрсетіп тұрады.

 

  • Таврия ауылдық округі
  • Таврия ауылдық округі
  • Таврия ауылдық округі
  • Таврия ауылдық округі

 

Парақтар өзгертілді: 13-12-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019