КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Бақы ауылдық округі

Бақы ауылдық округінің әкімі - Виктор Анатоливич Чуваткин

1970 жылы 27 ақпанда Мордовск Кеңес Социалистік Автономиялық Республикасындағы Ельники ауылында дүниеге келген. Ұлты мордва.
Семей облысы Бородулиха ауданы Коростели ауылындағы Коростели орта мектебінде 1976 жылдан бастап оқыды. 1987жылы мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтына агроном мамандығы бойынша оқуға түсті. 1988-1989 жылдар аралығында Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеді. 1993 жылы  институтты аяқтағаннан кейін  «Коростели» совхозына агроном қызметіне жұмысқа қабылданды. Кейін шаруашылықты «Коростели» ЖШС болып қайта құрғаннан кейін шаруашылықтың агрономы болып жұмыс істеді.
2005 жылы Бақы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Үйленген, екі бала тәрбиелейді.

Негізгі міндеттеріБақы ауылдық округі

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Бақы ауылдық округі19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

 

  Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Коростели ауылы Бақы көшесі, 18.
  Қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі.
  Қабылдау сағаттары: 15.00 ден 17.00-ге дейін
  Байланыс телефондары: 8(723-51)2-63-88.

 

Ауылдық округі келесі елд і- мекендерден құралады: Коростели ауылы, Аул стансасы, Тарск ауылы. Ара қашықтық Коростели елді мекеннен облыс орталығына дейін 260 шқ., аудан орталығына 60 шқ,  Аул елді мекеннен облыс орталығына 4 шқ. Тарск елді мекеннен облыс орталығына дейін 272 шқ., аудан орталығына 72 шқ., ауылдық округ орталығына 12 шқ.

Ауылдық округ халық саны - 1342 адам. Ауылдық округ аумағының жалпы алаңы 62449 га, оның ішінде елді – мекен аумағы - 6134  га, ауышаруашылық жерлер - 41546 га, басқадай жер-14769 га.
Ауылдық округ аумағы Коростели ауылыңда 1 орта мектеп бар, жаңында шағын орталық жұмыс жасайды, қазіргі уақытта 50 бала барады және Аул стансасында бір бастауыш мектеп.
Әкімдік ғимаратыңда кітапхана орналасқан, кітап қоры - 14989 экземпляр, оның ішінде 1870 мемлекеттік тілде. Осы кітапханада кітап көрмелері, сұхбаттасу, дөңгелек үстелдер өтеді. Осында Казпошта бөлімшесі де орналасқан.  

Білікті дәрігерлік қөмек көрсететін дәрігерлік амбулатория қызмет етеді, онда 1 дәрігер және 5 медперсонал жұмыс істейді.
Округте 13 шаруашылық құрылымы тіркелген, оның ішінде 3 ЖШС, 10- шаруа қожалығы. Қазіргі уақытта 9 жеке кәсіпкер жұмыс істеиді.
Округте «Мегалайн» интернет және 140 абонент сымсыз телефон жұмыс істеп тұр, «Актив», «Билайн» мобильдік байланыс қызмет жасайды.    


  • Бакинский сельский округ
  • Бакинский сельский округ
  • Бакинский сельский округ
  • Бакинский сельский округ

2017 жылғы 20 маусымда  Бақы ауылдық округінің Ауыл стансасы көшелерінің атын қайта атау бойынша тұрғындар жиыны болып өтті.
Жиын келесі шешімді қабылдады:

1. Буденная көшесі «Достық көшесі» деп қайта аталсын.
2.  Крупская көшесі «Бірлік көшесі» деп қайта аталсын.

Парақтар өзгертілді: 27-06-2017
Оқиғалар күнтізбесі
Мамыр 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019