КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Дмитриевка ауылдық округінің әкімі

Маратбек Аждарұлы Нұркешев Маратбек Аждарұлы Нұркешев – Дмитриевка ауылдық округінің әкімі. 1961 жылғы 31 қаңтарда Семей облысының Семей қаласында дүниеге келді. Ұлты –қазақ, білімі жоғары. 1989 жылы «ветеринария» мамандығы бойынша Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтын бітірді. Еңбек жолын  1979 жылдың қаңтар айында Ақсуат ауданының байланыс орталығының  электромеханигі ретінде бастады. 1979 жылдың қараша айынан бастап 1982 жылдың шілде айына дейін Ақсуат ауданының мәдениет бөлімінің автоклубының жүргізушісі болып қызмет етті. 1983 жылдың маусым айынан бастап 1985 жылдың мамыр айына дейін Кеңес әскері қатарында мерзім әскери борышын өткерді. 1985 жылдың маусым айынан бастап 1985 жылдың қыркүйек айына дейін Семей таксомотор паркінде такси жүргізушісі болып қызмет етті. Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтын аяқтаған соң, 1989 жылдың тамыз айынан бастап 1993 жылдың желтоқсанына дейін Семей облысы Шар ауданының Киров атындағы кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1993 жылдың желтоқсанынан 1995 жылдың сәуір айына дейін «Заветы Ильича» ұжымшарының мал дәрігері болып қызмет етті. 1995 жылдың сәуір айынан бастап 2001 жылдың шілде айына дейін «Асыл» ЖШС мал дәрігері болып жұмыс істеді. 2001 жылдың тамыз айынан бастап 2002 жылдың мамыр айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының «Е.Зайтенов» шаруа қожалығында мал дәрігері болып жұмыс істеді. 2006 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, бастықтың орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың тамыз айына дейін Бородулиха ауданы Ленин ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.  
Бородулиха ауданы әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 143 –ж/қ өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы  Дмитриевка ауылы  Гагарин көшесі, 42.
Қабылдау күндері: дүйсенбі, жұма.
Қабылдау сағаттары: 14.30-ден 18.00-ге дейін.  
Байланыс телефондары:8(723-51)3-34-40.

 

  • Бакинский сельский округ
  • Бакинский сельский округ

 

Дмитриевка ауылдық округіне 2 елді мекен кіреді: Дмитриевка және Боровое ауылдары. Ауылдық округтің орталығы Дмитриевка ауылы.
Ауылдың географиялық орналасуы (аудан орталығынан 10 км, Семей қаласына 60 км, темір жол  бекетінен 12 км, Семей қаласы және РФ республикалық маңызы бар трассасында орналасқан).  Ауылдық округтің тұрғындар саны тұрақты 1405 адамды құрайды. Ауылдық округтің жалпы аумағы 20045 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы – 9102 га, ауылшаруашылық маңызды жерлер – 21100 га.
Дмитриевка ауылдық округі аумағының Дмитриевка ауылында 1 Киров атындағы орта мектеп, 2013 жылдың қазан айынан бастап 25 балаға арналған бүгінгі күні 25 бала қатынайтын шағын орталық орналасқан.
Округ аумағында ауылдық клуб, ауылдық кітапхана да жұмыс істейді. Мәдени мекемесінің штаты үш жұмысшыдан тұрады: мәдени жұмысшы, кітапханашы және 0,5 мөлшерлемемен істейтің еден жуушы.
Мәдени мекемесінің қаржыландырылуы жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылады. Клуб ғимаратында кітапхана орналасқан. Ондағы кітап қоры 11659 дана, оның ішінде 1505 данасы мемлекеттік тілде. Одан басқа кітапханада кітап көрмелері, оқырман конференциялары, сұхбаттар өткізіледі.
Ауылдық клубта көркемөнерпаздар үйірмесі құрылған, көптеген округтегі, аудандағы және облыстағы  мәдени іс-шараларға қатысатын  «Хуторянка» украин орталығы, «Құрдастар» ұлттық вокал ұжымы, «Хорошее настроение» атты вокал тобы, «Веснянка» би тобы,  жұмыс істейді,
Кәсіби медициналық көмек көрсететін 1 дәрігер және 5 медициналық персоналдан тұратын дәрігерлік амбулатория  жұмыс істейді.
Округте АТС орналасқан, бір ғимарат ішінде Казпочта филиалы да жұмыс істейді.
Округте 20 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде төртеуі ЖСШХ. Одан басқа 6 дүкен қызмет көрсетеді, оның 4 дүкен азық түлік, 2 автобөлшектер дүкені.
2012 жылдан бастап Дмитриевка ауылында ЖК Ступактың  «Березка» кафесі және кәуәп сату орны  жұмыс істейді.  Ал 2014 жылдан бастап «Максим» наубайханасы жұмыс істейді.
Округ аумағында «ҚазМұнайГаз» ЖЖМ және дөңгелек жөндеу цехы да жұмыс істейді.

 

  • Бакинский сельский округ
  • Бакинский сельский округ

Парақтар өзгертілді: 01-09-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Шілде 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019