Ауданның округтері

Новодворовка ауылдық округі

 

Камилаев Амангалий Касымханович Аманғали Қасымханұлы Камилаев – Новодворовка ауылдық округінің әкімі. 1962 жылғы 25 желтоқсанда Семей облысы Аякөз ауданының Қарақол ауылында дүниеге келген. Ұлты –қзақ, білімі жоғары. 1991 жылы «ветеринария» мамандығы бойынша Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтын аяқтады. Еңбек жолын 1980 жылы Абжанов атындағы «Қарақол» асыл тұқымды кеңшарының № 1 фермасында жұмысшы ретінде бастады, Кеңес әскері қатарында борышын өткеріп келген соң, Абжанов атындағы «Қарақол» асыл тұқымды  кеңшарында қызметін жалғастырды. 1995 жылдың қазан айынан бастап 1996 жылдың тамыз айына дейін Бородулиха ауданының «Зубаир» ауыл шаруашылық кәсіпорнында бас мал дәрігер, «Зубаир» ЖШС жетекші маман лауазымын атқарды.  1996 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында ҚР АШМ Бородулиха аудандық аумақтық басқармасының Зубаир ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринарлық инспекторы, 2009 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың тамызы аралығында «Нұр Отан» Бородулиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Бородулиха ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі өкімімен Новодворовка ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды.

 

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Ивановка ауылы, Молодежная көшесі, 5.
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма.
Қабылдау сағаттары: 10.00-ден 12.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 8(723-51)3-56-90.

 

Новодворовка ауылдық округіне 4 ауыл кіреді: Березовка шипажайы, Березовка подхозы, Сосновка ауылы, Ивановка ауылы, округ орталығы - Ивановка ауылы. Облыс орталығынан 275 шақырым, аудан орталығынан 22 шақырым қашықтықта орналасқан. 
Округ тұрғындарының саны 1659 адамды құрайды, оның ішінде белсенділері 1289 адам, мектеп оқушылары - 169 адам. Округ аумағында бір орта мектеп бар - «Ивановка орта мектебі» КММ (мектеп директоры Д.А.Салимова). Мектеп жанында 25 балаға 1 шағын орталық, сондай-ақ мектептік кітапхана (кітапханашы Т.П.Боровикова), 1 ауылдық клуб (клуб меңгерушісі Б.Р.Қырықбаева), ауылдық кітапхана (кітапханашы  А.Т.Заманбекова), 1 ірімшік зауыты (меңгерушісі А.Д.Годунов), Ивановка ауылында 1 дәрігерлік амбулатория бар (меңгерушісі В.И.Караснослободцева), Березовка шипажайында 50 адамға арналған «ШҚО облыстық Березовка туберкулез шипажайы» КМҚК бар                  (бас дәрігері А.Б.Қарсакбаев), сондай-ақ 8 дүкен: «Магнат» (В.Ф.Шабер), «Татьяна» (Т.Э.Керхгефер), «Шанс» (Н.П.Пешкова),  «Радуга» (Г.А.Лихогод),  «Алтай» (О.Аверина), «Роза» (Р.Р.Абдрахманова), «Удача»(Н.Н.Баканова), «Фортуна» (В.И.Краснослободцева), 1 «Киоск Аптека» (С.К.Сержанова) және де округ аумағында 30 ш/қ пен 1 ЖШС бар: «Жұмағұлов» ш/қ (Т.Р.Жұмағұлов), «Алмакос» ш/қ (А.Ю.Матасов), «Келешек» ш/қ (Д.В.Бычихин), «Арслан» ш/қ (А.Р.Жұмағұлов), «Березовский» ш/қ (П.Т.Ковредов), «Фоминых» ш/қ (В.П.Фоминых), «Мұқат» ш/қ (Р.Б.Мұқатов), «Береке» ш/қ (К.К.Құрманбаев), «Березка» ш/қ (А.Русских), «Вика» ш/қ (В.М.Яцких), «Колосок» ш/қ (Н.Д.Волкова),  «Надежда» ш/қ (Г.Н.Фоменко), «Колосок» ш/қ (И.И.Борозенцев), «Татьяна» ш/қ (Л.П.Борышко), «Карина» ш/қ (И.И.Видергольд), «Стас» ш/қ (Н.П.Яровой), «Татьяна» ш/қ (Н.Р.Формалева), «Қаракөз» ш/қ (С.И.Смаилов), «Алишер» ш/қ (С.Н.Нургажинов), «Айнур» ш/қ (Н.А.Галиева), «Байжанов» ш/қ (С.К.Тлепова), «Адил» ш/қ (М.Ожанов), «Дайснер» ш/қ (В.И.Дайснер), «Кирдяев и К» ш/қ (Кирдяев В), «Баканов и К» ш/қ (С.Баканов),  «Темп» ш/қ (Г.Н.Тележин), «Данияр», (Б.А.Омарбеков), «Раушан» (Т.Оразаев), «Асем»  ш/қ (Альменова Г.М.).
Жеке қосалқы шаруашылықтардың басым бөлігінде көбінесе сүт, ет, кілегей, май, бал, сүзбе, жұмыртқа сияқты ауыл шаруашылық өнімдері өндіріледі. Округ тұрғындары мен шаруа қожалықтар картоп, сәбіз, сұлы, арпа, бидай, қарақұмық, тартуға күнбағыс сияқты өсімдік шаруашылық өнімдерін өсіреді.
2014 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Ивановка орта мектебінде акт залына күрделі жөндеу жүргізілді, терезелер пластикке, үй- жай (кіре беріс) шағын орталыққа ауыстырылды. Шаруа қожалықтар жыл сайын барлық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ спорттық құралдар сатып алуға ақшадай демеушілік көмек көрсетеді. Ш/қ басшысы Т.Р.Жұмағұлов жетім-мүгедек адамға тұрғын үй сатып алуға ақшадай көмек көрсетті, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және ауыл тұрғындарын, зейнеткерлерді, тұрмысы төмен отбасыларына жинау науқаны аяқталғанда пішенмен, сабанмен және астықпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ басқа да шаруа қожалықтардың да басшылары барлық іс-шараларды өткізуде демеушілік көмек көрсетіп ешкімді назардан тыс қалдырмайды, олар: Б.Т.Мұқатов, Н.Д.Волкова, А.Ю.Матасов, Д.В.Бычихин. П.Т.Ковредов. С.К.Смаилов. В.П.Фоминых. С.Баканов. В.Л.Кирдяев. Ю.Воробьев. М.Ожанов.

 

Новодворовка ауылдық округі Новодворовка ауылдық округі

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015