КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Переменовка ауылдық округі

 

Переменовка ауылдық округінің әкімі - Құнтая Айтқұлұлы Отузбаев 1959 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Үйленген, 2 баласы бар. Еңбек жолын 1976 жылы «Бородулихинский» совхозында  бастады. 1977-1979 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында қызмет атқарды. 1979-1980 жылдар аралығында «Бородулихинский» совхозында қарапайым жұмысшы болып жұмыс істеді. 1981-1986 жылдар аралығында Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтында «ветеринария» мамандығы бойынша оқыды. Оқу аяқталғаннан кейін, 1986-1990 жылдары «Бородулихинский» совхозында бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1990-1995 жылдар аралығында ӘШБ бойынша директордың орынбасары, СТФ бригадир, «Бородулихинский» совхозында директор лауазымдарын атқарды. 1995-2004 жылдар аралығында жеке кәсіпкер. 2004-2008 жылдар аралығында Переменовка ауылдық округінің әкімі болды. 2008-2011 жылдар аралығында – «Мади» ШҚ меңгерушісі, 2011-2016 жылдар аралығында – «Мади» ШҚ басшысы, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың сәуірі аралығында Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округінің әкімі.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, аудан әкімінің өкіміне сәйкес Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Переменовка ауылы Советская көшесі, 2 .
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі.
Қабылдау сағаттары: 9.00-ден 18.00-ге дейін
Байланыс телефондары: 8(872351) 2-75-24, 8(872351) 2-64-13

 

2015 жылы Переменовка ауылдық округінің жалпы халық саны - 2129 адам, бұл тізімде Переменовка ауылы – 771 адам, Андроновка ауылы - 471 адам, Орловка ауылы - 775 адам, Ремки ауылы - 112 адам.
Округте 1 дәрігерлік амбулатория (Переменовка ауылында) және де 2 фельдшерлік амбулатория (Орловка және Андроновка ауылдарында) орналасқан.
Округ аумағында оқушылар саны 203 адам Переменовка жалпы білім беретін орта мектебі мен Орловка ауылында 42 оқушы, Андроновка ауылында 40 оқушысы бар 2 бастауыш мектептері орналасқан. Сонымен қатар Переменовка жалпы білім беретін орта мектебінін жанында шағын орталығы жұмыс істейді, мұнда 43 бала тәлім алуда.
Переменовка ауылында Мәдениет үйі мен 2 кітапхана жұмыс атқаруда.
Аймақта 49 шаруа қожалыгы тіркелген, оның 2-і ЖШС және 3-і ҚС. 2015 жылдын бірінші жартыжылдығында 14650,8 га бидай дақылары, 7505 га күнбағыс дақылдары егілді.
Осы жылдың 7 айында ауылшаруашылық техникасына инвестиция құны 56,9 млн. тенге болып табылады, ал 2014 жылғы инвестиция құны - 336,5 млн.тенгеге тен.
2015 жылғы 30 шілдесіне жағдайы бойынша Переменовка ауылдық округінің мал саны ІҚМ – 2457 бас, ҰҚМ 2877 бас, жылқы саны - 451 бас болып табылады.
Аймақ аумағында 12 дүкен жүмыс істеуде. Биылғы жылы қуатылығы айына 3 тонна өнім шығаратын наубайғананың ашылуы болды.
Аймақта ақсақалдар кеңесі (төрағасы О.Д.Баимбетов), әйелдер кеңесі (төрайымы Ү.Ж.Тұрлыбекова) белсенді қызмет атқаруда.

 

  • Переменовка ауылдық округі
  • Переменовка ауылдық округі

 

 

Парақтар өзгертілді: 27-05-2019
Оқиғалар күнтізбесі
Шілде 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019