КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Степной ауылдық округі

Әділбек Халиоллаұлы Жүнісов Степной ауылдық округінің әкімі - Әділбек Халиоллаұлы Жүнісов
1984 жылы 21 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ, білімі – жоғары. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді, біліктілігі- заңгер. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Өзінің еңбек жолын 2006 жылдың қыркүйегінде Бородулиха ауданының Шелехова орта мектебінде тарих мұғалімі ретінде бастады. 2010 жылдың наурызынан 2016 жылдың тамызына дейін Бородулиха ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппаратында инспектор, жетекші маман, статистика, бас маман болып жұмыс істеді.
Бородулиха ауданының аумақтық сайлау комиссия шешімінің негізінде,  аудан әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 124- ж/қ өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімдік мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Шелехово ауылы Школьная көшесі, 40.
Қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Қабылдау уақыты:  09.00-ден 12.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Байланыс телефондары:  жұмыс телефоны 8(72351)3-31-34, үй телефоны 8(72351) 3-31-33.

 

Степной ауылдық округіне 4 елді-мекен кіреді: Шелехово, Орловка, Вознесеновка және Троицкое. Шелехово ауылы Степной ауылдық округінің орталығы болып табылады. Округ облыс орталығынан 230 шақырым қашықтықта, ал аудан орталығынан 30 шақырым. Округ халқынын саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 499 адамды құрайды, оның ішінде белсенділері 349 адам. Округ аумағында екі мектеп бар: «Шелехово орта мектебі» КММ (мектеп директоры С.П. Валовая) және «Орловка толық емес орта мектебі» КММ (мектеп директоры Т.В. Кобер), оларда 36 оқушы оқиды, сол сияқты 2 МП-бұл Шелехово ауылында (мед бике С.Р. Мартаева) және Орловка ауылында (фельдшер А.П. Черкасова). Округ мектептерінде ауылдық кітапханалар бар, оның қызметтерін округ тұрғындары да пайдаланады. Округте 50 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде ірілері болып «Астық» ш\қ (В.И. Круговых), «Север» ш\қ ( В.А. Мных), «Алмаз» ш\қ (Р.С. Бергенев), «Татьяна» ш\қ (В.А.Рихарт), «Асқар» ш\қ ( А.А. Шмонин), «Алға» ш\қ (М.С. Бергенев), және «Удача» ш\қ (А.Н. Соломоденко) болып табылады. Округтың шаруа қожалықтары бидай, сұлы, арпа, қарақамұқ, күнбағыс сияқты дәнді дақылдар өсіреді және де шөп дайындайды.
2011 жылы егіс алқабы 19069 га құрады, соның ішінде дәнді –дақылдар 5647,8 га, күнбағыс 13421,2 га, көп жылғы шөптердің алқабы 6314 га құрайды. Шаруа қожалықтарының егіс алқаптарының кеңеюіне байланысты 2010 жылға егістер 90 пайызға көбейді, соның ішінде бидай 140 пайызға, күнбағыс 74 пайызға.
Мал шаруашылығы округте жеке меншік түрінде берілген. 2011 жылы Семей қаласының базарына 306 тонна ет, 1740 тонна сүт қойылды.
Ауылдық округтің шаруа қожалықтарының басшылары мемлекеттік және күнтізбелік мерекелерге арналған шараларды өткізуге демеушілік көмек көрсетеді. Жастардың бос уақытын өткізу үшін спортық құралдар алынды. 2011 жылы демеушілік көмектің арқасында ҰОС екі ардагерінің 90 жылдығына сыйлықтар берілді, сонымен қатар зейнет жасындағы барлық мерейтой иелері сыйлықтар алды.
2010 жылы округ мамандарына тұрғын үй бөлініп және оны жөндеуге көмек көрсетілді. 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша оқуға бір адам жіберілді. 2011 жылы округте аз қамтылған отбасыларға басылымға жазылу үшін («Пульс района», «Аудан тынысы» және «Рудный Алтай») 20 мың теңге ақшалай қаражат бөлу ұйымдастырылды.

Әкімдік мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Шелехово ауылы Школьная көшесі, 40.
Қабылдау күндері: сейсенбі 09.00-ден 12.00-ге дейін,, бейсенбі 14.30-дан 18.30-ге дейін
Байланыс телефондары:  жұмыс телефоны 8(72351)2-71-32.

Ауылдық округ аумағында 4 елді мекен орналасқан, 2015 жылдың 1 шілдесіне жағдайы бойынша тұрғындар саны 416 адам, соның ішінде Шелехово ауылында - 237, Орловка ауылында - 128, Вознесеновка ауылында - 49, Троицкое ауылында - 2 адам.
Округ аумағында Шелехово ауылында орта мектеп, кітапхана, медициналық пункт, «Нұр» дүкені, су сорғыш станциясы орналасқан. Орловка ауылында – су сорғыш станциясы, дүкен, ветеринарлық пункт. Вознесеновка ауылында мал сою бойынша цех. Троицкое ауылында мачта және сымсыз телефондық байланыс үшін контейнер орналасқан.
Округтің жалпы аумағы 61934 га құрайды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 60486 га, оның ішінде егістіктер 35276 га. Округте ауыл шаруашылық дақылдарын өндірумен айналысатын 50 шаруа қожалығы және бір ЖШС тіркелген.

 

   
   

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 05-08-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019