КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Подборный ауылдық округі

 

Подборный ауылдық округінің әкімі - Будумбаев Құмарқан Сиязұлы 1957 жылдың 3 сәуірінде Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында туды.

1981 жылы Семей зоотетникалық- ветеринарлық институтын бітірді. Өзінің енбеқ жолын 1983 жылы Бородулиха ауданының «Память Ленина» колхозында  бас ветериналық дәрігер болып бастады.  2006 жылдың тамызынан бастап Подборный ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімшіліктің мекен жайы: ШҚО Бородулиха ауданы, Камышенка ауылы,Мира көшесі 40
Қабылдайтын күні: Дүйсенбі,сәрсенбі,жұма сағат 14.30- 15.30.
Байланыс телефоны: 8(723-53) 2-72-93.

 

Подборный ауылдық 3 ауыл округіне қарайды: Камышенка, Михайловка, Рамановка шеңбер орталығы Камышенка болып саналады.Облыс орталығына  дейін 217 шқ, және аудандық орталықа дейін 17шқ. Округтің халық саны 1142 адам құрайды, 794 адам белсенді оның ішінде, 171 мектеп окушысы бар. Ауылдық округі аймағы 25537,05 га құрайды, оның ішінде егіндік жер - 16159,4, шабындық жер – 266,645 га, жайылымдық жер – 8038,2 га.
Аймақ округіңде орналасқан: 1 орта мектеп  - ҚММ « Камышенка орта мектебі» (директор Г.М. Бақтыбаева ), 1 ауылдық ФАП (фельдшер О.Д. Франк),мектеп кітәпханасы (кітәпханашы Д.К. Шабакпаева), жәнеде 5 дүкен бар: «Абай» (Б.Г.Кудушева), «Семья» (А.А. Ершов), «Латифа » (Б.Уранхаева), «Арыс »(М.С. Ахметова), «Радуга» (М.Г. Кисилева).Ауылдық округінде 39 шаруа қожалықтары тіркелген. Ең үлкен шаруа қожалықтары мыналар болып саналады  «Вера » ш/қ, «Аманат» ш/қ, «Колос» ш/қ, «Ахпер» ш/қ, «Наурыз» ш/қ, «Жумаш» ш/қ, мал өсурумен және егін егумен айналысуда. Округте «Искра» және «Семья» шаруа қожалықтарында  мал сою алаңы бар, онда олар жеке меншік малдарын сояды. Подборный ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары бйдай,  қара бйдай, қарақұмық, күнбағыс егістіктерін салады.
2015 жылдың жарты жылдығында «Өсиет» шаруа қожалығы 9 мил.900 мың.теңгеге жаңа техника сатып алды. Жаңа техникамен ауылшаруашылық жұмыстарын қысқа мерізімде жүргізе алады жәнеде жақсы егін жинайды.
Округте 351 аула бар  оның ішінде 250 жеке меншік шаруашылығы бар.
Округ тұрғындары және шаруа қожалықтары ет ,сүт, жұмыртқа, бал өнімдерін тапсырады. Барлық мемлекеттік және қоғамдық мейрамдар Камышенка орта мектебінде өтеді. Мектепте  мемлекеттік тілді дамыту бойынша көптеген жұмыстар жасалуда. 25 балаға арналған Еркетай шағын орталығы бар. Күнсайын Романовка және Михайловка ауылдарынан оқушылар тасымалданады. Аз қамтылған отбасыларының  оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді.  Мектепте 16987 кітап қоры бар онің ішінде мемлекеттік тілде 1405 үлкен оқырманға және 324  балаларға арналған. Жыл ішінде оқырмандар саны 380 адамды құрады. Балалар алаңы бар. Әкімшілік үнемі мектеппен байланыста болып, барлық іс шараларды, мейрамдарды ақылдаса өткізеді. Барлық округтің мәдениетті іс шаралары мектепте мұғалімдер арқылы өтеді. Жаз уақытында мектеп лагері жұмыс істиді. Жандос Ермуратов инспектор полициясы үнемі тұрғын арасында жұмыс жүргізеді. Окрук бойынша 5 жеке кәсіпкерлер  және 1 кәсіпорын  күнбағыс орумен шұғылданады.
Окрук бойынша бір казпшта бөлімі бар, хат –хабар және зинет төлемін уақытында орындауда. Шаруа қожалықтары окрук бойынша  әр турлы іс шараларды  ұйымдастыруда және өткізуде демеушілік көмек көрсеткен болатын. Елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, ауыл тұрғындары белсенді қатысады.

  • Подборный ауылдық округі
  • Подборный ауылдық округі
  • Подборный ауылдық округі
  • Подборный ауылдық округі

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-09-2015
Оқиғалар күнтізбесі
Тамыз 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018