КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Белағаш ауылдық округі

 

Асаубаев Дюсенгали Айткалиевич Белағаш ауылдық округінің әкімі

Дюсенғали Айтқалиұлы Асаубаев, 1959 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келді, ұлты қазақ. Үйленген, екі баласы бар.
1979 жылы – Новопокровка зооветеринарлық техникумын ауыл шаруашылық механикаландыру мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1978 жылы қыркүйек айында Новопокровка мал шаруашылық кабинет электротехникі лаборанты болып бастап, 1986 жылдың қаңтар айына деиін істеді. Новопокровка совхозтехникумында 1986 жылдың ақпанынан 1992 жылдың қыркүйек айына деиін студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істеді. 1990 жылы – Семей мал шаруашылық – ветеринарлық  институтын – мал шаруашылығы мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы қыркүйекте Новопокровка ауыл шаруашылық техникумында мал шаруашылығы мамандығы бойынша оқытушы лауазымына ауысты. 1994 жылы сәуірде Семей агробизнес колледжінде механикаландыру бөлімінің орынбасары болып орналасты. 1998 жылы қыркүйекте Новопокровка ауылы Ауэзов атындағы  мектепте қара жұмысшы болып істеді. 2001 жылғы сәуірден 2005 жылғы мамыр бойынша сантехникалық жабдықты құрастыру болып істеді. 2005 жылдың сәуір айынан 2013 жыл бойынша  Бақылау және ШҚО бойынша ҚР халықты әлеуметтік қорғау департаментінде, жетеші маман лауазымында жұмыс істеді, кеиінірек Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының   бас маман лауазымына ауыстырылды. 2014 жылдың мамыры айынан 2015 жылдың сәуір айына деиін «ШҚО Бородулиха ауданы әлеуметтік мамандандырылған қызмет көрсету орталығы» КММ директоры міндетін атқарды. Бородулиха аудандық аймақтық сайлау комиссиясы шешімі негізінде, аудан әкімі өкімімен 2015 жылдың 9 сәуірінен № 45 ж/қ  Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2015 жылы 12 маусымда №79 ж/қ аудан әкімі өкімімен Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

 

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық  мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы Белағаш ауылы Советская көшесі, 52.
Қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Қабылдау сағаттары: 14.30-ден 17.00–ге дейін.
Байланыс телефондары: 8(723-51)2-82-18.

Белағаш ауылдық округіне 7 елді мекен кіреді: Белағаш, Зенковка, Өмірзақ, Беккарьер, Бек, 41-Айрық, Дүйсекен. Округ орталығы Белағаш ауылы. Архивтің мәліметтері бойынша Белағаш елді мекені 1910-1913 жж. кезеңінде құрылды, 1914 жылы Зенковка ауылы басқа елді мекені бойынша архивтік мәліметтер сақталмаған. Округте 828 аула, соның ішінде 466 аулада  жеке шаруа қожалықтары бар. Облыс орталығынан 220 км, аудан орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны - 2618, соның ішінде  белсенді тұрғындар - 1842, мектеп оқушылары - 288. Округте 2 орта мектеп бар «Краснополь орта мектебі» (директоры Т.А.Сайфулина) мен «Белағаш орта мектебі» КММ (директоры  А.А.Сучков). Зенковка ауылында Зенковка учаскелік емханасы (бас дәрігер Р.З.Ивкина), Белағаш  фельдшерлік пункті (менгерушісі Ж.К.Қыдырбекова), «Белағаш ұн комбинаты» (М.Б.Сарсенов), Темір жол вокзалы (А.А.Белич), Зенковка жарма зауыты (Д.К.Жұмәділов), «Авантаж Ойл» ЖШС (Б.Б.Туспеков), «Казводхоз» ЖШС (директор М.Мадиев), «Ыстық нан» наубайханасы (Н.М.Мартышкин), «Достык» ш/қ (А.Н.Құрамысов), «Коммунальник» ш/қ (И.Н. Поп), «Земля» ш/қ (Л.И.Шумкина), «Дина» ш/қ (Р.А.Сарсимбаев), «Заря» ш/қ (Ю.П.Кудрявцев), «Глобус» ш/қ (В.Я.Ковис), «Спектор» ш/қ (Г.В.Жерздев), «Ракс» ш/қ (В.Поляков), «Арай» ш/қ (С.К.Акжекеев), «Надежда» ш/қ (Ж.Ж.Рахимов), «Наследник» ж/с (Ю.Ж. Рахимов), «Сайрам» ш/қ (Д.А.Абдраимов), «Труд-13» ЖШС ш/қ (В.В. Лубинский), «Ульяна» ж/к (В.А. Майер) дүкендер «Болашақ» (С.К. Бурашев), «Фатима» және «Адель» (К.Т. Досмағамбетова), «Диана» (С.С. Акаева), «Дар» (М.А. Терещенко), «Мади» (М.Е. Габдуллина), «Тұлпар» және «Фортуна» (С.А. Булдыгина), «Еркін» және «Береке» (Н.Н.Сүлешова), «Ольга» (О.А.Икомасова), «У Гейде» және «Надежда» (Н.А.Гейде), «У дороги» (Е.Н.Кайзер).
Округте ет, сүт, жұмыртқа, бал, дән дақылдары: бидай, қарақұмық, қара бидай, майлы дақылдар, жемістер өндіріледі. 
2015 жылы Белағаш орта мектебінде шатыры жөнделіп, терезелері ауыстырылды. Зенковка орта мектебінде 2 топты, оның біреуі мемлекеттік тілде 50  орынға шағын орталық, «Эдем» жол бойындағы кешен (В.Романов), жұмысын бастады. Белағаш ауылында топтық су құбыры іске қосылды. Зенковка ауылында, субүркекті демалу аймағы мен әткеншегі бар балалар алаңы ашылды. Белағаш және Зенковка ауылдарында хоккей корты ашылды. Округте ауылшаруашылық техникасын жаңарту бойынша жұмысы жалғасады, 2014 жылы шаруашылықтармен жалпы соммасы 206 млн. теңгеге ауылшаруашылық техникасының 13 бірлігін сатып алды.
Округтің кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге, округті абаттандыруға, мектептерге және табысы аз отбасыларынан шыққан балаларға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге демеушілік көмек көрсетіп тұрады

 

   

 

Белағаш ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны өкілдерінің назарына

2016 жылдың 13 маусымында сағ 15.00-де Белағаш ауылы Советская көшесі 52 мекен жайы бойынша орналасқан Белағаш ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында Белағаш ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдері арасында жиналыс өткізіледі.

Күн тәртібі

1. Зенковка ауылында шағын-орталықта балалар алаңын салудағы жобалық сметалық құжаттама үшін ақшалай қаражат бөлу туралы және Белағаш ауылындағы жарықтандыру туралы.

2. Белағаш ауылы Школьная көшесіндегі  ұзындығы 0,7 кмжер учаскесін қалпына келтіру және учаскесін себу туралы.

 

Парақтар өзгертілді: 03-06-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019