КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Ауданның округтері

Жезкент кенттік округі

 

Жезкент кенттік округінің әкімі – Құнтая Айтқұлұлы Отызбаев, 1959 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі  - жоғары. Үйленген, екі баоасы бар.
Еңбек жолын 1976 жылы «Бородулихинский» совхозында бастады. 1977 – 1979 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында қызметтен өтті. 1979 – 1980 жылдар аралығында «Бородулихинский» совхозында жұмысшы болды. 1981 – 1986 жылдар аралығында Семей зоотехникалық – ветеринарлы институтында «ветеринария» мамандығы бойынша білім алды. Оқуды тәмамдағаннан кейін, 1986-1990 жылдар аралығында «Бородулихинский» совхозының бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1990-1995 жылдар аралығында ӘШБ бойынша директордың орынбасары, СТФ бас бригадирі, ары қарай «Бородулихинский» совхозының директоры болып жұмыс істеді. 1995 - 2004 жылдар аралығында дербес кәсіпкер. 2004 жылдан 2008 жылға дейін Переменовка ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.  2008-2011 жылдар аралығында «Мәди» ШҚ басқарушысы,   2011-2016 жылдарда «Мәди» ШҚ басшысы.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, аудан әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 223 – л/с өкімімен Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің әкімі болып тағайындалды.

Негізгі міндеттері

1.Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4. стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7. ауылдық округ ауылдарының мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9. өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
11. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
13. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16. статистикалық шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;
18. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
23. ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
24. ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
25. ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн аудан әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

 

Әкімдіктің мекенжайы: ШҚО Бородулиха ауданы, Жезкент кенті, Дружба көшесі 1.
Қабылдау сағаттары: 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға деиін.
Байланыс телефондары: 8(723-51)2-61-95, 8(723-51)3-68-42

  • Жезкент кенттік округі
  • Жезкент кенттік округі

Жезкент кенттік округіне 1 елді мекен кіреді: Жезкент кенті, жалпы кенттік округінің аумғы  90,5 га құрайды,оның ішінде  - 3,0 га құрылыста, кентте – 14,4 га, «Сад» саябақ қауымдастығында – 73, 1 га. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы кенттік округінде халық саны 8 161 адамды құрайды. Халықтың әлеуметтік құрамы бойынша: барлық жұмысшылар 5 255 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметте – 230 адам, 160 кәсіпкер, 245 адам өзін- өзі қамтитындар.Оған қоса округте 1 183 оқушы мектеп алды даярлық топтарымен қоса алғанда және 1000 зейнеткер.
Жезкент кенті Бородулиха ауданының ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналады, қала құрылысын салушы өнеркәсібі Орловка кен байыту комплексі.
Орловка туған жері Шығыс- Қазақстан облысының аумағында Өскемен қаласы - облыс орталығынан солтүстік- батысында 135 км және Бородулиха қаласының - аудандық орталығынан солтүстік- шығысында 40 шқ орналасқан. Кен Өскемен қаласымен Семей қаласының көлік жолымен байланысты. Туған жерден 10 км қашықтықта Горняк қаласы (Ресей) және Неверовская темір жол станциясы орналасқан.
Жезкент кентінде 6 өнеркәсіптік өндірістік объектісі бар: ЖК Ақан Құсаиынұлы Ысқақов – шұжық цехі; ЖК Гульнара Калиакпасқызы Ахметова – наубайхана, ЖК долгих Тамара Ивановна (ЖК Иван Иванович Гиндер объекті беру іске асырылуда) – наубайхана, ЖК Владимир Николаевич Городецкий – сүт өнімдерін шығару бойынша цехі, ЖК Райза Баймухаметова – наубайхана. 2014 жылы жаңа объект ашылған болатын ЖК Б.Мырзаханова – кіші- асхана, «Береке» наубайханасы.
Жезкент кентінде 2014 жылдың мамыр айынан бастап әр аптаның сенбісінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі жүргізіледі, онда ірі қарамал, сыйыр, шошқа еттері, сүр, балық, бал, жұмыртқа, тауық өнімдері және тағы басқасын сату жүзеге асырылады.
Соған қоса кентімізде бюджеттік ұйымдар бар: 2 балабақша, 2 мектеп лицейі, ән- күй мектебі, ауыл участкелік ауыруханасы, алғашқы санитарно- медициналық қызмет көрсету, кент полиция бөлімі, өрт сөндіру бөлімі -52, әскериленген кен құтқару сақшылары, «Металлург» мәдениет үйі.

  • Жезкент кенттік округі
  • Жезкент кенттік округі


2014 жылы «Ауылға дипломен» атты бағдарламасы бойынша 12 мұғалімге үй алуға 30 824 719 теңге соммасында несие бөлінді және 8 маман  1 037 120 теңге соммасында көтерме ақы алды.
Округте 3 кітапхана жұмыс істейді: екеуі орта мектептерде және біреуі «Металлург» МҮ.
Жезкент кенттік округінде әр түрлі спорт түрлері дамуда, олар: футбол, кіші- футбол, қазақша күрес, бокс, каратэ,фитнес, дзю- до, үстел теннисі, қол жұмсайтын ұрыс (қоян қолтық ұрыс), хоккей, тоғыз құмалақ. Кент аумағында барлығы 17 спорт түрінен 57 секция жұмыс істейді. 5 спорт залы, 1 хоккей алаңы, 1 теннис алаңы, 1 ашық жаттықтыру алаңы, 1 кіші- футбол алаңы, 1 футбол стадионы бар. «Шахтер» көше жеткіншектер клубы бар, онда 280 бала қатысады. 2015 жылы Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай ШҚО Бородулиха ауданы әкімдігінің жүлдесіне ХІХ спортакиядасында біздің команда жалпы команда бойынша 1 орынды иеленді.
Кентте кіші және орта бизнес белсенді дамуда. Жезкент кентінде 80 дүкен әр түрлі пішіндежұмыс істейді, халықты қоғамдық тамақтандыру қызметімен 6 дәмхана қамтамасыз етеді, 1 мейрамхана; «Көктем» базары: сатуша орыны – 15, 6 шаштараз. Кент халықына киім тігу бойынша – 2 тігін цехі, 5 дәріханасы, 2 компьютер салоны, компьютер техникасын жөндеу бойынша 1 салоны, 2 жеке стомотологиялық бөлмесі, аяқ киім жөндеу бойынша 2 цехі, жастық және көрпелерді қалпына келтіру бойынша 1 дүкені, 1 фото салоны, 1 гүл павильоны, 1 ақша айырбастау пункті, 1 «Береке» кіші- асхнасы, 1 сән салоны қызмет атқарады. Округ аумағында 2 КЖС ЖК Цыберт В.В., 3 КЖО, 2 көлік жуу орыны бар. Кабельді телевизия жұмыс істейді. ҰОС ардагерлері және кентіміздің аз қамтылған отбасылары үшін «Ардагер» дүкені жұмыс істейді.

  • Жезкент кенттік округі
  • Жезкент кенттік округі
«Жезкент кентіндегі ШҚӨК «Энергожелілері» Жезкент энергоцехының өнеркәсіп қазандығын кеңейту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы *.jpg 205 Kb

 

 

Парақтар өзгертілді: 13-12-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Мамыр 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019