КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Мәдениет

2018 жылдың 6 айына бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат

Мәдениет
Мәдениет мекемелерінде 34 нысан бар, соның ішінде, 1 аудандық және 4 ауылдық мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 1 аудандық және 21 ауылдық кітапхана, Достық үйі бар.
Аудан аумағында жергілікті деңгейдегі 4 тарих және мәдени ескерткіш пен 71 археологиялық ескерткіш тіркелген. Ауылдық (кенттік) округтердің әкімдерімен және «Буркотовское» ЖШС, «Достық» шаруа қожалығымен 75 күзет міндеттемелері жасалынды.
Ауданда «Халықтық» атағы бар 2 ұжым («Гакку» және «Русские узоры»), би ұжымдары («Грация», «Грандж»), вокалдық – инструменталдық ансамбль тағы да басқа үйірмелер жұмыс істейді.
Мәдениет үйілері мен ауылдық клубтарда 75 үйірме жұмыс істейді, оның 21 – балалар,  54 – ересектер үйірмесі, үйірмелерге 1123 адам тартылған. 
Достық үйінің қызметі мемлекеттік, аудандық деңгейлердегі мерекелік және мерейтой күндері ескеріле отырып бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достық үйінде 8 этномәдени бірлестік: «Ляйсан» татар, «Верасы» белорус, «Родник», «Славянка», «Сударушка» орыс, «Смерічка» украин, «Ахмат» шешен, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілеттілігі мен «Ажар» мәдени бірлестігі жұмыс істейді.
Барлық ауылдық округтерде қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, Достық үйінің жананда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас жүрек» жастар клубы жұмыс істейді. 
01.07.2018 жағдай бойынша аудандық кітапханалардың кітап қоры 251,561 мың дананы құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілдегісі 63,517 мың дана. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 9109 адамды құрайды. Есептік кезеңде 2792 дана жаңа кітап алынды, оның 1622 данасы мемлекеттік тілде. Электронды каталогқа 12632 дана кітап аударылды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 5020
Бородулиха, Новошульба, Михайличенково кітапханаларында  қолданушыларға заңгерлік, әдістемелік көмек көрсететін онлайн – орталықтар жұмыс істеп тұр. Есептік кезеңде онлайн – орталықтарды 632 қолданушы тіркелген. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша семинар – тренингтер өткізіледі, 6 айда 22 тренинг өткізіліп, 60 адам оқытылды. 
22 ауылдық кітапхананың 6 ғаламтормен қамтамасыз етілген (ОКЖ, Михайличенково, Новошульба, Бел-Ағаш, Новопокровка ауылдық және Жезкент кенттік кітапханалары), 12 кітапхана 19 компьютермен жабдықталған.
Балаларды кітап оқуға тарту үшін кітапханаларда шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Аудандық кітапханада бейнелеу өнері бойынша «Вдохновение» және әдеби – драмалық «Современник» үйірмелері; Новопокровка кітапханасында мүгедек балалар қатысатын, «Изюменка» үйірмесі; Зубаир кітапханасында би үйірмесі мен шахмат үйірмесі; Песчанка кітапханасында тұзды қамырды илеу үйірмесі; Ивановка ауылдық кітапханасында сурет үйірмесі жұмыс істейді.
Ауданның барлық мәдени мекемелерінде барлық негізгі бағыттар бойынша мәдени – бұқаралық іс – шаралар өткізіліп отырады.
2018 жылдың есептік кезеңінде мәдениет мекемелерімен 520    мәдени – бұқаралық іс – шара өткізілді немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (486 іс-шара) 1,04 есеге артты. Іс – шараларға 36400 адам қатысты. Соның ішінеде әлеуметтік маңызды іс – шаралардың саны – 99. 
Тілдерді дамыту
Қазақстан   Республикасында   тілдерді   дамыту  мен   қолданудың
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі   Бородулиха   ауданы   әкімдігінің  2017 жылғы  24  наурыздағы
№ 49 қаулысымен 2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ауданда барлық тұлғаларға мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Тілдерді оқыту бойынша тегін курстар ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 14078,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 6 қазақ тілінің, 1 ағылшын және 1 орыс тілдерінің оқытушылары жұмыс істейді. Филиалдардағы сабақтар заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерінде  жүргізілуде. Тілдерді оқыту орталығының материалдық – техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 750,0 мың теңге бөлінді.
2017 – 2018 оқу жылында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 256 тыңдаушы мемлекеттік тілді тегін оқыды, олардың 167 - мемлекеттік қызметші; ағылшын тілін 51 адам, олардың 16 мемлекеттік қызметші. Сонымен қатар тілдерді оқыту орталығының жанында «Тілашар» қысқа мерзімді (2 айлық) курсы жұмыс істейді, онда 95 адам оқыды.
Ағымдағы жылы тілдерді оқыту орталығының жанынан оралмандар үшін орыс тілін оқыту курсы ашылған, онда 11 адам оқыды. 
Ауданда 4924 оқушы оқыған 34 мектеп жұмыс істейді, олардың 10 аралас, 4 қазақ тіліндегі мектеп. Қазақ тіліндегі мектептер мен аралас мектептердегі қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда 1327 оқушы білім алды, олардың 22 өзге ұлт өкілі.
Сонымен қатар 425 бала тәрбиеленетін 14 шағын орталық жұмыс істейді, олардың 2 аралас, 3 қазақ тілінде оқытылады, қазақ тіліндегі шағын орталықта – 125 бала тәрбиеленуде, оның 11 басқа ұлт өкілдері.
3 балабақшада орыс тілінде оқытылатын 15 топ бар, онда 356 бала тәрбиеленеді, ал қазақ тілінде оқытылатын 12 топта 270 бала тәрбиеленуде, оның 9 этнос балалары. 
Мәдени бұқаралық, спорттық және басқа қоғамдық іс – шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы қамтамасыз етілуде. Ауданда жыл басынан бастап 520 іс – шара өткізілді.
Тіл саясаты баспа және электронды БАҚ арқылы насихатталып отыр. Тілдер саясатын іске асыру мақсатында аудандық газет беттері мен аудан әкімінің сайтында 2018 жылдың 2 тоқсанында 32 материал жарияланды. Соның ішінде мемлекеттік тілде – 13, орыс тілінде – 10, екі тілде – 9.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 94 пайызды құрайды.
Мемлекеттік және басқа тілдерді білуден конкурстар, олимпиадалар, акциялар және айлықтар өткізуге жергілікті бюджеттен 607,0 мың теңге бөлініп, оның 222,0 мың теңгесі игерілді.
2018 жылдың есептік кезеңінде 10 астам аудандық іс – шара өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңіберінде, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселелері бойынша аудан әкімінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 274-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2018 жылдың 1 шілдесіне  ауылдық және кенттік окрігтерде 30 – астам түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  1751 адам қамтылды.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы негізінде тілдерді дамыту жөніндегі басқармадан берілген елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерінің тізбесіне сәйкес, Бородулиха ауданында  7 елді мекен мен 51 көше қайта атауға жатады.
Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 2 ақпандағы кезекті отырысында Новошульба, Степной, Переменовка, Бақы ауылдық округтерінің 2 елді мекені мен 9 көшесін қайта атау бойынша ұсыныс қаралып, оң шешім қабылданды. 
Сонымен қатар Құнарлы, Подборный, Белағаш, Зубаир, Дмитриевка ауылдық окруктерінің 2 елді мекені мен 16 көшесін қайта атау бойынша ауыл тұрғындарымен жиналыстар өткізіліп, оң шешім қабылданды. Аталған әкімшілік аумақтық бірліктер мен оның құрамдас бөліктері бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу үшін аудандық мәслихаттың кезекті отырысында қарауға  құжаттар жиыны тапсырылды.   
Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелерді қайта атау бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына әр жарты жылдықтың қорытындысы бойынша ақпарат жіберіліп  отырады.

Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы  М.Досмагамбетова

2018 жылдың 1 тоқсанына  «ШҚО Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметінің негізгі бағыттары  бойынша ақпарат

Мәдениет
Мәдениет мекемелерінде 34 нысан бар, соның ішінде, 1 аудандық және 4 ауылдық мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 1 аудандық және 21 ауылдық кітапхана, Достық үйі бар.
Барлық ауылдық округтерде қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, Достық үйінің жананда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас жүрек» жастар клубы жұмыс істейді. 
Аудандық кітапханалардың кітап қоры 248,8 мың дананы құрайды,  соның ішінде мемлекеттік тілдегісі 61,9 мың дана. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 5382 адамды құрайды.
Бородулиха, Новошульба, Михайличенково кітапханаларында  қолданушыларға заңгерлік, әдістемелік көмек көрсететін онлайн – орталықтар жұмыс істеп тұр. Есептік кезеңде онлайн – орталықтарды 378 қолданушы тіркелген. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша семинар – тренингтер өткізіледі, 3 айда 14 тренинг өткізіліп, 36 адам оқытылды. 
22 ауылдық кітапхананың 6 ғаламтормен қамтамасыз етілген (ОКЖ, Михайличенково, Новошульба, Бел-Ағаш, Новопокровка ауылдық және Жезкент кенттік кітапханалары), 12 кітапхана 19 компьютермен жабдықталған.
Ауданның барлық мәдени мекемелерінде барлық негізгі бағыттар бойынша мәдени – бұқаралық іс – шаралар өткізіліп отырады.
2018 жылдың есептік кезеңінде мәдениет мекемелерімен 255 мәдени – бұқаралық іс – шара өткізілді немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (250 іс-шара) 1,02 есеге артты. Іс – шараларға 27285 адам қатысты. Соның ішінеде әлеуметтік маңызды іс – шаралардың саны – 66 
Тілдерді дамыту
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі   Бородулиха ауданы  әкімдігінің  2017 жылғы 24 наурыздағы № 49 қаулысымен 2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ауданда барлық тұлғаларға мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Тілдерді оқыту бойынша тегін курстар ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 14078,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 6 қазақ тілінің, 1 ағылшын және 1 орыс тілдерінің оқытушылары жұмыс істейді. Филиалдардағы сабақтар заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерінде  жүргізілуде. Тілдерді оқыту орталығының материалдық – техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 750,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 256 тыңдаушы мемлекеттік тілді тегін оқиды, олардың 167 - мемлекеттік қызметші; ағылшын тілін 51 адам, олардың 16 мемлекеттік қызметші. Сонымен қатар тілдерді оқыту орталығының жанында «Тілашар» қысқа мерзімді (2 айлық) курсы жұмыс істейді, онда 95 адам оқыды.
Ағымдағы оқу жылында тілдерді оқыту орталығының жанынан оралмандар үшін орыс тілін оқыту курсы ашылды, онда 11 адам оқиды. 
Мәдени бұқаралық, спорттық және басқа қоғамдық іс – шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы қамтамысыз етілуде. Ауданда жыл басынан бастап 255 іс – шара өткізілді. 
Тіл саясаты баспа және электронды БАҚ арқылы насихатталып отыр. Тілдер саясатын іске асыру мақсатында аудандық газет беттері мен аудан әкімінің сайтында 2018 жылдың үш айында 26 материал жарияланды. Соның ішінде мемлекеттік тілде – 13, орыс тілінде – 4, екі тілде – 9.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 92 пайызды құрайды.
Мемлекеттік және басқа тілдерді білуден конкурстар, олимпиадалар, акциялар және айлықтар өткізуге жергілікті бюджеттен 607,0 мың теңге бөлініп, есептік кезеңнің қорытындысы бойынша 192,0 мың теңге игерілді.
2018 жылдыңағымдағы кезеңінде 10-нан астам аудандық іс – шара өткізілді.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелерді қайта атау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасы негізінде, тілдерді дамыту жөініндегі басқармадан берілген әкімшілік – аумақтық бірліктер мен оның құрамдас бөліктерінің тізіміне сәйкес аудан бойынша 7 елді мекен мен 51 көшенің атауы, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар ретінде қайта атауға жатады.
Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 2 ақпандағы кезекті отырысында 2 елді мекен мен 9 көшені қайта атау бойынша ұсыныс қаралып, оң шешім қабылданды. 
Сонымен қатар Құнарлы және Подборный ауылдық окруктері бойынша 2 елді мекен мен Белағаш, Зенковқа, Подборный  ауылдық округтерінің 16 көшесін қайта атау бойынша ауыл тұрғындарымен жиналыстар өткізіліп, оң шешім қабылданды. Аталған әкімшілік - аумақтық бірліктер мен оның құрамдас бөліктері бойынша аудандық мәслихаттың кезекті отырысында қарау үшін құжаттар жиыны жинастырылуда.  
Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелерді қайта атау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Руководитель отдела культуры,
развития языков,
физической культуры и спорта М. Досмагамбетова

2017 жылдың бірінші жартыжылдығына мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат

Мәдениет мекемелерінде 34 нысан бар, соның ішінде, аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, Достық үйі, аудандық және 21 ауылдық кітапхана бар.
Аудан аумағында республикалық деңгейдегі 4 тарих және мәдени ескерткіш пен 71 археологиялық ескерткіш тіркелген. Ауылдық (кенттік) округтердің әкімдерімен және «Буркотовское» ЖШС, «Достык» шаруа қожалығымен 75 күзет міндеттемелері жасалынды.
Мәдениет саласындағы мекемелерде жұмыс істейтін қызметшілердің жалпы саны 103 адам, соның ішінде клубтық мекмелерде – 60, кітапханаларда – 36, Достық үйінде 7 адам жұмыс істейді.
Мәдени нысандардың барлығы мүмкіндігі шектеулі адамдар кіріп – шығуға арналған пандустармен жабдықталған.
Ауданда «Халықтық» атағы бар 2 ұжым («Гакку» және «Русские узоры»), би ұжымдары («Грация», «Грандж»), вокалдық – инструменталдық ансамбль жұмыс істейді.
Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда 60 үйірме жұмыс істейді, оның 28 – балалар,  32 – ересектер үйірмесі, үйірмелерге 904 адам тартылған. 
Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтар қажетті құралдармен жабдықталған.
Достық үйінің қызметі мемлекеттік, аудандық деңгейлердегі мерекелік және мерейтой күндері ескеріле отырып бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достық үйінде 8 этномәдени бірлестік: «Ляйсан» татар, «Верасы» белорус, «Родник», «Славянка», «Сударушка» орыс, «Смерічка» украин, «Ахмат» шешен, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілеттілігі мен «Ажар» мәдени бірлестігі жұмыс істейді.
Аудандық кітапханалардың кітап қоры 248,7 мың дананы құрайды,  соның ішінде мемлекеттік тілдегісі 60,6 мың дана. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 9104 адамды құрайды. Есептік кезеңде 3230 дана жаңа кітап түсті, оның ішінде 1533 дана мемлекеттік тілде.
Электрондық каталогқа 11199 дана кітап енгізілді, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 4913 дана.
Бородулиха, Новошульба, Михайличенково кітапханаларында  қолданушыларға заңгерлік, әдістемелік көмек көрсететін онлайн – орталықтар жұмыс істеп тұр. Есептік кезеңде онлайн – орталықтарды 603 қолданушы тіркелген. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша семинар – тренингтер өткізіледі, 6 айда 22 тренинг өткізіліп, 104 адам оқытылды. 
22 ауылдық кітапхананың 5 ғаламтормен қамтамасыз етілген (ОКЖ, Михайличенково, Новошульба, Бел-Ағаш ауылдық және Жезкент кенттік кітапханалары), 8 кітапхана 17 компьютермен жабдықталған.
Аудандық кітапхана ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсетіп отырады, 2017 жылдың ағымдағы кезеңінде жаңадан қабылданған жұмысшылар үшін тәжірибелік көмек көрсете отырып Петропавловка, Михайличенково, Жезкент кітапханаларында 3 іс – тәжірибе өткізілді. 
Балаларды кітап оқуға тарту үшін кітапханаларда шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Аудандық кітапханада бейнелеу өнері бойынша «Вдохновение» және әдеби – драмалық «Современник» үйірмелері; Новопокровка кітапханасында мүгедек балалар қатысатын, «Изюменка» үйірмесі;  Зубаир кітапханасында би үйірмесі мен шахмат үйірмесі; Песчанка кітапханасында тұзды қамырды илеу үйірмесі; Ивановка ауылдық кітапханасында сурет үйірмесі жұмыс істейді.
Биылғы жыл мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы, Алаш қозғалысының 100 жылдығы, Қазақстан полициясының 25 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтың 115 жылдығы, Таупық Рымжановтың 80 жылдығы және т.б. айтулы мерекелер жылы. Осыған байланысты барлық мәдениет мекемелерінде әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.
6 айда мәдениет мекемелерімен 450 бұқаралық – мәдени іс – шара өткізілді, соның ішіндегі әлеуметтік маңызды іс – шаралардың саны – 66, іс – шараларға 65740 адам қатысты.
Кітапханаларда мерейтой иелері ақын – жазушылар туралы материалдар қойылған, «Қазақстанның мерейтой иелері - 2017» атты кітап көрмесі ресімделген. Сондай – ақ, Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына, Таупық Рымжановтың 80 жылдығына, Ғабит Мүсіреповтың 115 жылдығына арналған ақпараттық сөрелер де ресімделген. 
6 айда аудандық мәдениет үйі мен кітапхананың материалдық – техникалық базасы 6330,0 мың теңгеге нығайтылды: кітапханада 130,0 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба) сатып алынды, 750,0 мың теңгеге мерземдек баспасөзге жазылды; АМҮ 5000,0 мың теңгеге лед экран, 150,0 мың теңгеге аппаратураны басқаратын пульт, 220,0 мың теңгеге дауыс күшейткіш, 80,0 мың теңгеге ноутбук сатып алынды.

Мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы М. Досмагамбетова

 

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ *. doc 156 KB
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Бородулиха ауданының 2017-2019 жылдарға арналған (ІІІ кезең) ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ *. doc 141 KB
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2017 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 42 қаулысының іске асырылу барысы туралы АҚПАРАТ *.doc 34 КB
     
     
  Мұрағат  
Парақтар өзгертілді: 20-07-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019