КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Мәдениет

«Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» КМҚК

Балыкбаев Канат Жумабаевич «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» МКҚК директоры -  Балыкбаев Канат Жумабаевич 1983 жылы 21 ақпанда Семей облысы Бородулиха ауданында дүниеге келген.
ШҚО Бородулиха ауданында 1990 жылдан бастап – 1998 жылға дейін Шелеховский орта мектебінде білім оқыған.
1998 жылы қыркүйектен 2001 жылдын маусым айы аралығында Семей геологиялық барлау колледжін «Экономист» мамандығы бойынша аняқтады.
2001 жылдың қазан айынан 2003 жылдың қазан айына дейін ВВРК –да шұғыл әскери қызметте болды.
2004 жылдың наурыз айынан сәуір айы аралығында, «Валют транзит секьюрити» күзетші болып жұмыс істеді.  
2004 жылдын сәуір айынан 2006 жылдын маусым айы аралығында «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ экономист болып жұмыс істеді.  
2006 жылдың маусым айынан 2010 жылдың ақпан айы аралығында ҚР КС УЕНБ –да контракт бойынша қызмет атқарды.
2010 жылдың айынан 2015 жылдың шілде айы аралығында «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» МКҚК бас бухгалтері болып жұмыс атқарды. 2015 жылдың тамыз айынан қаңтар айына дейін  «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» МКҚК шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2016 жылдың 18 қаңтарынан бастап мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйырығымен  «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» МКҚК директоры болып тағайындалды.

Бородулиха ауданы мәдениет бөлімі "Мәдениет үйі" КМҚК 2017 жылы жасаған жұмысы туралы Есеп *.doc 37 КB

2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат

Аймақта мәдениет саласының қызметі тұрақты дамуда.
2018 жылдың қаңтарына Бородулиха ауданының мәдениет мекемелерінде 34 нысан бар, соның ішінде, 1 аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 аудандық және 21 ауылдық кітапхана, 1 Достық үйі бар.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі №90-VI Заңын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жезкент к., Новая Шульба а., Новопокровка а., Переменовка а. ауылдық клубтары Бородулиха ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №248 қаулысымен Жезкент к., Новая Шульба а., Новопокровка а., Переменовка а. «Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды.
Сондай-ақ аудан аумағында қорғау ордерлері нөмірленген жергілікті деңгейдегі тарих және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген 4 тарих және мәдени ескерткіш пен 71 археологиялық ескерткіш тіркелген. Ауылдық (кенттік) округтердің әкімдерімен және «Буркотовское» ЖШС, «Достык» шаруа қожалығының басшыларымен 75 күзет міндеттемелері жасалынды.
Мәдениет саласындағы мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны 103 адам, соның ішінде клубтық мекемелерде – 60, кітапханаларда – 36, Достық үйінде 7 адам жұмыс істейді.
Ауданда «Халықтық» атағы бар 2 ұжым («Гакку» және «Русские узоры»), би ұжымдары («Грация», «Грандж»), вокалдық – инструменталдық ансамбль және т.б. жұмыс істейді.
Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда 75 үйірме жұмыс істейді, оның 21 – балалар, 54 – ересектер үйірмесі, үйірмелерге 1123 адам тартылған. 
Достық үйінің қызметі мемлекеттік, аудандық деңгейлердегі мерекелік және мерейтой күндері ескеріле отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достық үйінде 8 этномәдени бірлестік: «Ляйсан» татар, «Верасы» белорус, «Родник», «Славянка», «Сударушка» орыс, «Смерічка» украин, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілеттілігі мен «Ажар» қазақ мәдени бірлестігі жұмыс істейді.
2017 жылдың сәуір айында «Ахмат» шешен этномәдени бірлестігі ашылды.
2017 жылы барлық ауылдық округтерде Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Достық үйінде Қазақстан Халықтары Ассамблеясының «Жас жүрек» жастар клубы құрылды.
2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кітапханалардың кітап қоры 242,8 мың дананы құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілдегісі 61,9 мың дана. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 12071 адамды құрайды. Есептік кезеңде 5291 дана жаңа кітап түсті, оның ішінде 3251 дана мемлекеттік тілде. Мерзімдік басылымдарға жазылу үшін жергілікті бюджеттен 1500,0 мың теңге бөлінді және толық игерілді. 
Бородулиха, Новошульба, Михайличенково кітапханаларында  қолданушыларға заңгерлік, әдістемелік көмек көрсететін онлайн – орталықтар жұмыс істеп тұр. Онлайн – орталықтарда 775 қолданушы тіркелген. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша семинар – тренингтер өткізіледі. Жыл бойынша 35 тренинг өткізіліп, 129 адам оқытылды. 
22 ауылдық кітапхананың 5 ғаламтормен қамтамасыз етілген (ОКЖ, Михайличенково, Новая Шульба, Бел-Ағаш ауылдық және Жезкент кенттік кітапханалары), 12 кітапхана 19 компьютермен жабдықталған.
Балаларды кітап оқуға тарту үшін кітапханаларда шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Аудандық кітапханада бейнелеу өнері бойынша «Вдохновение» және әдеби – драмалық «Современник» үйірмелері; Новопокровка кітапханасында мүгедек балалар қатысатын «Изюминка» үйірмесі; Зубаир кітапханасында би үйірмесі мен шахмат үйірмесі; Песчанка кітапханасында тұзды қамырды илеу үйірмесі; Ивановка ауылдық кітапханасында сурет үйірмесі жұмыс істейді.
Ауданның барлық мәдениет мекемелерінде барлық басым бағыттар бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. 
2017 жылы мәдениет мекемелерімен 1000 бұқаралық – мәдени іс – шара өткізілді, немесе 2016 жылмен салыстырғанда (981 іс-шара) 1,01 есе өсті. Іс – шараларға 107,1 мың адам қатысты.
Оның ішіндегі ірі әлеуметтік маңызды мәдени-бұқаралық іс – шаралардың саны – 143.

  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат
  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат
  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат
  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат
  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат
  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат
  • 2017 жылға мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат

 

Мұрағат

 

Парақтар өзгертілді: 02-03-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018