КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Білім

Бородулиха ауылының «Шығармашылық үйі» КМҚК

 

Бородулиха ауданында 2009 жылдан «Шығармашылық үйі» КМҚК қызмет етеді. Директоры – Лаура Оразғалиқызы Оразғалиева.
«Шығармашылық үйі» КМҚК жанында 5 үйірме бар: Хореография, Пішіп-тігу студиясы, Көркемсаз, Шахмат және Аэробика.
Оқушылардың жалпы саны – 180.
Бородулиха ауылының «Шығармашылық үйі» КМҚК жыл сайын аудан мектептерінің оқушылар үшін дәстүрлі конкурстар мен іс-шаралар өткізеді: «Айналайын», «Күзгі этюд», «Екі жұлдыз», «Күзгі бал», «Жаңа жыл».
Шығармашылық үйінің оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жыл сайынғы жүлдегерлері болып табылады. 2015 жылғы 23-30 сәуір аралығында «Айналайын» ансамблі «Атадан мұра» Республикалық фестиваліне (Щучинск қаласы, «Балдәурен» ҰО) қатысты және 1 орынды иеленді.
2015 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында «Айналайын» аудандық конкурсының іріктеу кезеңі өткізілді. Ағымдағы жылдың 1 маусымында Халықаралық балалардың қорғау күні гала – концерт болып өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Гран-приді «Бородулиха қазақ орта мектебі» КММ, 1 орынды – «Киров атындағы орта мектеп» КММ, 2 орынды – «Н.Островский атындағы орта мектеп» КММ, «М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ, 3 орынды – «Буркотов ауылының орта мектебі» КММ иеленді.

 

Оразгалиева Лаура Оразгалиқызы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1973 жылы тамыз айының 5-ші жұлдызында дүниеге келдім. 1980 жылы Абай ауданы Қарауыл бастауыш мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1990 жылы Абай атындағы 11 жылдық орта  мектепті бітірдім. 1991 жылы Абыралы ауданы Қайнар селосы С.Бегалин ауылында «Айнабұлақ» орта мектебінде тәлімгер болып жұмыс атқардым. 1991-1994 жылдары Абыралы ауданы мәдениет үйінде әдіскер қызметін атқардым. 1994 жылы Семей қаласы М.Төлебаев атындағы саз колледжін бітіріп, «Қайнар» халық ән-би ансамбліне балетмейстер болып қабылдандым. 1998-2004 жылдар аралығында Үржар ауданындағы мәдениет үйінде «Сонар» халық ән-би ансамблінде балетмейстер болып қызмет жасадым. 2008-2009 жылдар аралығында Семей қаласында «Илхам» жастар шығармашылық бірлестігінде хореограф жұмысын атқардым. 2009 жылы Бородулиха аудандағы мәдениет үйінде хореограф қызметін атқарып, 2009 жылдың ақпан айының 1-ші жұлдызында «Шығармашылық үйіне» директор болып ауыстырылдым. 2013 жылы СМПИ Музыкалық білім мамандығы бойынша сырттай бөлімін бітірдім.

 

Парақтар өзгертілді: 11-02-2016
Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2018
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2018