КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Мәслихат

Мәслихат депутаттары

Айтуған Ғабдулғазизұлы Кудушев - VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 12 Подборный сайлау округі бойынша депутаты. 1962 жылғы 9 қаңтарда Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Сарапан ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ново-Покровка совхоз техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірді. 1987 жылдан 1988 жылға дейін Камышенка ауылы "Пушкин" колхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Камышенка ауылында " Аманат" шаруа қожалығының басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 
Виктория Анатольевна Мокроусова – VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 10 Дмитриевка сайлау округі депутаты. 1993 жылы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы,Ұржар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2012 жылы М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша, 2015 жылы Шымкент қаласының Қазақстан инженерлік - педагогикалық халықтар достығы университетін, сол мамандық бойынша бітірді. 2012 жылы 1 қыркүйектен бастап Бородулиха ауылының Абай атындағы мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істейді. «Нұр Отан»  партиясының мүшесі. 
Вера Иосифовна Балтабаева - VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 6 Андронов сайлау округі депутаты. 1968 жылы 6 шілдеде Семей облысы Бородулиха ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Андронов орта мектебін бітірді. 1986 жылы Талды–Қорған қаласының «Жансүгіров» атындағы педагогикалық институтына түсіп, жоғарыда аталған педагогикалық институтын «Еңбек оқыту және жалпы техникалық пәндер мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап шықты, 2009 жылға дейін "Андроновка орта мектебі" КММ математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап "Переменовка орта мектебі" КММ директоры. «Нұр Отан»  партиясының мүшесі.
Кималидин Сағалбайұлы Апенов – V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 4 Жезкент сайлау округі бойынша депутаты. 1967 жылы 1 маусымда Павлодар облысы Железинка ауданының Комаровка ауылында туған. 1984 жылы орта мектепті бітіріп, Павлодар индустрия институтына түскен. 1985 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылады. 1989 жылы жас маман болып өзінің еңбек жолын Жезкент кентінде КБК байыту фабрикасында машинисттің оқушысынан бастаған. Артынан электр цехына ауыстырылады. 2008 жылы Жезкент кентінің энергетикалық цехына ТВС бастығы болып тағайындалған. 2010 жылы әлеуметтік-әкімшілік мәселелер жөнінде бастық болып тағайындалған. 2011 жылы Жезкент кен байыту комбинатының кәсіподақ кеңесінің төрағасы болып сайланған. «Нұр Отан»  партиясының мүшесі.
Азамат Жұмақанұлы Әубәкіров - V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 3 Жерновка сайлау округі бойынша депутаты, 1982 жылы 26 желтоқсанда Семей облысы Новая Шульба ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Жерновка орта мектебін бітірген. Осы жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясына түсіп, 2004 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Жерновское» ЖШС заңгер болып бастаған, бүгінгі таңда «Жерновское» ЖШС директордың орынбасары болып қызмет атқарады.  «Нұр Отан»  партиясының мүшесі.

Сергей Николаевич Быков –ІV, V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 1 Ленин сайлау округі бойынша депутаты. 1959 жылы 2 тамызда Семей облысы Бородулиха ауданының Красный Яр ауылында дүниеге келген. «Красный Яр» шаруа қожалығының басшысы.  Бородулиха ауданының құрметті азаматы, қоғамдық, саяси және шаруашылық қызметтегі белсенділігі  үшін «Ерен еңбегі үшін» (За трудовое отличие) медалімен наградталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 

Валентина Михайловна Ежова – ІV, V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 5 Жезкент сайлау бойынша депутаты, 1956 жылы 6 ақпанда Новошульба ауылында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Семейдің Н.Крупская атындағы педогогика институтының дене шынықтыру факультетін бітірген. 1997 жылы Бородулиха АББ спорт мектебінде жаттықтырушы. 1980 жылдан бастап аудандық білім беру бөлімінің әдіскері. 1982 жылдан бастап  балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болған. 1988 жыдан бастап кейіннен «Заветы Ильича» колхозында кәсіподақ төрайымы болып сайланды, 1993 жылдан бастап кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы. 1994 жылдан бастап аудандық әкімшіліктің жастар, туризм және спорт жұмысы бойынша бөлімнің бастығы. 1995 жылы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің директоры.  2014 жылдан  бастап «Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған» КММ Бородулиха медициналық – әлеуметтік мекемесі директорының орынбасары. 
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Юрий Геннадьевич Ковязин - V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 13 Новопокровка сайлау округі бойынша депутаты, 1970 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1985 жылдан 1989 жыл аралығында музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде оқыған. 1989 жылдан 1991 жыл аралығында Кеңес әскерінің қатарында қызмет еткен. 1991 жылдан бастап 1996 жылға дейін музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Алтай мемлекеттік өнер институтында оқыған. Оқумен бірге 1992-1995 жылдар аралығында Новопокровка орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істеді. Бүгінгі таңда өзі басшылық етіп отырған «Лина» шаруа қожалығын 1997 жылы ұйымдастырған.«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Абайхан Нұрмұхамедұлы Құрамысов - ІV, V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының № 11 Белағаш сайлау округі бойынша депутаты, 1953 жылы Абай ауданының Сұңқырлақ ауылында дүниеге келген. 1958 жылы отбасы Зенковкаға көшіп келген. 1970 жылы Краснопол орта мектебін бітіргеннен кейін № 25 кәсіптік техникалық училищеге түсіп, жүргізуші автослесарь мамандығын алған. 1972 жылдан 1974 жылдары аралығында Кеңес әскерінің қатарында қызмет атқарған. Әскерден келген соң туған ауылына оралып, «Красное знамя» колхозында жүргізуші болып жұмысқа тұрған.                  1991-1997 жылдары диірмен, май зауытын басқарған. Кейіннен А.Н. Құрамысов «Достық» шаруа қожалығын басқарды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Уәлихан Төкенұлы Майжанов-  V, VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының  №2 Новошульба сайлау учаскесі бойынша депутаты, 1961 жылы 9 мамырда Семей облысы, Новошульба ауданының Буркотов ауылыңда дүниеге келген. 1978 жылы Буркотов ауылыңың орта мектебін бітірді. 1978 жылдан бастап  «Красный Казахстан» совхозының жұмысшысы. 1984 жылы  Семей зооветеринарлық институтын бітіріп, зооинженер мамандығын алды. Кешкі уақытта қоғамдық ғылымдардың екiжылдық факультетiн бiтiрдi. 1986 жылдан бастап комсомол комитетінің хатшысы, комсомолдық ұйымдар бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан бастап комсомолдың Новошульба аудандық комитетiнiң екiншi содан соң бiрiншi хатшысы. Белсенді жұмысы үшін Қазақстан комсомолының ОК Құрмет грамотасымен, БЛКЖО ОК төс белгісімен наградталған, Қазақстанның ЛКЖО 16 съезiнің делегаты болып сайланады. 1991 жылы «Красный Казахстан» совхозының партия комитетінің босатылған хатшысы болып сайланады. 1991 жылдан бастап директордың орынбасары, ОРС басшысы болып қызмет iстедi. 1998 жылы Песчанка ауылында «Ленинское» ААҚ Президенті болып тағайындалды. 1999 жылдан бастап «СФ Песчанка» ЖШС директоры болды. 2004 жылы «Песчанское» ШҚ басшысы болды. 2005 жылдан бастап Новошульба ауылдық округінің әкімі. 2012 жылдың қаңтарынан аудандық мәслихаттың хатшысы. 2016 жылдың наурызында VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. VІ шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында бір ауыздан аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. «Нұр Отан»  партиясының мүшесі
Талғат Айтқазыұлы Оразаев -   V, VІ  шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының  № 8  Переменовка сайлау округі бойынша депутаты, 1980 жылы 16 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Семей қаласының Мемлекеттік қаржы институтына түскен. 1999 жылдан бастап Бородулиха ауылының «Раушан» ш/қ басшысының орынбасары болып ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеген. 2011 жылы жеті шаруа қожалықты біріктіретін «Раушан» ш/қ» ЖС басшысы болды. «Ауыл» партиясының мүшесі.
Динара Ажигумарқызы Салимова - № 7 Бақы сайлау округі бойынша V шақырылымның Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты, 1980 жылы 14 ақпанда Семей облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Ивановский орта мектебін бітіріп, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне түскен, 2001 жылы оны үздік бітіріп, еңбек жолын өзі оқыған мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, артынан тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып бастаған. 2009 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне екінші жоғарғы оқу орнына түсіп, сол жылы Ивановка орта мектебінің директоры болып тағайындалады. Бүгінгі таңда сол лауазымды атқаруда. Новодворовка ауылдық округінің «Нұр Отан» партиялық бөлімшесін басқарады. 2011 жылы жоғарғы партиялық мектепте білім алған. Аудандық саяси кеңестің мүшесі.
Умуд Муса-оғлы Эфендиев - ІV, V, VІ шақырылған  Бородулиха аудандық мәслихатының № 9 Бородулиха сайлау округі бойынша депутаты. 
1958 жылдың 14 қаңтарында Армян КСР Илмазлу ауылында дүниеге келген. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері. Бородулиха ауданының құрметті азаматы, адал еңбегі үшін У.М. Эфендиев Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының озаты төс белгісімен және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен, 2002 жылғы «Денсаулық жылының» қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен, Мемлекеттік комиссияның төрағасымен алғыс жарияланды. 1989-1994 жылдар аралығында Новошульба аудандық халықтық депутаттар кеңесінің депутаты болған,  2005-2007 жылдары № 10  Новошульба сайлау округінің депутаты. «Нұр Отан» партиясының  мүшесі.
Парақтар өзгертілді: 31-10-2018
Оқиғалар күнтізбесі
Мамыр 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019