КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Мобильдік ХҚКО

Мобильдік ХҚКО қолданылуда

Азаматтарға арналған үкімет былтыр 6 миллионнан аса электронды цифрлық қолтаңба берді

Биометрия жобасы шеңберінде 1,5 мың адам өз деректерін қалдырды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2018жылғы 12 желтоқсанда биометрия жобасын іске қосты. Бір ай ішінде деректер базасына тіркеліп, мәліметтерін қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жетті.
Үкімет үйінде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов: «Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы белсенді жүргізілуде. Бұл ретте, біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмін іске қостық. Биометрия – жеке мәліметтердің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге көмектесетін құрал», – деп атап өтті.
Биометрия жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет емес. Бұл үшін бет-бейне скан көшірмесі немесе саусақ іздерінің болуы жеткілікті. Бұл деректерді азаматтар Астана қаласының 3 және Алматы қаласының 1 халыққа қызмет көрсету орталығында қалдырып, мәліметтер базасына енгізе алады.
Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, биометрия өз бетінше алынатын қызметтер санының артуына, қызметтерді алу кезінде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Биометрия жобасының шеңберінде азаматтарға 52 мемлекеттік қызметтің көрсетілуі қарастырылуда. Олардың екеуі – мекенжай және жылжымайтын мүліктің болу/болмауы жөніндегі анықтамалар қазірдің өзінде қолжетімді.
Айта кетейік, биометрия базасықаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. Шетелдік тәжірибеде биометрия әдісін Ұлыбритания, Үндістан, Нидерланд королдігі ұтымды пайдалануда.
Бір ай бұрын Астана және Алматы қалаларында енгізілген биометрия пилоттық жобасы биыл қыркүйек айына дейін барлық облыстарда іске қосылады деп жоспарланған.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі
8-7172-95-51-54 (ішкі 109 )

pressa_nao@goscorp.kz

 

 

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылы еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетіп жатқан 152 фронт-офис қызметін трансформацияламақ.
Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.
«60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60 % жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде азаматтардың 2018 жылы өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн артып, 12 млн құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтыңүйретілуі де әсер еткен.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.     

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер реестрінде қамтылған 741 қызметтің 598-і қолжетімді.Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның ішінде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркістан облысында), 70 мобильдік ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлімшесі қамтамасыз етеді.  

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі
8-7172-95-51-54 (ішкі 109 )

pressa_nao@goscorp.kz

 

 

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік сала бойынша кеңес беретін 1411 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегін брондай алады.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретін онлайн қолдау қызметін құру жөніндегі әріптестік келісім ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетінің арасында 2015 жылы жасалған.
Онлайн қолдау қызметі құрылғалы бері барлық аймақтан2,4 мың өтініш келіп түскен. Қоңыраулардың дені Алматы, Атырау және Түркістан облыстарына тиесілі.
1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгілеп, кезекке тұрады. Медицина университетінің мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшін белгіленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психологиялық көмекті медицина университетінің психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсіби мамандары береді.
Психологтардың қызметіне жүгіну – балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметін төлей алмайтын және кәсіби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдімекендерде тұратын ата-аналар үшін жақсы мүмкіндік.

 

 

«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді қолайлы және сапалы көрсету үшін, шалғайдағы мекенжай тұрғындарына Шығыс-Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсетудің мобильдік орталықтарын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Бородулиха ауданына Мобильдік ХҚКО 2013 жылдың мамыр айының ортасында келеді.
Мобильдік ХҚКО бірінші азаматтарды 2013 жылдың 16 мамырында сағат 9.00-дан 11.00-ге дейін Новопокровка ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында, сағат 11.50-ден 13.50-ге дейін Петропавловка ауылдық округінің ғимаратында қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет алуға мұқтаж болған баршаңызды ХҚКО –М жұмыс кестесіне сәйкес халыққа қызмет көрсетудің мобильдік орталықтарына баруыңызды сұраймыз. ХҚКО –М жұмыс кестесі аудан әкімінің сайтында және бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланады.

 

ШҚО бойынша Мобильдік ХҚКО өз өрісін кеңейтуде

 

Мобильдік ХҚКО Шығыс Қазақстан облысы бойынша шалғай елді мекендерге қызмет көрсетуді аймағын кеңейтетін болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар 67 елді мекенге қызмет көрсетсе, енді ағымдағы жылдың 1 шілдеден бастап оған қоса 166 елді мекенге сапарға шығатын болады.

«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – аудандық орталықтарға барып қызмет алуға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерді алдағы уақытта толықтай қамтып, сапалы қызмет көрсету.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 наурызынан бастап Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастаған еді.
ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б.
Сондай – ақ Мобильдік ХҚКО сапараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдік ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдік ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек.
Анықтама: ШҚО бойынша Мобильді ХҚКО жыл басынан бері шалғай елді мекендерге 507 рет сапарға шығып, 10 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

А.М.Акимбаева, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бородулиха аудандық бөлімінің инспекторы

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

"ХҚКО" РМК ШҚО бойынша филиалы Бородулиха аудандық бөлімдерінің арналған Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесі

2018 жылдың 4 тоқсанына *.xls 212 KB
2017 жылдың 2 тоқсанына *.xls 51 KB
2017 жылдың 1 тоқсанына *.xls 49 KB
2016 жылдың 4 тоқсанына *.xls 47 KB
2016 жылдың 2 тоқсанына *.xls 47 KB
2015 жылдың 4 тоқсанына *.xls 34 KB
2015 жылдың 3 тоқсанына  
2015 жылдың 2 тоқсанына  
2015 жылдың 1 тоқсанына  
2014 жылдың 2 тоқсанына  
2014 жылдың 1 тоқсанына  
2013 жылдың 4 тоқсанына  
2013 жылдың 2 тоқсанына  
     

 

Парақтар өзгертілді: 13-02-2019
Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019