ЖАҢАЛЫҚТАР
2010 жылдың 29 қаңтарында Бородулиха ауданының тұрғындары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың...
2010 жылдың 29 қаңтарында Бородулиха ауданының тұрғындары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауының тікелей транслициясын қарады. 2010 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Президентінің жылсайынғы жолдауына орай арнайы газет шығарылымы басылды. Аталған газет санында Жолдаудың мәтіні мен халықтың пікірлері жарияланған.
Аудан тұрғындары Жолдауда «Балапан» бағдарламасына сәйкес ауылдарда шағын орталықтар құру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру мәселелеріне үлкен назар аударылғанын белгіледі. 50% дәрі-дәрімектің елімізде шығарылатындығы, демек бағаның да төмендейтіндігі қуантарлықтай хабар болды. Әрбір қазақстандық ден саулығының нығайуына мүмкіндік алады, спорт инфрақұрылымы мен бқұқаралық спорттың дамуына үлкен қаражат бөлінеді.
«Жол картасы» бағдарламасы жалғасын тауып, өткен жылдағыдай әр қала, аудан және ауылда үлкен өзгерістер болады, жаңа жұмыс орындары құрылады. «Біз ауыл тұрғындарымыз, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 2014 жылы 2 есе арттыру ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеу, халықтың азық-түліктік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерінің маңызын жақсы түсінеміз»
«Біз, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берік және гүлденген Қазақстанның құрылуына бағыт алған жұмыстарын қолдап, бөлісеміз» - дейді Бородулихалық жігерлі әлеумет.
|