КАЗ    РУС
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БЕЛМЕСIMЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ
На главную

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Уба-Форпост ауылдық округінде жиын

 

29 қаңтар күні ауданымыздың ең шалғай жатқан ауылдарының бірі - Уба-Форпост ауылдық округінде аудан әкімінің есеп беру жиналысы өтті. Күннің аязды болуына қарамастан аудан әкімі және мекеме басшыларымен кездесуге халық мектептің акт залына жиналды. Аудан әкімі Т.Б.Қасымовтың есебі басқа да округтердегідей негізгі көрсеткіштері, салыстырмалы диаграммалары бейнеленген слайдфильмдерімнің көмегімен өтті. Есеп аяқталысымен тұрғындар мен атқарушы билік өкілдерінің арасында әңгіме өрбіді.  Округтің басты мәселесі мектепті сақтап қалу болды.

Жиналыста сол сияқты ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге субсидиялар берудің жаңа талаптары туралы айтылды. Шаруа қожалықтарының бірігуі мәселесі тағы да қозғалды, себебі жаңа технологияларды ендіруде қаражаттың керектігі, ұсақ шаруа қожалықтарымен банктердің жұмыс жүргізгісі кейлмейтіндігі айтылды.
Жиын соңында барлығы бір мәмілеге келіп, проблемалық мәселелерді клісіммен шешу керектігі, ауданда барлығы адамдар үшін жасалып жатқандығы айтылды. Сондықтан ертенгі күнді бүгінгіден жақсы етуде көбірек талаптанудың қажеттігі айтылды.

Жиналысқа облыс әкімінің өкілі, облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы А.А.Аубакиров, аудандық маслихат хатшысы Б.К.Аргумбаев, аудан әкімінің орынбасарлары А.А.Нұрғожин, Д.А.Гариков, ауданның дербес бөлімдері мен мекеме бастықтары қатысты. 

 

Құрметті Бородулиха ауданының электронды әкімшілік порталына кірушілер!

Бородулиха ауданының сайтына қош келіпсіздер.
Подробнее...

 

 


 

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

 

 

Сайттың әкімшісі: Гүлжан Серікбаева
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail:GSerikbaeva@boroduliha.vko.gov.kz,
akimatboroduliha@yandex.ru


Copyright © 2008-2010