ЖАҢАЛЫҚТАР
Бородулиха ауданында 2010 жылғы 29 қаңтардағы Ел басының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткізілетін іс-шаралар
Бородулиха ауданында ішкі саясат бөлімінің құрастырып бекітілген жоспарында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, насихаттау жұмыстарына бағытталған іс-шаралар тарауы бар. Бородулиха ауданында 14 аудандық (46 адам) және 33 ауылдық (161 адам) ақпаратты-насихаттау тобы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жастардың АНТ құру жұмыстары жүргізілуде. 2010 жылда еңбек ұжымдары мен тұрғындарды жедел ақпараттандыру мақсатында саяси ақпараттандырушылар желісін құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұдан басқа, тоқсан сайын аудандық АНТ мүшелерімен халық арасында мемлекеттік саясатты насихаттауға арналған материалдар таратылып, әдістемелік нұсқаулар берілетін оқыту семинар-кеңестерін өткізу жоспарлануда. Сол сияқты жас насихаттаушылар мен саяси ақпараттандырушыларды, ауылдық насихаттаушылар мүшелерін оқыту үшін ауылдық округтарда мамандарды қатыстырып аумақтық семинарлар өткізу жоспарлануда.
Аудандық «Аудан тынысы», «Пульс района» газеттерінде арнайы «Президент Жолдауы» айдары ашылған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылдың 29 қаңтарында жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа жолдауы бойынша 2010 жылдың 8 ақпанына дейін аудан аумағында 2 банер орнатылған. Бұдан басқа, аудан әкімінің 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Президент Жолдауын Бородулиха ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарына, кенттік ауылдық округтарға түсіндіруде ақпаратты-насихаттау топтарының шығу кестесі бекітілген.
|