КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 


 

 

 

 


Новопокровка ауылдық округінде қарт адамдарға құрмет көрсетілді

Новопокровка ауылдық округінде қарттар күніне аға буын өкілдерін құттықтау өтті. 2017 жылғы 4 қазанда «Батима» кешенінде мерекелік дастархан басында ең құрметті және ілтипатқа лайықты жүректері жас қарт адамдар жиналды. Осы күні біз аға буынға олардың еңбек сүйгіштігі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін, олардың елді көтеруге берген жылдары үшін өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз.

Салтанатты бөлімді мәдениет қызметкерлері –ауылдық клуб меңгерушісі мен кітапханашы ашып, құттықтау үшін сөзді ауылдық округ әкімі Бельская И.Ю. ұсынды. Индира Юрьевна барлық қонақтарды мерекемен құттықтап, әрбір отбасына денсаулық пен амандық тіледі. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлергекөп жылдық адал еңбектері үшін, мемлекеттің дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс сөздерін айтамыз.Сіздердің республиканың өткені мен болашағын байланыстыратын, ұрпақтар арасындағыберік дәнекерлерді сақтайтын ақылдылығыңыз бен даналығыңыз, тәжірибеңіз бен шеберлігіңіз өте бағалы. Біздің бүгінгі борышымыз – сіздерге қолдау көрсетіп, лайықты демалысты қамтамасыз ету. Өзіміздің сіздердің алдыныздағы жауапкершілігімізді сезіне отырып, біз сіздердің өміріңізді қамқорлық, жылулық пен адамшылық қарым-қатынасқа толы етуге тырысамыз.

Содан кейін құттықтау сөздері аудандық мәслихат депутаты Ковязин Ю.Г. және жергілікті қауымдастық төрағасы Айтуганов Б.А. берілді. Олар мықты денсаулық, отбасылық бақыт, немерелері мен шөберелерінің тек қуанта беруін тіледі.

Концерттік бағдарламаны әнмен және «Сыған серенадасы» сахна көрінісімен «Ажар» қазақансамблі ашты. «Славянка» этно-мәдени бірлестігі«Любви все возрасты покорны» әзіл-оспақ көрінісімен және «Эх, гармошечка, играй!», «Бабье лето» әндерімен сахнаға шықты. Содан соң қонақтарды «Қара жорға» және «Жаяу» билерімен ауылдық клубтың «Айгөлек» және «Workdance» би топтары қуантты. «Ляйсан» этно-мәденибірлестігі татар тілінде көңілді, сондай-ақ жалынды «Эх, алмагачлар» және «Кобелек» әндерін орындады.

Содан кейін қонақтарды қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.М.Романов пен аналар кеңесінің төрайымы М.К.Жаймухамедова құттықтап, аға буынға ризашылық пен құрмет білдірді. Өздерінің балаларын, ал қазір немерелері мен шөберелерін де адамшершілікпен тәрбиелеп келе жатқандардың барлығына денсаулық пен ұзақ өмір жасын тіледі.

«Батима» кешенінің қызметкерлері дайындаған бір шыны ыстық шәй мен дәмді ас үстінде біздің қонақтар тұрмыстағы күндері туралы әңгімелесіп, жақсы көңіл күйде өздерінің жаңалықтарымен бөлісті. Әсерлі би әуенін қосқанда, барлығы билей жөнелді. Мұнда біздің қонақтар әрине өздерінің жалындығы мен дарындықтарын көрсетті.

Мерекелік бағдарламаны қорытындылай келе, округ әкімі И.Ю.Бельская «Натали»ш/қ басшысы А.Н.Кривневке мерекелік дәм татуға демеушілік көмегі үшін алғыс сөздерін айтты, сондай-ақ мәдени көңіл көтеретін бөлімді ұйымдастыруға көмек көрсеткендердің барлығына алғыс білдірді, «Батима» кешенінің қызметкерлеріне «Сулешева Н.Н.» ЖК дастарханды дайындап, жайғандары үшін рахмет айтты. Округ кәсіпкерлері С.В.Садыковқа, В.В.Лубинскийге, Д.Ж.Ибатуллинге, Д.Д.Толебаевқасыйлықтарды ұйымдастыруға белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді. Бұл өз өнімдеріміз - халуа, бал, тоқаш пен орамжапырақ. Осындай сыйлықтармен округ әкімі аппаратының мамандары осы күні денсаулық жағдайына байланысты іс-шараға қатысуға мүмкіндіктері болмағандарды үйлерінде құттықтады.

Мейрамға келген қонақтардың қуанышқа толы, игі жүздері сүйсіндірді.

 

Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2017