КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 


 

 

 

 


«Тағы да жүректегі жылулық….»

Күздің күнтізбелігінде өзгеше бір күн бар, жүректер терең сезімге толып, ерекше алғыс айтқың келетін, үлкен адамдарға қайырымдылық пен   ілтипаттық сезімді білдіретін күн - ол Халықаралық қарттар күні. Осы жарық өмірлеріне риза  адамдарға кәрі деп айтуға аузың бармайды, қандай жағдайда өздерінің жастарына қарамай олар бізге, дүниеге сеніммен қарауды және әр күнде  жақсылыққа жетуге талпынуға күш береді. Осы ізгі де жарық күнде Переменовка ауылдық округінде, «Пана» кафесінде, біздің құрметті ардагерлерімізге арнап мол дастархан жайылып, мерекелік кеш өтті. Кештің сәнін Переменовка орта мен Андроновка бастауыш мектебінің оқушылары ата-әжелеріне арналған  ән-күйімен, әсерлі билерімен кешті қыздыра түсті.

Құттықтау сөзді Переменовка ауылдық округ әкімі Б.Р.Садыкова шын жүректен зор денсаулық, көңілдеріне жылулық, қуаныш және ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қоса өзінің тілегін ауылымыздың ақсақалдар төрағасы О.Д.Баимбетов, әйелдер төреайымы Т.Б.Иваненко, «Пана»  кафесінің иесі Н.Д.Изгутинова, ауылымыздың құрметті азаматшасы У.Ж.Тұрлұбекованың атынан кітапханашы А.Т.Тұрлұбекова қарттарға ізгі тілектерін білдірді.  Мерекелеріңізбен, өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!

Осы мерекені ұйымдастыруға  демеуші болған округіміздің кәсіпкерлері: Т.А.Оразаев  «Раушан» ш/қ,К.А.Галиев «Луговое» ш/қ, В.В.Николенко «Тындык»ш/қ, Ю.И.Руденко, Б.Е.Жанакасов «Аргын-2» ЖШС және Н.Д.Изгутинова «Садык» ЖК  наубайханасына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

Переменовка ауылдық округі

Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2017