КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 


 

 

 

 


"Рухани келісім - бірлікке бастар жол"

"Барлық адамдарды өзіне ұқсас жасауға ұмтылуға болмайды, бірақ олармен үйлесімділікте болуға үйрену қажет "        

Л. М. Гумилев

Рухани келісім күні - ұлттық мереке, ол 1992 жылдан басталды,  Дүниежүзілік рухани келісім конгрессінің бірінші сессиясында манифест қабылданып, бұл күнді жанжалдар мен қақтығыстарға  мораторий күні, татуластық іздеу, қайырымдылық пен жақынына көмек күні қылды.  "Шелехово орта мектебі" КММ Рухани келісім күніне тарих пәнінің мұғалімі Г.Ж.Алимбакирова дөңгелек үстел ұйымдастырды, оған мектеп ұжымы, ауылдық әкімдіктің мамандары, округтің қоғамдық кеңесі, сонымен қатар оқушылар қатысты. "Қазақстан Республикасының рухани сәулет ескерткіштері" тақырыбына презентация жасап, Гульшаман  Жұматайқызы адам рухани тәрбиені туған күнінен бастап, өзің туып өскен, кейде өмір бойы тұрған шағын отанынан алатынын атап өтті.  Сен қандай дінге сенсеңде, туған жерге, оның мәдениеті мен сал-дәстүріне ерекше нәзіктілікпен қарау керек. Біз ортақ үйде, бір шаңырақтың астында тұрамыз - бұл Қазақстан Республикасы.  

"Рухани келісім - бірлікке бастар жол"- осындай атаумен бас маман Р.Д.Жилбаева және ұстаз Г.А.Раимханова оқушылар және мектеп ұжымымен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты - "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау және ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қолдау,  рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу және барлық діндер мен конфессияларға құрметпен қарау еді. "Дінді құрметтеу! Ұрыс-керіссіз айырмашылықтар үшін! Қайырымдылық үшін!"- бұл қағидаттар Рухани Келісім Конгрессінің және сонда құрылған Халықаралық қоғамдық қорының жұмысы үшін негізге алынды.   Біздің Қазақстан Республикасы, міне, 25 жыл бойы ұлтаралық бейбітшілікті сақтаудың үлгісі болып табылады. Іс-шараны өткізу барысында жастарды рухани – адамгершілік тәрбиелеу мәселелері бойынша қызықты пікір алмасу болды.

Әңгіме соңында жастарға көңіл бөлінді, бүлдіргіш діни ағымдардың әсеріне тап болмау үшін, рухани өзін-өзі дамыту бағыттарын таңдауда абай болу керектігі айтылды. Өйткені халықтар арасындағы достық пен келісім сияқты құндылықтар негізгі басымдықтар болуы тиіс. Сонда жас адамдарға жаңа білім алу және өзін кәсіптікте табу  оңайға түседі.                                             

Степной ауылдық округі

Оқиғалар күнтізбесі
Қараша 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Закиева Дана Қайратқызы
Телефон 8(72351)2-15-37
E-mail: G.Serikbaeva@akimvko.gov.kz ,
D.Zakieva@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2017