КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

24 сәуірде Бородулиха аудандық Әділет басқармасының жеке сот орындаушылар бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, азаматтарға тегін білікті заңгерлік көмек көрсету болып табылады.
Акция барысында тұрғындардың өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша құқықтық көмектер көрсетілді, атап айтқанда, алимент берешегін анықтау және алимент өндіру, мүлікті бөлу туралы шартын куәландыру, құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділері, құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі мен мерзімі, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу және онлайн тіркеу тәртiбі туралы сұрақтарға мамандармен толыққанды жауаптар берілді.
Әділет басқармасының бас маманы Асем Тургумбаева зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық аспектілеріне тоқталды, аталған саладағы заңнаманы жетілдіру мәселесін қозғап, зияткерлік меншік жүйесін дамытудың мәселелері мен болашағы туралы айтты.
Кездесу барысында заң шеңберінде адвокаттық қызметпен заң консультанттары туралы түсіндіріліп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

ШҚО Әділетдепартаментініңбаспасөзқызметі

Оқиғалар күнтізбесі
Тамыз 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019