КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Менің туған өлкем!

Еркін ұлы ұлттар,

түрлі тілдер Республикасы,  

мұнда халықтардың

салт-дәстүрлерін бағалайды.

Қазақстан халқының Бірлігі күні

2019 жылы 1 мамыр күні Новошульба ауылдық округінде «Қазақстан Халқының Бірлігі Күнін» атап өтті. Бұл достық, түсіністік және ұлтаралық келісім күні.

Мәдениет үйінің және кітапхана қызметкерлерімен Новошульба мәдениет үйінің фойесі мерекеге сай безендірілді, мерекеге округ аумағында тұратын этнос өкілдері жиналды.  Жүргізушілер – Комаров атындағы мектепте оқитын Санжар Хусаинов  10 «А» сынып оқушысы және Альмира Жұмағазықызы 11 «К» сынып оқушысы «Қазақстан Халқының Бірлігі Күніне» арналған, «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұлттық тағам фестивалін ашты. 

Барлық қатысушыларды Бородулиха ауданының әкімі О.А.Булавкина құттықтады.

Округ мекемелерімен ұлттық тағамдар және салт-дәстүрлер ұсынылды. Новошульба облыстық Балалар үйі қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсынды. Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен халық этностары бейнеленген «Бостандық қанаттары» атты панно ресімделді, сондай-ақ біздің құрметті комиссияға  осы көркем суретті толықтыру ұсынылды. Новошульба дәрігерлік амбулаториясы орыс халқының ұлттық тағамдарын ұсынды, аурухана қызметшілерімен «Иван-Купала» мерекесінің салт-дәстүрі көрсетілді. «Қазпошта» АҚ қызметшілері ұлттық тағамдар туралы әңгіме айтып, украин халқының ұлттық тағамдарын ұсынды. «Алекс» ШҚ «Көктеммен кездесу» атты көңілді бимен Беларус халқының тағамдарын ұсынды. Сонымен қатар «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ өзбек халқының тағамдары дайындалып, ұсынылды. Ан отбасы корей халқының ұлттық тағамдарын ұсынды. Пролетарка орта мектебінің ұжымы қонақтарды әсерлі грузин биімен қарсы алып, грузин халқының ұлттық тағамын ұсынды. Новошульба ауылының Комаров атындағы орта мектебі «Имя наречение» атты татар халқының салтын көрсетіп, «Туган як» әнімен татар халқының тағамдарын ұсынды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара мәдениет үйінің әртістері және Новошульба орта мектебінің оқушылары қатысқан мерекелік концертпен жалғасын тапты. 

Әлеуметтік қызметшілер К.С.Искакова, Е.Шлейхман қазанда дәмді, хош иісті палау пісіріп, тілек білдірушілерге ұсынды.

«Алекс» ШҚ басшысы А.А.Подкорытов, жеке кәсіпкерлер Дейкун,    Рузанкова демеушілік көмек көрсетті.

Мерекелік іс-шарамен қатар ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, келесі өнімдер ұсынылды: «Ремонтник» ЖШС (директоры С.В.Шеховцов)  -   арпа жармасы, қарақұмық, Шемонаиха қ. «Медведева» ЖК  - тәтті мақта, балалардың ойыншықтары, ЖК Еременко Г. - «Алефтина» дүкенінен өнімдерінің түр-түрін, сонымен қатар сиыр етін, «Курбатов» ШҚ - өсімдік майын, Семей қаласының «Океан рыба» ЖШС балықтың түр-түрін ұсынды,      М. Қасымханова– әр түрлі бауырсақтар,  В.Н.Влеско– қолдан жасалған себеттер ұсынды.  

Мәдениет үйінің алаңында мерекеге арналып жаңа сахна салынды. Демеушісі - «Раушан» ШҚ басшысы Т.А.Оразаев.   

Стадионда футбол бойынша турнир өтті, турнирге келесі командалар белсене қатысты: Облыстық Новошульба Балалар үйінің командасы,  Өрт сөндіру бөлімшесінің командасы, Песчанка ауылының құрама командасы және Новошульба ауылдық округінің жастарынан құрама командасы. Өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша Облыстық Новошульба Балалар үйінің командасы жеңіске ие болды, екінші орында Өрт сөндіру бөлімшесінің командасы, үшінші орында Новошульба ауылдық округінің жастарының құрама командасы, төртінші орынға Песчанка ауылының құрама командасы ие болды. Жеңіске ие болған командаға кубок, медальдар, грамота табыс етілді, басқа командалар да ескерісіз қалған жоқ, оларға да медальдар, грамоталар және ақшалай сыйлықтар берілді.   

Іс-шараның демеушісі жеке кәсіпкер А.М.Карибжанов болды.

Мерекелік іс-шараның соңында Андрей Лягин музыкалық нөмірді орындады.  

Округ тұрғындары және қонақтар көп оң әсер алып, керемет көңіл-күйде қайтты. 

Оқиғалар күнтізбесі
Мамыр 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019