КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің  біртұтастығын және  егемендігін бейнелейтін, кез келген мемлекеттің ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік әнұран - Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері болып табылады.

2019 жылдың 4 маусымы күні Новошульба ауылының Мәдениет үйінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу өтті.  Алаңда Комаров атындағы орта мектебінің оқушылары, «Новошульба облыстық балалар үйі» КММ тәрбиеленушілері және ауылдық округ мекемелерінің өкілдері жиналды.

Мемлекеттік рәміздермен ауылдың негізгі көшелері бойынша автосайыс өткізу үшін әрбір мекемеден автомобильдер бөлінді.

Алаңда Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.  Барлық іс-шараға қатысушыларды Новошульба ауылдық округінің әкімі К.Қ.Карымова құттықтап, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – біздің еліміздің әрбір азаматының ізгі борышы екендігін атап өтті.   Кітапханашылар Е.В.Баднер және М.В.Лобова  ҚР мемлекеттік рәміздері туралы әдебиет көрмесін ұйымдастырды.

Осындай іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды, ол ауылдық округ тұрғындары және өскелең ұрпақ арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеуге ықпал етеді.

Новошульба ауылдық округі

Оқиғалар күнтізбесі
Тамыз 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019