КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтамыз!

2019 жылдың 4 маусымында «ШҚО Бородулиха ауданының  Құнарлы ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ - де, «ПесчанкаОМ» КММ - де, «2-Пятилетка орта мектебі» КММ - де және Песчанка ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің саяси және адамгершілік құндылықтарын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Күн барлық ұйымдарда Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауымен басталды.

«Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ауылдық кітапханада  мемлекеттік символдарға арналған көрме және фильм көрсетілімімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«2- Пятилетка орта мектебі» КММ-нің  директоры А.Ж.Рескенова барлық қонақтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді біліп, құрметтеуге және  мемлекетіміздің патриоты болуға тиіс екенін атап өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Қ.О.Калиева  қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңмен таныстырды, сондай-ақ геральдика туралы түсініктеме беріп, мемлекеттік рәміздерді орналастыру ережелерімен таныстырды.

«Балдәурен» балалар лагеріне баратын балалар үшін, оқытушы Қ.Қалиева, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» фильмін көруді  ұйымдастырды. Соңында «Сіз біздің мемлекетіміздің рәміздерін білесіз бе?»  атты викторина  өткізді. Балалар белсенді түрде қатысып, мемлекеттік рәміздерді жақсы білетіндіктерін көрсетіп,  ең жақсы жауаптар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Оқиғалар күнтізбесі
Желтоқсан 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019