КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 


Новошульба ауылдық округінде Мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесі және WorkOut алаңының ашылу рәсімі өтті.

Ата-аналары, апалары және аталарымен ілесіп көп балалар мерекеге келді. Мерекені жүргізушілер, Комаров атындағы орта мектептің мұғалімдері Бағжан Тұрсынханова және Мадина Шаукенова ашты. 

Балалар мен ересектерді осы тамаша балалар мерекесімен ауылдық округ әкімі К.Карымова құттықтады.

Балалардың үлкен қуанышына қарай, олардың көңіл-күйін клоундар Клепа, Кнопа және Шапокляк әжей көтерді (Комаров атындағы орта мектептің оқушылары Камилла Молчанова, Альмира Жұмағазықызы, Әдлет Шалқар),  олармен балалар үшін көрініс көрсетілді, музыкалық жетекші Андрей Лягиннің басшылығымен Комаров атындағы орта мектептің оқушылары Настя Арашина, Айгерим Ибрайханова, Томирис Саубен, Святослав Боровиков, Ксения Чмырева, Валерия Фитисованың орындалуында  балалардың әндері орындалды. 

 Балалар викторина, ойындар, жұмбақтар, би, асфальтта сурет салу сайысына қатысып белсене қатысып, барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Мерекенің соңында барлық балалар үшін тәтті дастархан жайылды: кәмпиттер, балмұздақтар, сусын-шырындар және басқа да тәтті тағамдар,  демеуші болған ауылдық округтің кәсіпкерлері ЖК Боровикова Е.И., ЖК Решке Н.С., ЖК Крейк Ю. Н., ЖК Коновалова, ЖК Прасолова Т.В., ЖК Пфаненштиль Н.Г., ЖК Шайдинов М.Ш., ЖК Рауш И.Г.  Шемонаиха қаласынан ЖК «Медведева» шақыртылып, тәтті мақта мен балалардың ойыншықтары сатылды.

Мәдениет үйінің, кітапхананың және әкімдіктің қызметкерлерімен алаң көркем безендіріліп, мерекеге дайындалу жүргізілді.

Мекреке аяқталды, бірақ барлық балалар WorkOut алаңында ойнап жүрді.

Мәдениет үйінің директоры Е.В.Баднер

Оқиғалар күнтізбесі
Маусым 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019