КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Жетім қалған 30 - дан астам бала қамқоршылыққа алынды

2019 жылдың бес айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 30-ға жуық қызмет көрсетілді. 

Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу – жетім және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүліктік құқықтардың болуымен өзгешеленетін бала алу формасы. Еліміздің заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетім не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.  

Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінің біріне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

-         Өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат;

-         Некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

-         Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;

-         Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) табысы туралы анықтамасы;

-         Қамқорлыққа алушының (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттарының көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);

-         Баланың ата-анасыз қалғанын растайтын құжаттары;

-         Қамқорлықа алынатын баланың келісімі (10 жасқа толған болса).

Айта кетейік, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтін азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.

Соңғы жылдары жетім не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткішінің оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 63 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 221 қызмет рәсімделген.

Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019