КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


ШҚО Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы

19 шілдеде Бородулиха ауданында Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.  Кеңес отырысының жұмысына Бородулиха ауданының әкімі О. А. Булавкина, ШҚО тұрақты даму және өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша жұмыс сараптамалық тобының жетекшісі Н. Сафонова,  ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс сараптамалық тобының жетекшісі Кузовлева О. Г, ШҚО Қоғамдық кеңесінің экология мәселелері бойынша жұмыс сараптамалық тобының мүшесі Полянцева Е. М, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері, Бородулиха ауданының қоғамдық кеңесі жанындағы сараптау комиссиясының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Қонақтарға сөз бере отырып,отырысты Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы У. Т. Майжанов ашты. ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшелері тұрғындарды аумақты басқаруға тарту арқылы, экология және мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сараптамалық топтардың жұмыс мысалында облыс деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда өз тәжірибелерімен бөлісті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға, білім беру мекемелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, аудан мектептерін IT-сыныптармен жабдықтау және мектеп асханаларын жаңғырту бойынша Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі В. М. Ежованың 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысы туралы және білім беру басшысы Н. Көкшебаеваның есебі тыңдалды. Отырыс соңында У. Т. Майжанов пен О. А. Булавкина қонақтарға мазмұнды баяндамалары үшін алғысын білдіріп, бүгінгі күні қозғалған тақырыптар мен айтылған ұсыныстар Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралатынын атап өтті.

Оқиғалар күнтізбесі
Қыркүйек 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019