КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданды. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық біріңғай тестілеу(ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификаттарының балдарына сәйкес жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

Біріңші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

Екінші кезеңде медициналық және психофизиологияқ көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау  мақсатында жүргізіеді.

Үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген Нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады.

 «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» , «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктері бар және Институт қабылдау комиссиясына растайтын құжаттарын тапсырған талапкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтан босатылады.

Төртінші кезеңде қабыладау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.

Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық біріңғай және кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

Курсанттар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде басым құқыққа мыналар ие:

1)      «Алтын белгі» белгісімен марапатталған  тұлғалар;

2)      Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;

3)      Жеңімпаздар:

– жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелә дипломдармен марапатталған);

- республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелә дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;

- ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздар.

ҰБТ және КТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқуға қабылдануға басым құқыққа ие:

- жетім балалармен мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар тұлғалар.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары оқуға түсетін талаптар бойынша белгіленген шектеу балын алған жағдайда Институтқа сайыстан тыс қабылданады.

МАМАНДЫҚТАР:

                  «5В100100- Өрт қәуіпсіздігі»

                  «5В103100- Төтенше жағдайларда қорғау»

«5В103200- Азаматтық қорғаныстың командалық – тактикалық күштер»

ИНСТИТУТТА ОҚУ ШАРТТАРЫ:

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады.

Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және келесі мөлшерде 1-2 курс 5061 теңге, 3-4 курс -8760 теңге мемлекеттік шәкірақымен қамтамасыз етіледі.

Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары қазармалық жағдайда, төртінші курс- Көкшетау қаласында еркін тұрады.

Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

ИНСТИТУТ МЕКЕН- ЖАЙЫ:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау к. , Ақан сері к- сі, 136.

Факс (87162)25-14-96, қабылдау бөлімі: 25-52-49, кадр жұмысы бөлімі: 25-04-01, кезекші бөлімшесі: 25-13-36,25-48,52.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда мына мекен- жайға хабарласа аласыздар: ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы Ф.Середина көшесі 5 ТЖБ, ӨСБ-21

тел: 2-13-13, 2-19-39 101.

Бородулиха ауданының ТЖБ

Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019