КАЗ    РУС    ENG
ВИРТУАЛЬДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСI ӘКІМНІҢ БЛОГЫ НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА МОБИЛЬДІ НҰСҚА Баспа үшін нұсқа
На главную

 

 

 

 

 

 


Қарттар күнін мерекелеу құрметіне!

Қазан айының бірінші күні бүкіл әлемде Халықаралық Қарттар күнін мерекелейді. Бұл күні біз аға ұрпаққа, аталарымыз және әжелерімізге ерекше назар бөлеміз, өйткені бұл күн - мейірім мен құрмет күні.

Жыл сайын ешкімді назардан тыс қалдырмай, "Қарттар күніне" арналған мерекелік іс-шараларды өткізу, Красный Яр ауылдық округінде жақсы дәстүрге айналды. Осындай іс-шаралардың бірі Красный Яр ауылында өтті, музыка ойнап, мерекелі дастархан жайылды, Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты Сергей Николаевич Быков және оның жұбайы Тамара Александровнаның шақыруы бойынша банкет залында әдемі киінген және тамаша көңіл күймен қонақтар жиналды. Сергей Николаевич 100 зейнеткерге 5 мың теңгеден, жалпы сомасы 500 мың теңгеге ақшалай конверттер табыс етті. Концерттік бағдарламаны ауылдық кітапхана меңгерушісі Н.А.Леонтьева және ауылдық клубтың мәдени-ұйымдастырушысы А.О.Сержанова әзірледі. Концерттік бағдарламаға Красный Яр орта мектебінің 2 сынып оқушылары және «Надежда» вокалдық тобы қатысты. Ауылдық округ әкімі Лязат Мұхамеджанқызы барлық қонақтарды мерекемен құттықтап, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ көп еңбек етіп, қазір зейнеткерлік демалыстағы зейнеткерлер атына көптеген жылы лебіздер мен игі тілектер айтты. Осы қуанышты және ерекше күні жеңілдік, бақыт және сәттілік тілей отырып, 2019 жылы зейнеттік жасқа толған жеті зейнеткерді құттықтады. Мерекелік іс-шараның соңында Тамара Александровна 7 жаңадан болған зейнеткерлерге және ағымдағы жылы мерейтойлары болған 21 зейнеткерге естелік сыйлықтар табыс етті. Қонақтар көңілді күйде үйлеріне қайтты. Быковтар отбасына жан жомарттығы үшін,  үлкендерді құрметтеу және мейірімділік көрсету білуі үшін алғыс айтып,  оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, бейбіт және анық, ашық аспан тілейміз. Қайырымдылық, мейірімділік, сыйластық пен бауырмалдық – бұл адамды адам қылатын жасампаз сезімдер.

Қазіргі уақытта жастардың есіне салғым келеді, адам өмірінің  шынайы мақсаты -  әлемді жақсы ететін игі істерде. Қарттардың біз үшін жасаған жақсылығы үшін оларға риза болайық. Барлық айтылған құттықтаулар жүректеріңізді күн нұрындай жылытсын. Мерекелеріңізбен, бар жақсылықты тілеймін.   

Красный Яр ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрайымы К.М.Вахитова

Оқиғалар күнтізбесі
Қазан 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100 новых лиц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика

070400, ШҚО Бородулиха ауданы
Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі, 69
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (723-51) 2-13-31,
факс: 8 (723-51) 2-10-31

Сайттың әкімшісі: Кусманов Нияз Рафикович
Телефон 8(72351) 2-10-01
E-mail: n.kusmanov@akimvko.gov.kz ,
Borodulikha@akimvko.gov.kz


Copyright © 2008-2019